Базар Жырау Оңдасұлы (Әр кемелге, бір зауал)
Сарыарқаның белінде,
Ырғыздың құба жонында,
Жусанның түбін кемілген,
Бұйырғын жеп семірген,
«Жүйрікпін!» - деп делірген,
Құлағын тігіп елірген,
«Жан жетпес!» деп шелірген,
«Кер құлан» деген аң болар,
Аунаған жері шаң болар;
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Көрген кісі таң болар;
Сақ болады жануар,
Шыңдап ажал жеткенде,
Жер тұтасын ұрлаған,
Шақпақ тасып тырлаған;
Елеусіз жермен еңбектеп,
Бауырын бұта тырнаған;
Ормалы мылтық қолға алып,
Ойпаңдау жермен зырлаған;
Ұсынған оғы кетпеген,
Тигені тұяқ серіппеген,
Бір атқышшыл сұмға кез болар!
Аспанда жүріп шалқытқан,
Бөктерлеп тауды қалқытқан;
Мұзды балақ, қанды көз,
Аң көрмей қанат қақпаған;
Балапанын ұшқанында -
Ұяда баулып сақтаған.
Құс белгілер құмартып,
Түскенмен іздеп соңына,
Түсіре алмай қолына,
Қарасын көкте бір көріп,
Қонатын жерін таппаған;
Аш құрсақ , асау көк бүркіт
Тартынақ көріп түйлігіп,
Құлдилап көктен шүйлігіп;
Қолға түсер кезінде,
Айдаса бармас аранға
Өзді - өзінен килігіп -
Бір қырулы жанға кез болар!
Жал, құйрығы өрілген,
Өлшеммен от - су берілген;
Бастырық жабу, жемменен
Байлауда тұрып семірген;
Шын жарауы түскенде,
Жабуын алсаң, жануар
Сілкініп дүр - дүр керілген;
Ұлы дүбір болғанда,
Зерігіп іші толғанда,
Шыр айналып қазығын,
Осқырып жерді тебінген;
Кедергіден өткенде,
Жел ортаға жеткенде,
Көтермеші көп қолға
Ұстатпай шылбыр кеткенде;
Бөкенше тастап аяғын,
Бұшақтап тері төгілген;
Жерден озып, жол алып,
Жолына бәйге мол алып,
Қара терге сыбалып,
Құйындай шаңы шұбалып,
Қырымнан жалғыз көрінген;
Тері кепсе, тыңайып,
Сыр бермеген мұңайып,
Айдалғанмен алысқа,
Ор текедей ойнақтап,
Талай келген өлімнен;
Таласпай ешкім жолына,
Тұрғанда бағыа оңына,
Екі талай жерлерде,
Шабылмай бәйге берілген;
Сол секілді наз бедеу,
Жолыққан күні тосуға,
Келтірмей қайтып қосуға -
Бір жалғыз қазыққа кез болар»
Бес қаруын асынған,
Беттескен жауын қашырған,
Туралап тартқан садағы -
Тимеген кейін жасылдан;
Ерегіскен дұшпанын -
Енді қайтып келместей,
Көз көрмеске асырған;
Тірі жан келмей бетіне,
Дарымай қару етіне,
Араны жүріп тұрғанда,
Байтаққа дәрпі шашылған;
Мезгілімен ас ішпей,
Аттан түспей, бел шешпей,
Кірпік қақпай күндіз - түн,
Ұйқысы шайдай ашылған;
Ер өлтіріп, ел шауып,
Ел шапса, олжа мал тауып,
Әркімменен қас болып,
Қайратына маз болып,
Менменсіген ер жігіт -
Талайды сөйтіп басынған;
Өлшеулі демі біткенде,
Ажалдың оғы жеткенде,
Бадана көзді берік сауыт,
Тең болар, оның панасы -
Жалаңқат киген шекпенге;
Қайтпайтын жаудан қайратты,
Маңдайдан шыпшып қара тер,
Жанды жерден қадалған -
Бір жалғыз оққа кез болар!
Мыңдап жылқы айдаған,
Жүздеп нарды байлаған,
Қызылды қыстап, жаз болса,
Саланың бойын жайлаған;
Қомы астаудай түйелер,
Қазысы қарыс биелер,
Қолайлы қоныс жерінде,
Семіздіктен шайлаған;
Кіреге шыққан керуендей,
Наруанға буып, нарға артып,
Сүрейлеп жүкті тайлаған;
Тірелген дүние жасауға,
Бәйшешектей түрленіп,
Орданың іші жайнаған;
Бірі - асып, бірі - түсіріп
Әртүрлі тамақ пісіріп,
Ертелі - кеш қазаны
Оттан түспей қайнаған,
Сол секілді байлардың
«Дәулеті қолдан кетер» деп,
«Кедейлік мұнда жетер» деп,
Кімдер, сірә, ойлаған?
