Өмірдің 10 заңы

Өмірдің 10 заңы

Өкінішке орай, өмір біздің қалауымыздан тыс өз заңдарын орындауға мәжбүрлейді. Бірақ ол заңдарды қабылдау адамның ниеті мен қалауына байланысты. Өмірде байқаусызда қателессек, жауапкершіліктен қаша алмаймыз. Осыған сәйкес өмірдің заңдылықтары да жоқ емес. Олай болса, өмірдің 10 заңын назарыңызға ұсынамыз.

1. Бейтарап күй заңы. Өмір бағытын өзгерту үшін ең бастысы барлығын бір мезетте тоқтата тұру керек. Бұл заң туралы орыс ақыны Гоголь: «Жаратқан адамзатты тап осы жерге жай әкеліп түсірген жоқ, сондықтан айналаға қарап сәл зер салу керек» деген екен.

2. Айна заңы. Айналаңызды қоршап жатқан тіршілік туралы бір мезет ойланып көріңіз. Сонда ғана сіз немен айналысу керек екенін, қоғамнан не нәрсе үйренуге болатынын түсінесіз. Дүние жаман немесе жақсы болып нақты бөлінбегенімен, қызықты құбылыс сан алуан. Адамның басынан не нәрсе өтсе де, ол өмірдің айнасы ретінде сыртқа шығып, көрініп тұрады.

3. Таңдау заңы. Біздің өміріміз – жасаған таңдауларымыздың қорытындысы. Адам өмір соңына дейін таңдау жасаумен болады, және де таңдау әрқашан өмір сүреді. Тіпті біздің алдымызда ешқандай таңдау жоқ деп ойлап немесе таңдаусыз отыра бергенімізде де. Жан Поль Сартр өз уақытында: «Менің әрқашан таңдау жасау мүмкіндігім бар, алайда мен ештеңе таңдамасам да, сонысымен дұрыс шешім таңдағаныма сенімді боламын» деп айтқан.

4. Тізбек реакция заңы. Барлығымыз білетіндей адам өз ой-өрісін басқармайды, ой-өріс адамды басқарады. Мәселен, кез келген нәрсеге уайымдау, уақыт өте келе үлкен фобияға айналуы мүмкін. Ой-өрісті басқара алу өте маңызды рөл атқарады. Егер адам әрқашан барлық нәрсеге уайымдай беретін болса, онда ол тізбек реакциясына алып келуі мүмкін. Ойланып, толғанып тұңғиыққа кеткенше, іске көшуді үйреніңіз. Пайда болған мәселелерді уайымдауға емес, шешімін табуға дағдыланыңыз. Осыған байланысты Бенджамин Франклин: «Көп адам ойын бар мүмкіндікке жұмсаудың орнына, қалай қорғану керегін ойлайды. Ондай адамдар өлімнен емес, өмірден қорқады» дейді.

5. Шектеу заңы. Бүкіліміз алда болар іс-әрекетті болжап, есептеп қарастыру мүмкін емес екенін білеміз. Әр адам дүниені түсінуі мен қабылдауы арқылы көріп, ести алады. Оның барлығы біздің іштей қаншалықты шектеулі екенімізді көрсетеді. Адам қаншалықты күшті болғанымен, осы болып жатқан оқиғаны түгелімен басқара алмайды. Естеріңізде болсын: Егер бір оқиға алғаш рет болса, ол – оқыс нәрсе, егер екінші рет орын алып жатса – сәйкестік, ал егер ол оқиға үшінші рет қайталанып жатса – заңдылық болғаны. Өмір сізді осылайша үйреткісі келсе, онда сабағын қабылдай біліңіз.

6. Бос орынның толысуы заңы. Кез келген бастама жоқ заттан басталады. Бірақ бос орын әрқашан бір нәрсемен толуы тиіс. Жаңа бір іс-әрекетті, ойларды жүзеге асыру үшін, оларға кеңістіктен орын алып беріп, пайдалы затпен толтыру қажет. Сондықтан жаман, зиянды әдеттердің орнын керекті, тиімді дүниелермен алмастырған жөн. Джон Рон: «Егер сіз өзіңізге ұнамайтын жерде болсаңыз, ол жақтан кетіңіз, сіз ағаш емессіз ғой» деген екен.

7. Ұқсастық заңы. Ұқсас құбылыстар ұқсас нәрсені тартады. Егер сіз бұл өмірде барлық оқиғалар мен сәйкестіктерді жай әншейін орындалып жатқан жоқ деп ойласаңыз, сіздің өміріңіз жақсы жақа бет бұрады. Болып жатқан әрбір оқиға қалай ойлайтынымызға, ниетімізге байланысты жүзеге асады. Лао-Цзы бірде былай айтып кеткен: «Өз ойыңа көңіл бөл, себебі ол сенің әрекетіңнің алғашқы бастамасы болып табылады».

8. Такси заңы. Адам кез келген жерде болуы мүмкін, өйткені жолымызды өзіміз таңдамаймыз. Бірақ сіз басқа біреудің жолымен жүретін болсаңыз, онда өз жолыңызға қайтып оралу қиынға түседі. Халық даналығы айтқандай: «Адам өмірі жарысқа жегілген итке қатты ұқсайды, егер сен көшбасшы болмаған жағдайда өмірің бір түсті болады».

9. Қуат алмасу заңы. Адам неғұрлым дамыған сайын, алдында қоршаған ортадан пайда алу немесе өзіндік бір дүние беру секілді көптеген мүмкіндік ашыла бастайды. Алайда алмасу үнемі теңдей жүру керек. Себебі сіздің алғаныңыздан бергеніңіз көп болса, тепе-теңдік заңдылығы бұзылады. Нәтижесінде эмоцияға беріліп өзіңізді тежей бастайсыз.

10. Тепе-теңдік заңы. Ешбір адам өзгеруді қаламайды. Егер ондай мүмкіндік пайда болса, адамдар қарсыласа түседі. Сол үшін өткен шақты ұмытып, өмір кітабының жаңа бетін ашып тепе-теңдікке бағыну керек. Өзгеру қашанда оңай шаруа болмаған. Адам тек өзгеруге мәжбүр болған кезде ғана өзгереді.

Осы заңдылықтарды ұстанған адамдардың айтуынша, олардың өмірі 180 градусқа өзгерген. Мүмкін сізге де өзгеру керек шығар?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?