Интроверт: өз ағымымда өмір сүрсем...

Интроверт: өз ағымымда өмір сүрсем...

Әсем Балмағамбетова Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті Журналистика мамандығының 2-ші курс студенті

Интроверт - бұл сабырлы, өзінің шешемдерін, ойларын сынауға бейім, тыныш, тіпті көпшілік ортасынан бас тартқан адам. Ол шешім қабылдауға байсалды қарайды және кенеттен импульстарға берілуден гөрі алдын ала жоспарлауға және ойлануға бейім. Ол кез-келген тәртіпті ұнатады, моральдық нормаларды жоғары бағалайды. Ол өз сезімдерін басқарады, оны есінен тандыру қиын. Ол қоғамда және қажет деп санамайтын тақырыптарда әңгіме жүргізіп, энергиясын жоғалтады. Соңғы жылдары интроверттердің әдеттері мен қажеттіліктері туралы көп ғылыми жаңалықтар ашылды. Тіпті, миды сканерлеу арқылы интроверттердің ақпаратты басқаша өңдейтіні анықталды (оны ойдан шығарып жатқаным жоқ). Осындай маңызды ақпараттан бейхабар болсаңыз, уайымдамаңыз. Сіз жалғыз емессіз. Интроверттердің саны көп болса да, оларды түсінетін адамдар саны Қазақстанда да, басқа елдерде де өте аз. Сондықтан оларды жапа шегетін топ деп санауға болады.
Бүған кәміл сенімдімін. Менің есімім Әсем және мен интровертпін.
Жылдар бойы оны жоққа шығаратынмын. Қалай болғанда да, адамдармен тез тіл табыса аламын. Тұйық немесе мизантроп(адамзат оның шындыққа деген көзқарастарымен келіспеген соң қоғамда болуға төзе алмайтын адам) емеспін. Ұялшақтықтан да алыспын. Ішкі ойлар мен қызығушылықтар туралы ұзақ әңгімелерді ұнатамын. Алайда, ақыр аяғында, өзімді түсініп, достарым мен әріптестеріме интроверт екенімді айттым. Осылайша, түрлі зиян тигізетін қате түсініктер мен стереотиптерден босағанымды сезіндім. Сондықтан егер отбасы мүшелерінің бірі, досыңыз немесе әріптесіңіз интроверт болса, оны қалай түсініп, қалай қолдау керек екендігін баяндаймын. Есіңізде болсын, сіз білетін, құрметтейтін, күнделікті қарым-қатынас жасайтын адам интроверт, ал сіздің әрекетіңіз оның көңілін түсіреді. Сондықтан, келесі ақпаратпен танысқан жөн.
Интроверсия дегеніміз не? Бұның түсінігі 1920-жылдардан, психолог Карл Юнгтан бастау алады. Қазіргі таңда бұл ұғым - танымал Майерс-Бриггс Тип Анықтаушысы сияқты жеке тұлға тесттерінің негізі. Интроверттердің ұялшақ болуы шарт емес. Жасқаншақ адамдар қоғам арасында қобалжиды, қорқады немесе өзін-өзі шектейді, ал интроверттер, әдетте, ондай емес. Олар мизантроп та емес. Алайда, кейбір интроветтер Сартрдың «Шайтан - таңғы ас кезіндегі адамдар тобы» деген сөзімен келісетін шығар. Ең маңыздысы - интроверттер адамдар оларды шаршатады деп санайды.
Экстроверттер басқа адамдар арқылы энергия жинайды, жалғыз қалғанда әлсіреп, құлдырай бастайды. Жалғыз кезінде қызықсыз адам болып көрінеді, іші пысады. Экстроверт адамды екі минутқа жалғыз қалдырсаң, ол ұялы телефонына қолын соза бастайды. Ал интроверт болса, бір-екі сағат көпшілік арасында жүрсе, бірден жалғыздыққа қайта оралғысы келіп, қалыпқа келуді қажет етеді. Жеке мен үшін өзге адамдармен өткізген әрбір сағат кейін екі сағат тыныштықты талап етеді. Бұл әлеуметке деген қарсылық емес. Депрессияның да белгісі емес. Бұнда дәрі-дәрмектің қажеті жоқ. Кез келген адам үшін тамақ немесе ұйқы қалай күш берсе, интроверттерді жалғыздық дәл солай қалыпқа келтіреді. Біздің ұранымыз: «Маған да, саған да аздап жақсылық болсын»
Әлемде қанша интроверт бар? Осы сұраққа жауап табу үшін біраз зерттеу жүргіздім. Жауабы: шамамен 25 пайыз. Немесе жартысынан азы. Немесе, менің жақсы көретінім: «Қарапайым халық арасында азшылық, дарындылар арасында – көпшілік.»
