Әсемдікке ұмтылыс
Қаза намаз - қаза болмасын
Ұйықтап қалу, ұмыту, немесе себепсіз өткізіп...
Ішік деген не?
Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терілерінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі, жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, қарсақ ішік, зорман ішік, пұшпақ ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілетін ішік сирек кездеседі. Басқа ішікке қарағанда ол жылы болады.
Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.
Қазақтың әдет-ғұрпында ішіктің алатын өзіндік орны бар. Мысалы, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастарға киюге болмайды, себебі жастық жалыны мен тері қызуы жігіттің күшін қайтарады немесе ауруға ұшыратады. Сл сияқты екі адам боранды күнде адасып, қасқыр ішікті адамның жанындағы кісі үсіп өлсе, онда өлген кісінің туыстары қасқыр ішікті кісіден құн даулауға хақысы бар, өйткені бір қасқыр ішік екі адамды суыққа бермейді. Дала заңы осылай.
Дұха (сәске) намазы
Духа намазы қалай оқылады? Духа намазының маңыздылығы қандай?
Жауап: Дінімізде күннің астыңғы шетінің сыртқы (көрінетін) горизонт сызығынан бір найза бойы көтерілген және күннің тұнық (таза, ашық) аспанда тікелей көзбен қарай алмайтындай дәрежеде жарқыраған кезі Духа уақыты немесе Ишрақ (сәске) уақыты деп аталады. Духа уақтында күннің центрінің шынайы горизонттан биіктігі....
Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?
Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.
Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік. Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік» - дейді......
Арапа күні не істеу керек?
Арафат тауына келер болсақ, ол – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың, олар қай жерде болмасын, Өз құлдарына берген сыйы. Сол себепті, қажылық жасай алмай, Алланың....
Арапа күні туралы не білеміз?
Дінімізде «Арапа» сөзі қасиетті ұлық мерекенің бастауын білдіреді. Құрбан айт мейрамынан алдыңғы күнді «арапа» деп атайды. Ислам тарихына үңілсек, бұл күннің бастауы сонау Ибраһим пайғамбардың өмір тарыхынан маңызды кезеңді еске түсіреді.
Яғни, зүлхиджа айының сегізі күні Ибраһим пайғамбар түсінде құрбандыққа баласы Исмайылды шалып жатқанын көреді. Әуелде бұған аса мән бере қоймайды. Көрген түсін жәй түс болар деп ойлаған Ибраһим пайғамбар....
Қашықтан білім алудың артықшылықтары
Ғаламтор арқылы білім алу немесе e-learning өзінің тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Әлемдегі миллиондаған адамдар жаңа білім алудың заманауи әдісін бағалап үлгерді. Оның мұндай керемет танымалдылығының құпиясы неде? Соны талдап көрейік.