file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сайтқа материал жариялау


Сайтқа тіркелгеннен кейін, сайттың сол жағында аккаунттыңыздың суреті пайда болады. Сайтқа материал қосу үшін аккаунтты басып, "+ Новость" батырмасын басыңыз.


 


Бұл сілтемені басқаннан кейін сайтқа материал енгізу беті ашылады, суретте:


Жоғарыдағы суреттегі әр ұяшықтың қалай толтырылу керек екенін көрсетейік:

1) Заголовок ұяшығы - бұл ұяшыққа материалдың тақырыбын жазасыз, мысалы: Менің туған жерім

2) Категория - бұл ұяшықта материалдың бөлімін таңдайсыз, егер тақырыпқа байланысты бөлімді таппасаңыз, KZ бөлімін таңдаңыз.

3) Краткое описание -  бұл ұяшыққа материал не туралы, соны қысқаша жазасыз. Мысалы: Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің....

4) Полное описание - бұл ұяшыққа материалыңызды толығымен жазасыз.

ЕСКЕРТУ: Материалды ворд файлдан көшірген кезде, егер материалыңызда сурет болатын болса, ол суреттер көшірілмей қалады. Сондықтан материалдағы әр суретті бөлек-бөлек жүктеу керек. Төменде суретте көрсетілгендей:


5) Теги - бұл ұяшыққа ілмек ретінде материалға қатысты 2-3 сөз жазасыз. Мысалы: Қазақстан, шығарма, туған жер.

6) Картинка - бұл ұяшыққа материалды әдемілеу үшін, материалға қатысы бар кез-келген суретті қоя аласыз. Бірақ, сурет жүктеу міндетті емес. 

7) Зарузка материала - "загрузить файл" батырмасын басып құжатты жүйктеу аласыз. Сол құжатты басқа адамдар жүктей алады. Бірақ, құжат жүктеу міндетті емес.

8) Данные на сертификат - Аты-жөніңіз, мекен-жайыңыз, мектеп атын жазыңыз. Бірақ, сертификат қажет емес болса, бос қалдыра аласыз.