Интроверттер түсініспеушілікке тап болады ма? Өте жиі. Тағдырымыз сондай сияқты. Білім беру саласындағы сарапшылар Джилд Д. Беррусс пен Лиза Каензиг: «Экстроверт үшін интровертті түсіну өте қиын» Интровертер болса, экстравертерді жақсы түсінеді, себебі экстраверттер басқалармен жиі кездеседі, сол кездесулерде өздерінің қандай екенін көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, бұл түсіністік қарама-қарсы бағытта орын ала бермейді: экстраверттер интроверттерді түсінбейді. Экстраверттер өздерін әрдайым достарының жанында көрігісі келеді, бірақ басқалардың қалаулары басқаша бола алатынын көрмейді. Адамдардың неліктен жалғыз қалғысы келетінін түсінбейді, кейде тіпті ренжіп те жатады. Оларға жалғыздыққа деген мұқтаждықтың себебін түсіндіруге тырысқанмен, мені әлі ешкім түсінбеген сияқты. Аздап тыңдайды да, қайта бұрқылдай бастайды.
Интроверттерге зиян тигізіп жатырмыз ба? Солай деп айтсам болады. Біріншіден, сөзқұмарлар ғана өзін еркін сезінетін саясат саласында экстроверттер толып жатыр. (Менің оқығаным бойынша, көптеген актерлер – интроверттер, және көптеген интроверттер адамдармен қарым-қатынас кезінде өздерін актер ретінде сезінеді.) Жалпы, интроверттер саясатқа «табиғи» емес.
Сондықтан, қоғамдық өмірдегі адамдардың басым көпшілігі - экстраверттер. Өкінішті. Әлемді біз, интроверттер басқарса, жер тыныш, қолайлы және бейбіт болар еді. Кулидж айтқандай: «біз жай ғана отырып, тыныштық сақтасақ, қиындықтардың бестен төрті жоғалатынын білесіз бе?» (Сонымен қоса, ол «Ештеңе айтпасаңыз, қайталауға да тура келмейді» деген болатын. Шын интроверттің өзі туралы айтудан артық жек көретін жалғыз заты - айтқан сөзін қайталау.)
Әңгіме құруға, ілтипатқа деген сүйіспеншілігі арқасында әлеуметтік өмірде экстраверттер басым болып келеді. Қоғамдағы үлгілі мінез-құлықтың, үлгілі тәртіптің бейнесін де олар салады. Біздің экстроверттік қоғамда көпшіл болу - норма, құнды қасиет, және ол бақыттың, сенімділіктің, озаттықтың белгісі болып саналады. Экстраверттер кеңжүректі, жарқын, мейірімді, жанашыр болып есептеледі. "Көпшіл екенсің" деген тіркес - комплимент. Ал, интроверттер «сақ», «тұйық», «үндемейтін», «жалғыз», «құпия» сияқты жағымсыз, сараңдық пен тұлға тарлығын көрсететін сөздер арқылы суреттеледі. Әйел-интроверттер болса, одан да көп зардап шегеді. Белгілі бір аймақтарда интроверт ер адам әлі де байсалды және сабырлы (позитивті жағынан) деп қарастырыла алады, ал дәл сондай әйелдер ұялшақ, тұйық, тәкаппар деп есептеледі.
Интроверттер тәккаппар ма? Екіталай. Бұл интроверттердің экстраверттерге қарағанда зиялы, ойшаң, тәуелсіз, салмақты, талғампаз және сезімтал болуына байланысты кең таралған қате пікір. Олардың көп сөйлемейтінін экстраверттер менсінбеушілік деп санап жатады. Біз сөз сөйлеудің алдында ойланып аламыз, ал экстраверттер сөйлеу барысында ойланады, сондықтан олардың кездесулері кем дегенде алты сағатқа созылады. Томас П. Краузер есімді адам «Неліктен барлық ақшаны экстроверттер табады?» атты кітапқа жазған онлайн-рецензиясында (бұны да ойдан шығарып жатқан жоқпын) «Интроверттерге экстраверттер жүргізетін жартылай ішкі диалог кедергі келтіреді. Олар сыртқа шағым айтпайды, оның орнына көздерін жұмып, тыныш қана қараңғылықты қарғайды» деп жазған. Дәл солай.
Экстраверттердің бізге тигетін азап жайында ештеңе білмейтіні қорқынышты. 98 пайыз бос сөзден тұратын әңгімелерінің арасында тұншыға бастағанда не айтып жатқандарын өздері түсіне ме деген сұрақ туындайды. Дегенмен, шыдамдық танытуға тура келеді, себебі экстроверттер жазған этикет туралы кітаптарда әзілдесуден бас тарту - әдепсіздіктің белгісі, ал әңгіме барысындағы олқылықтар ыңғайсыздық тудырады деп жазылған. Кім білсін, күндердің бір күнінде, бізді түсінетін адамдар көбейген кезде интроверттер құқықтарын қорғайтын қозғалыстар гүлденіп, жемісін берген кезде «Мен интровертпін. Сен де керемет адамсың және маған ұнайсың. Бірақ, өтінемін, қазір үндемей-ақ қойшы» деп айту әдепсіздік деп саналмайтын заман туып жатар.
Қасымдағы интровертке оны қолдайтынымды және оның таңдауын құрметтейтінімді қалай жеткізсем болады? Біріншіден, ол таңдау емес екенін түсініңіз. Бұл өмір сүру стилі де емес. Бұл – ориентация.
Екіншіден, интроверттің ойға батқанын көрсеңіз, «Не болып қалды?» немесе «Бәрі жақсы ма?» деп сұрамай-ақ қойыңыз.
Үшіншіден, басқа ештеңе айтпаңыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?