Жаңаөзендегі жасөспірімдердің қызылшаға қарсы екпе егу жұмыстарынан кейінгі жағдайына қатысты белгілі психиатр пікірі
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында қызылша ауруына қарсы жүргізілген вакцинациядан соң 200-ге жуық баланың ата-анасы олардың денсаулығына қатысты шағымдармен дәрігерлерге жүгінген болатын. Балалардың бірқатары ем-дом шараларын қабылдау мақсатында Астана мен Алматы қалаларына жолданды. Бірнеше баланың ұстамаға түскен сәті жазылған видео ғаламторда тарап кеткеннен соң жасөспірімдерді қарау мақсатында Маңғыстау облысына екі білікті психиатр Жібек Жолдасова мен Абылайхан Рысдәулет келді. Біз психология магистрі, клиникалық психолог, психотерапевт, тәуелсіз сарапшы Абылайхан Рысдәулетпен сұхбаттастық.
- Абылайхан Әбдіханұлы, балаларға бүгінгі күні қандай диагноз қойылып отыр? Екпе егу жұмыстары жүргізілгеннен кейінгі жасөспірімдердің жағдайы қандай?
- Жаңаөзендегі балалардың жағдайына байланысты бүгінгі күні нақты невроз деген медициналық диагноз қойылды. Жағдайды жан-жақты қарастыратын болсақ, Жаңаөзендегі тұрғындар мұны вакцинамен байланыстырып отыр. Ал, ғылыми, медициналық тұрғыдан келсек, қойылып отырған диагноздың вакцинамен еш байланысы жоқ. Демек, вакцинацияның әсерін невроздық жағдаймен шатастыруға болмайды. Поствакциналық реакция кез келген вакцинадан кейін орын алуы мүмкін. Ол адамның жалпы жағдайының нашарларуы, әлсіздік, бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілермен ерекшеленеді. Бұлардың барлығы да осы екпеден кейін көрініс берді, бірақ жалпы дүрбелең туатындай жағдайдың нашарлауы тек бір апта, 8-10 күннен кейін ғана орын алды. Біз мұны нақты әрбір науқаспен жеке сөйлесіп, қарым-қатынас жасау барысында айқындадық. Яғни, бұны невроздық жағдай, яғни психологиялық проблема деп айтуымызға толық негіз бар. Невроздың өзі «жұқпалы дерт» болып табылады. Оны неғұрлым көп жарнамаласақ, мұндай жайттарға соғұрлым көп бой алдырамыз. Нақты айтқанда, жарнамалау салдарынан невроз сырқатымен ауыратын адамдардың саны да арта түседі. Ал, жарнамалау дегеніміз - осындай «ұстаманы» ұялы телефонға түсіріп, оны ғаламторға тарату. Мұндай видеоны көргеннен соң, сап-сау жүрген балада мұндай реакцияның қайталануы әбден мүмкін. Сонымен қатар, біз, бірінші кезекте, екпе салынған балалардың гендерлік ерекшелігіне назар аударуымыз керек. Екіншіден, олардың жас ерекшелігі туралы ұмытпаған жөн. Гендерлік ерекшеліктерге тоқталсақ, бүгінгі таңда сырқаттанған 300-ге жуық баланың 99%-ы – қыздар. Бұл – невроз дертіне көбінесе қыз балалардың бой алдыратынының анық дәлелі. Ал, жас ерекшелігі дегеніміз не? Бүгінгі күні науқастанып отырған балалар - өтпелі дағдарыс кезеңінде тұрған жастар. Яғни, есею кезеңіне аяқ басып отырған балалар. Мұндай кезеңде жасөспірімдер бойында тек физиологиялық өзгерістер ғана емес, психологиялық өзгерістер де орын алады. Физиологиялық жағынан алғанда ағзада түрлі гормоналдық алмасулар, өзгерістер болады, психологиялық та тұрғыдан да - тура осылай. Мұндай кезеңдегі жандарды біз не бала, не ересек деп қарастыра алмаймыз. Бұл – осы екі ортадағы жас ерекшелік кезеңі. Дәл осындай кезеңге невроз диагнозының тап келуі ол – заңдылық.
- Сіздердің Маңғыстау облысына келгендеріңізге бір апта уақыт өтті. Осы мерзім ішінде сіздер қанша баланы қарадыңыздар?
- Алматы қаласынан арнайы келген сарапшы, дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Жолдасова Жібек ханыммен Маңғыстау облысы ауруханасында 27 баланы бірге қарадық. Бұған қоса, Жаңаөзен қаласында орталық ауруанада, орталық емханада ем алып жатқан бірнеше баланың да жағдайын қарадық. Жаңаөзен қаласының бір топ дәрігерлерімен бірге үй-үйді жеке аралап, балалардың жағдайларымен жеке де таныстық. Сонымен қатар, олардың ата-аналарымен сөйлестік.