Жоғарыдағы көрсетілген ұяшықтардың барлығын толтырып болғаннан кейін, "Отправить" батырмасын басып, материалыңызды сайтқа жариялайсыз.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Батырханова Назерке
    0 + 0 -
    Тақырыбы: Ауылым Сағашилідегі наурыз мерекесі
    Жер-ана қыстың ызғарынан арылып, көктемнің жылы шуағына бөленгенде, бүкіл тіршілік қайта жанданады. Табиғаттың оянып, жаңа өмірдің басталар шағында халқымыз наурыз мерекесін атап өтеді. Бұл – тек көктемнің келуі ғана емес, адамның да рухани жаңғыру кезеңі. Наурыз – күн мен түннің теңелуі ғана емес, бірлік пен берекенің, мейірім мен ізгіліктің нышаны.
    Ауылым Сағашиліде бұл мереке ерекше сән-салтанатпен тойланады. Көктем келісімен әр шаңырақта думан басталып, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап, әр үйдің ауласында мерекелік көңіл-күй орнайды. Он төртінші наурыз – көрісу күнінен бастау алған мерекелік шаралар жиырма екінші наурызда өз мәресіне жетті. Биылғы жылы мені ерекше тәнті қылғаны – "Ұлттық киім" күні. Бұл күні Сағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары ұлттық киім киіп, ауылды аралап, жарапазан айтты. Бұл бастама ұмытылып бара жатқан дәстүрді қайта жаңғыртты.
    Алайда соңғы жылдары ақ көйлек пен ою көмкерілген кәжекейлердің мәні азайып, оның орнына этно-киімдер кию сәнге айналғандай. Қанша жерден ою-өрнек бейнесі сақталғанымен, ата-бабамыздан қалған дәстүрлі ұлттық киімнің шынайы болмысын толықтай бере алмайды. Дегенмен, биылғы жылдың басты ерекшелігі – қазақы нақыштағы киімдерге қайта оралуымыз болды. Ұмыт бола бастаған ұлттық киімдер қайта жаңғырып, ұлттық сана-сезімімді қайта оятты.
    Наурыз мерекесі мұнымен тоқтаған жоқ. 21 наурыз күні ауыл тұрғындары өз көшелерінде "Ұлыстың ұлы күні – наурыз" мерекесін тойлауды бастап кетті.Атаулы күнде көршілер төрт құбыласы түгел жиналып, бір үйдің баласындай жұмыла дастарқан жайды. Наурыз көже пісіріліп, ақсақалдар ақ батасын берді, жастар ұлттық ойындар ойнап, сыйлықтарға ие болды.
    Бұл мерекенің сәнін кіргізген тағы бір ерекше жайт – ауыл әкімі А.Ә. Каюповтың белсенді қатысуы. Ол ауыл тұрғындарын арнайы құттықтап, алғыс хаттар табыстап, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті. Тұрғындарға арнайы тәтті торт ала келіп, халықтың көңілін бір серпілтіп тастады.
    Соңғы үш жылда ауыл жастары наурыз мерекесін ұйымдастыруды өз қолына алып, оны ерекше сән-салтанатпен атап өтуде. Олар ұлттық дәстүрлерді жаңғыртып, елдің басын біріктіретін ауқымды шараларды қолға алды. Ат жарыс, қол күрес, арқан тартыс, қошқар көтеру, қазақша күрес сияқты сайыстар өткізіліп, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Мереке тек сайыстармен шектелмей, ұлттық тағамдар дайындалды . Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар жастарға батасын беріп, өнегелі әңгімелер айтты. Ауыл жастарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өткізіліп, мың бұралған бишілер мен күміс көмей әншілер көрермендерді тәнті етті. Жыл сайын бұл думанды көруге жан-жақтан жұрт жиналып, Сағашилі нағыз мерекенің ордасына айналды. Ағайын-туыс, алыстан ат терлетіп жеткен қонақтар мәре-сәре болып, бір-бірімен көрісіп, ақжарма тілектерін жаудырды. Ұлыстың ұлы күні ауылдастарға шаттық сыйлап, ынтымақ пен бірлікті нығайта түсті.
    Осы бір думанды күндер ауылдастардың жадында мәңгі сақталары сөзсіз. Өйткені Наурыз – тек мереке ғана емес, бұл – халықтың рухани түлеуі, тамыры тереңге кеткен дәстүрдің алтын арқауы. Сағашиліде Наурыз әрбір шаңыраққа шаттық сыйлады. Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құтты болсын!
  2. Бейсенбай Шапағат Ғалымжанқызы
    0 + 0 -
    Қазіргі қазақ әдебиеті тәуелсіздік алғаннан кейін ерекше жаңарған кезеңдерді бастан өткерді. Бұл уақыт әдебиетке жаңа тақырыптар мен көзқарастардың енуіне, жазу стилдерінің өзгеруіне ықпал етті. Әлеуметтік, мәдени және рухани өзгерістер әдебиетке түрлі бағыттар мен жанрларды қосты, шығармалардағы адамдардың өмірі, қоғамдағы өзекті мәселелер мен ұлттық құндылықтар басты орын ала бастады. Осы кезеңде айтарлықтай танымал болған авторлар мен олардың шығармалары төмендегідей:
    1. Мұхтар Шаханов – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде қазақ әдебиетіндегі басты тұлғалардың бірі. Ол поэзияның терең философиялық және әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық тәуелсіздік пен тарихи сананы қайта жаңғыртуға көп күш салды. “Тәуелсіздік таңы”, “Қорқыт” секілді туындылары көп оқылды.
    2. Бексұлтан Нұржекеев – Жазушының шығармалары көбіне адамзаттың әлеуметтік, психологиялық проблемаларын қозғайды. Оның “Жазушы”, “Кешірім сұраушы” деген шығармалары қазақ әдебиетінде маңызды орын алады.
    3. Қабдеш Жұмаділов – Қабдеш Жұмаділовтің шығармашылығында қазақ халқының тарихи өткені мен қазіргі қоғамының мәселелері бейнеленген. “Дарабоз”, “Қаздар қайтып барады” және басқа да туындылары үлкен сұранысқа ие болды.
    4. Дулат Исабеков – Заманауи қазақ прозасындағы өзіндік орны бар автор. Оның шығармаларында қоғамның әлеуметтік мәселелері, адамдар арасындағы қатынастар терең ойландырғыш сипатта көрініс табады. “Әпке”, “Қарғын” секілді романдары қазіргі әдебиетке жаңаша бағыт әкелді.
    5. Шерхан Мұртаза – Тәуелсіздік кезеңінің әдебиетіне ерекше үлес қосқан жазушы. Оның “Қара маржан”, “Ай мен Айша”, “Шыңғысханның жұрты” сияқты шығармалары ұлттық және адамзаттық құндылықтарды көрсетеді, сонымен бірге қазіргі қоғамның мәселелерін ашады.
    6. Саясат Нұрбек – Жаңа буынның өкілі, оның шығармалары мен әңгімелері әлеуметтік мәселелер мен жас буынның дүниетанымын баяндайды. “Тамұққа саяхат” және “Ана жүрегі” сынды туындылары кеңінен танымал.

    Қазіргі қазақ әдебиеті жаңа заманның талаптарына сай дамып, ұлттық болмыс пен әлемдік мәдениет арасындағы байланысты айқындай отырып, қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін қозғайды. Әдебиет сыншылары мен оқырмандарының қызығушылығы да осы жаңа шығармаларға бағытталуда.
  3. Оқырман Нұрлыбек
    0 + 1 -
    Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр
    Қазақ елім асқар тауым белесім
    Жүрегімде қалды сенің елесің,
    Сан ғасырлық тарихымның куәсі
    Өткен өмір зерттеп мені келесің

    Аязды күн, аязды түн өткенде
    Ашаршылық кең далама жеткенде,
    Қызылдар мен ақтар болып бөлініп
    Ойран салып ауылдарды кеткенде

