Балаңыз балабақшаға барса…
Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріндегі тәрбиенің сәбиді отбасында тәрбиелеумен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Бөбекжай-балабақшалардың бөлмелері балаларға арналған арнайы жиһаздармен жабдықталған әрі кең де жарық. Олардың білікті қызметкерлері балалардың шеберлік қабілетін дамытатын, қоршаған орта туралы түсінік беретін сабақтар өткізеді. Ойыншықтарды, оқу құралдарын өздері іріктеп алады. Тәжірибелі тәрбиешілердің бақылауымен және басшылығымен балалардың өзара қарым-қатынасы өмір бойы ұмытылмайтын терең жолдастық сезімге ұласады, сәби бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасады.
Сәбиге балалар мекемесін таңдаған кезде сән қуып, конькимен мәнерлеп сырғанауды немесе шетел тілін үйрететін балабақша іздеудің қажеті жоқ. Сіз үшін әрқашан да үйіңізге жақын орналасқан бөбекжай-балабақшадан ең қолайлысы да, артығы да жоқ.
Балалар мекемесіне орналасар алдында сәби емханада тексерілуден өтеді: диспансеризациядан өтеді, қанына, зәріне, нәжісіне сараптама жасайды. Ал балаңыздың педиатры сәбиге карта толтырады, ол пәтерінде жұқпалы сырқат жоқ па деп эпидемиолог берген анықтамамен бірге балалар мекемесіне тапсырылады. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінің дәрігері де баланы толықтай қарап шығады. Сөйтіп сәбидің балабақшаға бірінші рет келетін күнін белгілейді.
Баланы бөбекжай-балабақшаға әкелмей тұрып, алдымен тәрбиешімен танысып алыңыз, күн тәртібінің ерекшелігін біліңіз, оған ұлыңыз немесе қызыңыз жайында айтып беріңіз, үйіңіздің мекен-жайы мен телефоныңыздың нөмірін қалдырып кетіңіз. Келесі жолы сәбиді өзіңізбен ертіп келіңіз, сөйтіп ол өзі болатын топтың бөлмесін көрсін, балалармен таныссын. Бірінші күні балаңызды әлі үйренбеген, оған тосын әрі жаңа ортаға күні бойы қалдырмай түстен кейін алып кетіңіз. Бала ұжымға бірте-бірте үйренуі тиіс.
Бөбекжай-балабақшаға орналастырар алдында сәбиді алдын ала әзірлеу қажет. Ол үшін балаға өзі баратын топта жолдастары да, қызықты ойыншықтары да көп болатынын, тәрбиешісі оны жақсы көретінін айтып түсіндірген жөн.
Кейбір балалардың бірден аралас-құралас болып кетуі өте қиын, жатырқағыш болады да өз қатарларынан тосырқайды. Ондай баланың жаңа ортамен танысуын жеңілдету керек. Мысалы, үйінен бір ойыншығын өзімен бірге ала келгені жөн. Сонда жаңа келген балаға жолдастарының назары тез ауады, сөйтіп олар бір-бірімен оңай тіл тауып, ойнап кетеді.
Алғашқы кезде сәби ата-аналарынан қалып бара жатып жылауы, топқа барудан бас тартуы мүмкін. Өзіне таныс емес ортаға ата-анасы тастап кетіп бара жатқан бала жайын сіз түсінуіңіз қажет. Әрине, бөбегіңізді сіз де аяйсыз, көзіңізге жас та келуі мүмкін. Мұныңызды бала көріп қалса, сізге аяныш білдіріп, ол бұрынғысынан да қатты жылайды. Сондықтан мұндай сәтте сәбиге көңіл күйіңізді сездірмеуге тырысыңыз, қайта оны еркелетіп, жылы сөйлеңіз, жұбатыңыз. Балаңыз жолдастары мен ұстазына тез үйренеді. Сөйтіп, өз ықыласымен тобына жеткенше асығатын, тіпті үйге қайтқысы келмейтін болады.
Баланы ыңғайлы әрі жеңіл киіндірген жөн: қыз балаға алдынан түймелейтін көйлек, ер балаға жейде мен қысқа шалбар кигізу керек. Бақшада ауыстырып киетін аяқ-киім ала келу қажет. Баланы алғашқы күннен бастап өз шкафына жылы киімдері мен аяқ-киімдерін ықтияттап іліп қоюға үйреткен жөн.
Егер сәби өте жас болып, түбекке отыруға дағдыланбаса, балабақшаға онымен бірге артық іш киімдерді целлофан-пакетке мұқият орап ала келген жөн.
Әдетте балалар үйдегіден гөрі тамақты ұжым арасында жақсы ішеді. Сондықтан бөбекжай-балабақшаға апарар алдында баланы тамақтандырмаңыз: таңертеңгілік асқа дейін жеген бір печенье немесе жалғыз алма сәбидің тәбетін бұзады, сөйтіп ол тамақ ішпей қояды. Балалар мекемелеріндегі тамақ та алуан түрлі. Соған қарамастан, сәбиіңізге қосымша жеміс, шырын немесе тәтті бергіңіз келсе, онда оларды кешкі тамақтан кейін ұсыныңыз.
Ескерте кететін бір жайт: үйде ішетін кешкі тамақты балабақшаның мәзірімен үйлестіріп отырыңыз.
Балаңызды бақшаға әкелген кезде қабылдап отырған медбикеге оның денсаулығы жайында айтуды, ал кешке қарай үйге алып қайтарда тәрбиешіден сәби бүгін өзін қалай ұстағанын, тамақты қалай ішкенін, қалай ұйықтағанын, не үйренгенін сұрап тұруды әдетке айналдырыңыз.
Өз балаңыз тәрбиеленіп жүрген балалар мекемесінің қоғамдық өміріне белсене араласыңыз, медициналық қызметкерлермен тығыз байланыс жасап тұрыңыз. Егер балаңыз бүгін үйде қалып қойса, оның себебін медбикеге айтып түсіндіріңіз. Ал баланың температурасы көтеріліп, дәрігер шақыртуға тура келсе, онда сырқаттың түрін үш күннен кешіктірмей хабарлаңыз.
Кейбір ата-аналар баласын балабақшаға тастап кетерде екі-үш сағаттан соң келіп алып кететіндерін айтып, уәде береді. Сәби осы уәдені ұмытып кетіп, әке-шешесімен мүлдем кездесе алмай қалудан қорқып, екі көзі төрт болып үнемі жолға қарап тосумен болады, ойынға араласпайды, көңілсіз күйге түседі. Үздіксіз тосу баланы дағдылы ырғақтан шығарады. Ол тамақ ішуден қалады, ұйқысы бұзылады.
Ата-аналар балаларына кезектен тыс әрі күтпеген жерден келген кезде қоршаудың саңылауынан сәбилерге жеміс-жидек бере бастайды. Әрине, мұның зияннан басқа келтірер пайдасы жоқ.
Ата-ананың баласына тек жақсылық істегісі келетіні әбден түсінікті. Бірақ жақсылықтың, сүйіспеншіліктің бұдан басқа, көкейге неғұрлым қонымды түрлері бар.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?