- Бүгінгі күні қоғамда жасөспірімдерге жүргізіліген екпе егу жұмыстарының қызылша ауруына қарсы емес, басқа ауруларға қатысы бар деген сан алуан пікірлер айтылып жатыр. Тіпті, қыздарда бедеулікті қасақана тудыру мақсатында вакцинация жасалды деген ойлар да бар. Бұл пікірлер қаншалықты шындыққа жанасады?
- Жалпы, жұрт арасында тараған мұндай алып-қашпа әңгіменің барлығы - негізсіз. Бұл екпе Жаңаөзен қыздарын бедеу қылу үшін, болмаса тағы басқа жан түршігерлік жағдайларды қолдан жасаудың амалы деп айту - негізсіз. Оның барлығы да алып-қашпа әңгіме. Бұлай уайымдауға еш негіз жоқ.
- Жасөспірімдердің сауығуына ата-аналар тарапынан көрсетіліп отырған қысым әсер етіп отыр ма?
- Бір мезетте бірнеше баланың осындай жағдайға түсуі, әрине кез келген ата-ананың алаңдаушылығын туғызады. Балаларының мұндай жағдайға душар болуы салдарынан алғашқы кезде ата-аналар қорқып қалды. Ата-аналармен бірге мамандардың бойында да қорқыныш туындады. Бұған қатысты сұрақ көп туып жатты да, оған нақты жауап берілмеді. Бұған қоса, медицина қызметкерлері тарапынан нақты диагноздың дер кезінде қойылмауы, алғашқы медициналық көмектің кәсіби тұрғыдан көрсетілмеуі, нәтижесінде осындай дүрбелеңге алып келді.
- Бүгінгі күні осы жағдайдың қалыптасуына вакцинация жасаған дәрігерлердің кінәсі бар ма?
- Жоқ, дәрігерлердің бұған тікелей кәнісі жоқ. Олардың ажыратпалы диагностиканы дұрыс жүргізе алмағандығынан жанама тұрғыдан кәнісі бар шығар. Себебі, «ұстама» туралы айтатын болсақ, оның эпилептикалық ұстама мен жаңағыдай эпилептикалық емес ұстама болып табылатын екі түрі бар. Дәрігерлерге осы екі диагноздың арасында ажыратпалы диагностикасын нақты жүргізе білуі қажет еді.
- Дәрігерлер екпе егу жұмыстары туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын белсендірек жүргізуі қажет болған шығар?
- Иә, кез келген екпені жүргізбес бұрын медицина қызметкерлері бұйрықпен бекітілген нұсқаулыққа сәйкес кәсіби тұрғыдан түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Егер сол түсіндіру жұмыстары дұрыс атқарылатын болса, мұндай проблемалардың алдын алуға болар еді.
- Жасөспірімдерді оңалту шараларының барысын одан ары қадағалайтын боласыз ба? Науқас балалар мен олардың ата-аналарына өз тарапыңыздан қандай кеңес берер едіңіз?
- Мен психолог маман ретінде, әрине, осы балалардың тағдырына, денсаулығына алаңдаймын. Болашақта көмегім қажет болса, әрдайым қол ұшын созуға дайынмын. Ал, ата-аналарға беретін кеңесім -қорықпау керек, дүрбелеңге салынбау қажет. Бүгінгі таңда балалар тағайындалған емді толық түрде қабылдап, емдік шаралардың толық курсынан өтуі керек. Ата-аналардың өздерін сабырлы ұстағандары жөн. Ата-аналардың негізгі мақсаты - баланың денінің сау болуы. Сол себепті, баланың денсаулығы жақсы болуы үшін жауапкершілікті сезініп, дәрігерлердің тағайындаған емін толық қабылдау қажет.
- Сіздің ойыңызша, бүгінгі күні ата-аналардың балаларына екпе егу жұмыстарының жүргізілуінен бас тартып отырғаны қаншалықты дұрыс?
- Мұндай жағдай орын алғаннан кейін кейбір ата-аналардың алдағы жүргізілмек вакцинадан бас тартқысы келетіндігін де түсінуге болады. Бірақ, маман, дәрігер ретінде айтарым – күні бүгінге дейін ғылым, медицина саласы жеңе алмайтын сырқат түрлері бар. Оның алдын алудың ең тиімді жолы – екпе.
Сөз соңында айта кеткім келетіні, Маңғыстау облысының жасөспірімдерімен қалыптасқан жағдайға байланысты медицина ғылымдарының кандидаты Жібек Жолдасова арнайы нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстарды әзірледі. Осы тағайындалған нұсқаулықтар ата-аналар, дәрігерлер, психологтар, жедел-жәрдем дәрігерлеріне, яғни бұлардың әрқайсысына бөлек төрт топқа бөлініп жасалған. Бүгінгі күні медициналық көмектен басқа, медико-психологиялық көмек көрсету тобы да жасақталды. Қазіргі уақытта бұл топ балаларға психологиялық оңалту мақсатында жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына Жаңаөзен қаласының барлық аурухана, емханаларының психологтары мен дәрігерлері, мектеп, колледждер психологтары, педагогтары, сонымен қатар салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының дәрігер, психологтары кіріп отыр.

Автор: Бағлан, Маңғыстау өңірінен
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?