Шәмші Қалдаяқов (Байқоңыр)

 Шәмші Қалдаяқов (Байқоңыр)

Арайлы аңсаған асыл армандарымдай
Әлемге аян Байқоңыр
Алатау, Алтайдың жасыл ормандарындай
Кең далам менің - жайлы өңір

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

Аттанған аспанға қыран отандастарым
Қиянға самғап жол салған
Өздері ұшырып менің шопан достарым
Осында қайта қарсы алған

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

Бұл жерді жайлаған менің абзал достарым
Бойында толы жақсы арман
Еңбектің, ерліктің айтып алғаш дастанын
Достықтың әні басталған

Қайырмасы:
Саяңда Байқоңыр
Құлашын жайды өмір
Жүзіңді самал боп аймалайын
Космостың заманы
Дәуірдің жаңа әні
Қазақтың жерінен айналайын

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Жаңбырбай
    Жаңбырбай 08.12.2018 10:56
    0 + 0 -
    Шамши акемиздин, Жезказган облысы, Жезди ауданы, Байконыр деген ауылға барған кезде журегинен шығарып жазып кеткен ани екен.