Мен өзім туралы

Мен өзім туралы

1. Өзің жайлы қысқаша мәлімет.

Менің аты-жөнім, құжат бойынша Джуганисова Айнара Қалыбекқызы, Байжан — туған атамның есімі. 1991 жылдың 16 тамызында Арал қаласында мұғалімдердің отбасында дүниеге келгенмін. Мамам мен папамның үш қызының екіншісімін.

1997 жылы №220 қазақ орта мектебіне барып, 2008 жылы аяқтадым. Аттестатымда екі "төрт" деген баға бар. Қалғандары "бес". Мектепте "үздіктер тақтасында" ілініп тұратын оқушылардың бірі болдым.

2008 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тарих факультетіне оқуға түскенмін, қазір сол жерді бітіремін деп, диплом жұмысын жазып жатырмын. Тақырыбым: Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі халықаралық қарым-қатынастар...:)

Мінезім... Тәәәк, мінезімді қасымдағы адамдар жақсы деп айтады. Өте редко, но метко ашуланамын. Мені ашуландырған адам үйін таппай қалуы мүмкін... Сондықтан, мінезім "фонтан" емес.

Қазір "Өнеге" деп аталатын журналда жұмыс істеймін. Жұмысым мен әріптестерімді сүйемін, сенбі-жексенбі күндері қатты сағынатынымды осы сәтті пайдаланып, айтып қалайын...:)

2. Хоббиің не?

Хоббиім — тамақ пісіру және интернет. Интернеттен оқимын, көремін, жаттаймын, үлгі аламын. Бір сөзбен бос уақытымның көп бөлігін компьютер алдында өткіземін. Кейде үйдің алдынағы әткеншеккке барып, қатты "кәсеніп" келемін. Кейінгі кездері осыдан ләззат алып жүрмін.

3. Қай елге саяхат жасағың келеді?

Көп елге. Үндістанға қатты барғым келеді.

4. Егер де осы өмірге келеріңде саған таңдау жасалса, кім* болып келер едің?

Адам болып келер едім. Бірақ, ер адам... (оларды түсінгім келеді...)

5. Өмірлік ұстанымың немесе жиі қолданатын нақыл сөзің?

"Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің"... Яғни қандай жағдайға тап болсам да, осыны көру басыма жазылған, бәрібір қашып кете алмаймын деймін де, көнемін. Бәрі уақытша...

6. Алғаш рет кіммен, қайда сүйіскенің есінде ме?

Есімнен кетпейді деп ойлаймын...:)

Мен өзім туралы7. Кімді жақсы көресің (жігіт пен қыздарға қатысты)?

Жақсы көремін! Кімді екенін айтуға ұяламын!

8. Сүйікті әншің, әртісің, саясаткерің (былайша айтқанда кумирің) кім, неге ол адам?

Әншім — Қарақат, актриса — Анжелина Джоли, актер — Берік Айтжанов, саясаткер — Нұрсұлтан Назарбаев! Кумирім де Назарбаев!

9. Сүйікті спорт түрі?

Спортпен айналыспаймын. Би шығар сүйікті спорт түрі. Футбол көрмесем де, командаларды және қай лига чемпионда ойнайтындардан хабардар болып жүрмін.

10. Сүйікті кино? Неге дәл осы кино?

"Спеши любить". Тап-таза махаббат көрсетіледі. Жақында "Краткий курс счастливой жизни" деген орыс сериалын қарағанмын. Қайталап көргім келіп жүр. Бүгінгі шынайы өмір көрсетіледі. Адамдар неге жақын жандарына опасыздық жасайды деген сұраққа жауап алуға болады. 11 сериядан тұрады.

11. Үйде кім басшы (болу керек деп ойлайсың)?

Әрине отағасы! "Әйел басқарған көш оңбайды ешқашан" :)

12. Үйде ақшаны кім ұстауы тиіс?

Әйел шығар. Ер адам қаржыландырады, ал әйел пайдаға асырады. Өйткені, дүкенге барып, керек-жарақ алатын әйел ғой. Менің түсінігім бойынша осылай. Өзімнің туып-өскен үйімдегі саясат осындай болатын!

13. Қазақстандық әр отбасында қанша баладан болу керек деп есептейсің?

4-6 баладан болу керек. Өзім "көпбалалы ана" атанғым келеді...

Сіз алтын балық ұстап алып, балық сізге «Ал, айта бер, үш тілегіңізді орындаймын» деп тұрса, қандай тілектеріңізді айтар едіңіз?

Алтын балықты тек ертегідегі кейіпкер ұстайды. Ал мен барлық армандардың орындалатынына сенемін. Өзім нені армандай қалсам, сол болады...

Автор: АЙНАРА Байжан, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Камила Акпар
    Камила Акпар 02.09.2020 14:53
    1 + 0 -
    Өте керемет жеңілдік екен!Маған ұнады ????????????????????????????????????????????
  2. Нұрсая Сарсенбаева
    2 + 0 -
    Менің атым Сарсенбаева Нұрсая мен үйдің екішісімін.Бейнеуде атамекен мектебінде оқим үш қыз бар бір бала.07.08.2009жыл туылған жыл