    Ақ пен қызыл аямады қазақты
    Көрді жұртым қара ниет азапты,
    Ауыр жылда құрбан болды жазықсыз
    Шет ел асып ұрпақтары тарапты

    Құжаттарды талдап бүгін қарасақ,
    Ресей асып, Қытай асып тарасақ
    Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр,
    Талып жетті содан бізге болашақ Авторы: Досыбай Н.Ж.
  4. Оқырман Нұрлыбек
    0 + 0 -
    Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр
    Қазақ елім асқар тауым белесім
    Жүрегімде қалды сенің елесің,
    Сан ғасырлық тарихымның куәсі
    Өткен өмір зерттеп мені келесің

    Аязды күн, аязды түн өткенде
    Ашаршылық кең далама жеткенде,
    Қызылдар мен ақтар болып бөлініп
    Ойран салып ауылдарды кеткенде

    Ақ пен қызыл аямады қазақты
    Көрді жұртым қара ниет азапты,
    Ауыр жылда құрбан болды жазықсыз
    Шет ел асып ұрпақтары тарапты

    Құжаттарды талдап бүгін қарасақ,
    Ресей асып, Қытай асып тарасақ
    Тіресіппіз, күресіппіз сан ғасыр,
    Талып жетті содан бізге болашақ Авторы: Досыбай Н.Ж.
  5. Нысанбаев Мейіржан
    0 + 0 -
    Специальность филолога в последние годы стала отливать новыми яркими красками. Это связано и с развитием цифровых технологий, влиянием соцсетей и возрастанием роли интернета в нашей жизни. Но, как и раньше, основная задача филологов - изучить и сохранить все богатство языка для последующих поколений, ведь основой любого народа является его культура, выраженная в языке и литературе.
    Филолог, как известно, человек с широким кругозором, высокой личной культурой, грамотной речью. Он умеет адаптировать свою речь под запросы любой аудитории. А еще говорят, что филолог - это профессия будущего, потому что без грамотного языка, как говорится, никуда в современном мире. О том, кто такие филологи, чем привлекательна эта профессия, как ей учат в КазНУ имени Аль-фараби одном из самых престижных вузов Казахстана. Филология в КазНУ имени Аль–Фараби это активная научная, проектная и культурно-просветительская деятельность.
    Известно, что профессия “филолог” очень обширна. Выбрав эту профессию можно работать в нескольках сферах: учитель, иностранный филолог, переводчик, филолог-иследователь, филолог определенного языка,редактор,спичрайтер, литературный переводчик, литературовед,писатель,линвист и т.д
    В гуманитарной сфере знаний филология занимает видное место. Системному изучению языков и диалектов русского языка, а также различных народов, проживающих на территории Казахстана, придаётся большое значение на государственном уровне. Постоянно действуют и финансируются различные программы, сфера языкознания активно развивается. Большинство программ высшей и средней школы включают в себя углублённое изучение языков, литературы и языковых сред, существующих в нашей стране. В связи с этим следует признать профессию филолога востребованным видом деятельности. Такие специалисты необходимы как в академической науке, так и в прикладных областях гуманитарных знаний и на преподавательской работе.
    Как правило, филолог занимается научной и методологической работой в рамках какой-либо государственной структуры гуманитарного профиля. Это может быть лингвистический институт, академическое научное подразделение, литературный или образовательный вуз. В целом профессия не даёт однозначных перспектив для карьерного роста.Будущее профессии “филология” неоднозначно, в век развитии технологии сферы филологии могут сужаться . Но человек получивший образование “филология” без работы не останется. В зоне компетенции филолога находятся все аспекты использования языка – в повседневном общении, в публичной сфере, в политике, религии и искусстве. Внимание лингвиста сосредоточено на структуре языка как средства мышления и общения между людьми. Также в будущем цифровая филология будет востребована. Если раньше все письменности были на бумаге,то сейчас и в будущем это все будет на цифровом формате.
    По итогу, будущее филолога — это не просто грамотный и начитанный человек. Это специалист в области языка, который разбирается в его закономерностях, знает историю развития и современное состояние языка. Как врач понимает строение человеческого организма, так и филолог может разобрать текст на самые мелкие составляющие.
    Филологическое образование – это образование в высшем смысле этого слова, поскольку гуманитарные науки служат развитию человека, раскрытию его внутреннего творческого, интеллектуального и гражданского потенциала. По духу своему филология в будущем не приемлет узкой специализации и требует постоянного расширения знаний и областей компетенции. По этой причине филолог в будущем будет востребован в самых разных сферах общественной жизни, в которых требуется не следование рутине, а гибкость и самостоятельность – от педагога до руководителя, от переводчика до креативного директора, от журнального редактора до специалиста по кадровой политике.

    Старшый преподаватель кафедры
    иностранной филологии и переводческого дела
    КазНУ имени Аль-Фараби
  6. Белгисиз
    Белгисиз 15.11.2021 15:27
    0 + 2 -
    Мұсылман əлемі көбірек өзгерді деген сөзді дəлелдеу қалай .жауапты айтып жибериниздерш
  7. Кайранова Айжуз Алмасовнаға
    1 + 0 -
    Hccvv