Еліміздегі дінаралық, ұлтаралық келісімдердің маңыздылығы
Тарихта үлкен орын алған Қазақ хандығы "Қазақстан" атанып тәуелсіз, бейбіт өмір кешіп жатқанынына бүгін 25 жыл толып отыр. Мемлекетіміздің ары қарай гүлденіп, дамуына деген ынтасын, талпынысын көрші мемлекеттер, өзге елдер де біледі және алға ұмтылған қадамдарымызды жоғары бағалайды. Жас, егеменді мемлекеттің экономикалық өрлеуінің де, саяси тұрақтылығының да, демократиялық дамуының да еншісі бұл елді мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың өзара сыйластығы, түсіністігі мен татулығы. "Бірлік болмай, тірлік болмас" деп атам қазақ бекер айтпаған. Қазақ жерінде, Қазақстан Республикасында 17,04 миллион адам бейбіт әрі тыныш өмір кешіп жатыр. Осы үлкен сан ішінде бірнеше ұлт өкілдері жатыр, яғни 17 миллион дегені тек қазақ қана емес, жастайынан қол ұстасып, бірге ойнаған орыс, өзбек, украин, ұйғыр баласы.
1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган Қазақстан Халқы Ассамблеясының, яғни еліміздегі дінаралық, ұлтаралық маңыздылығы неде?
Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту ісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, бүгінде конституциялық мәртебеге ие болып, елдің ішкі саясатында теңдессіз рөл атқарып отырған Қазақстан Халқы Ассамблеясы екені даусыз. Осының арқасында 130-дан астам ұлт пен 46 діннің өкілдері «Қазақстан — ортақ отанымыз, ортақ үйіміз» деген құндылықтың төңірегіне топтаса білді.
Қазақстан заманауи әлемнің ең қауіпті құбылыстарының бірі — ұлтаралық қақтығыстарды болдырмаудың тиімді тетігін тапты. Өзінің аумағында тұратын ұлттар мен ұлыстарды олардың ұлттық құндылықтарына байланысты араздастыратын ешбір жол қалдырмады. Көрші мемелкеттер ішкі талас-тартыс әсерінен экономикалық, демократиялық тұрғыдан даму жолына түсе алмай жатқандығын жасырмай-ақ өз көзімізбен көріп отырмыз. Менің ойымша, егер Елбасымыз басынан-ақ бірлік пен татулық жолын іздемесе, ұстанбаса, ел ішінде түрлі қақтығыстар мен тұрақсыздықтардың көпшілігі дәл осы ұлттар мен діндер өкілдерінің арасындағы қарама-қайшылықтардан туындап жатқандықтан, ел өз ішінен іріп-шіріп, қырық пышақ болып жан-жаққа тартып, ақыры ел болмай құлап тынушы еді.
Ел ішіндегі түрлі ұлттардың бірге тұруының арқасында салт-дәстүрлердің, әдеп-ғұрыптардың алмасуы жүріп тұрады. Яғни қазақ баласы жейтін тамағы, ерекеше мерекесі, киімі, музыкасы жағынан болсын бірге қол ұстасып жүрген өзге ұлт өкілінің мәдениетін таниды және керісінше өзге ұлтқа қазақ халқының бай мәдениетін паш етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»,- деп бекер айтпаған. Ұлт арасында мәдени алмасу жүргеннің арқасында, тек өзін ғана емес, әлемді тану жолына түседі.
Алыстан кім келсе де құшағын жайып қарсы алатын қазақтың кеңпейілдігі мен қонақжайлылығы еліміздегі ұлтаралық пен дінаралық келісімдердің арқасында тағы бір көрінеді. Әлем көзінде қазақ баласы қонақжай, кеңпейілді, ақжарқын бейнесінде қалыптасты. Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет. Адамдарды тіліне, дініне, ұлтына бөліп-жармай, достық ықылас көрсетіп, ас-дәм беру қонақжайлықтың негізгі белгісі. Америкалық ағайындылар Марко және Алекс Эйлиндер жақында өз маршруттарындағы 11-мемлекет – біздің елімізде де болып, қазақ даласын, тауын, өзен-көлін аралап, көрген-түйгендерін жеке ғаламтор парақшаларында жазып жіберуге уәде беріп аттанған-ды. Енді, міне, жігіттер мақаласында халқымыз, еліміз жайлы ой қалдырды: "Қазақ халқының ең ерекше қасиеті – қонақжайлылығы екен. Біз бір апта бойы үйден-үйге қонаққа шақырылып, мол дастархан басында отырдық. Қазақ әнін тыңдап, биін билеп, өмірімізде дәмін көрмеген қазы жеп, қымыз ішіп, тіпті, қазақ үйлену тойының да куәсі болдық." Демек қазақ халқының ұтларалық, дінаралық келісімдер жүргізгендігі қонақжайлылық қасиетін дәлелдей түседі.
Қорыта келе, ұлтаралық, дінаралық келісімдер арқасында тәуелсіз Қазақстан Республикасы қоғамдық жаңғырудың жаңа белесіне кәрі-жас, орыс-қазақ немесе басқа ұлт деп бөлінбей, мұсылман, я басқа дін өкілі деп ірге ажыратпай, ортақ үйіміз Қазақстанды жаңғыртудың келелі де кешенді шараларына барлығы бірлесе үн қосып, болашаққа бірге аяқ басып барады. Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылуының үлкен маңызы бар. Бүгін достық, бірлік белгісі - Ассамблеяның құрылғанына 20 жыл толып отыр. «Ақпыз,қара,сарымыз- ағайынбыз бәріміз!» деп қол ұстасып, бұл үлкен санды атап өттік. Жасасын достықты жақтаған Қазақ елі!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?