Аспанннан жауса ақбасқын,
Жерден борап суырған;
Зымыстан болып шаруаның,
Апшысын әбден қуырған;
Қорадан шықпай қой, түйе,
Бола алмай ешкім малға ие,
Қыл құйрық қалмай жылқыдан,
Бетімен кеткен ығынан;
Ызғырық соққан борасын,
Көрсетпей күннің толасын,
Адалынан айырылып,
Бір жұртта жиған қорасын,
Мыңғырған неше байларың -
Бір ақ сирақ жұтқа кез болар!
Абайласаң, жігіттер,
Болатын сөйтіп кезінде,
Әр кемелге - бір зауал.
Осыларды ойламай,
Ақылсық кейбір ақмақтар,
Алдағанға мәз болар.
Неше алуан өзгерген,
Естісе құлақ, көз көрген,
Әр заманның өзіне -
Ылайықты саз болар.
Өткен дәуір белгісіз,
Бір жылдың жартысы қыс болар,
Жадырап, жартысы жаз болар.
Құлазыған далаға
Құладын тұрмас байласаң;
Айдын шалқар көл болса,
Үйрек ұшып, қаз қонар.
Алла ісіне амал жоқ
Асылдан мұрат аз болар.
Атымын таппай іс қылса,
Қайратқа салып күш қылса,
Айбалтаны мұқалтқан,
Қайың да қатты без болар.
Әркімдер іздеп түнейтін,
Түнегендерді түзейтін,
Арнаулы тұрған әр жерде,
Қырулы дайын тез болар.
Жолы болар жігітке
Ғайып ирен қырық шілтен
Жорытқанда кез болар.
Ішкеннің мейірі қанатын,
Ішпеген аңсап баратын,
Кәделі қайнар бұлатқа
Тартылмайтын көз болар!
Ханның бағы таярда,
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар.
Бидің бағы таярда,
Үлгілі сөзден айырып,
Әркімнің мінін қазбалар.
Байдың бағы таярда,
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қонсы қозғалар.
Дүниені дос көріп,
Жиғанныңмен тірнектеп,
Өлгенінде үстінде
Киері - үш қат бөз болар.
Тіріде жанға тыным жоқ,
Қызыл тілде буын жоқ,
Айта берсең, аяғы -
Таусылмайтын сөз болар.
Ырғыздың құба жонында,
Жусанның түбін кемілген,
Бұйырғын жеп семірген,
«Жүйрікпін!» - деп делірген,
Құлағын тігіп елірген,
«Жан жетпес!» деп шелірген,
«Кер құлан» деген аң болар,
Аунаған жері шаң болар;
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Көрген кісі таң болар;
Сақ болады жануар,
Шыңдап ажал жеткенде,
Жер тұтасын ұрлаған,
Шақпақ тасып тырлаған;
Елеусіз жермен еңбектеп,
Бауырын бұта тырнаған;
Ормалы мылтық қолға алып,
Ойпаңдау жермен зырлаған;
Ұсынған оғы кетпеген,
Тигені тұяқ серіппеген,
Бір атқышшыл сұмға кез болар!
Аспанда жүріп шалқытқан,
Бөктерлеп тауды қалқытқан;
Мұзды балақ, қанды көз,
Аң көрмей қанат қақпаған;
Балапанын ұшқанында -
Ұяда баулып сақтаған.
Құс белгілер құмартып,
Түскенмен іздеп соңына,
Түсіре алмай қолына,
Қарасын көкте бір көріп,
Қонатын жерін таппаған;
Аш құрсақ , асау көк бүркіт
Тартынақ көріп түйлігіп,
Құлдилап көктен шүйлігіп;
Қолға түсер кезінде,
Айдаса бармас аранға
Өзді - өзінен килігіп -
Бір қырулы жанға кез болар!
Жал, құйрығы өрілген,
Өлшеммен от - су берілген;
Бастырық жабу, жемменен
Байлауда тұрып семірген;
Шын жарауы түскенде,
Жабуын алсаң, жануар
Сілкініп дүр - дүр керілген;
Ұлы дүбір болғанда,
Зерігіп іші толғанда,
Шыр айналып қазығын,
Осқырып жерді тебінген;
Кедергіден өткенде,
Жел ортаға жеткенде,
Көтермеші көп қолға
Ұстатпай шылбыр кеткенде;
Бөкенше тастап аяғын,
Бұшақтап тері төгілген;
Жерден озып, жол алып,
Жолына бәйге мол алып,
Қара терге сыбалып,
Құйындай шаңы шұбалып,
Қырымнан жалғыз көрінген;
Тері кепсе, тыңайып,
Сыр бермеген мұңайып,
Айдалғанмен алысқа,
Ор текедей ойнақтап,
Талай келген өлімнен;
Таласпай ешкім жолына,
Тұрғанда бағыа оңына,
Екі талай жерлерде,
Шабылмай бәйге берілген;
Сол секілді наз бедеу,
Жолыққан күні тосуға,
Келтірмей қайтып қосуға -
Бір жалғыз қазыққа кез болар»
Бес қаруын асынған,
Беттескен жауын қашырған,
Туралап тартқан садағы -
Тимеген кейін жасылдан;
Ерегіскен дұшпанын -
Енді қайтып келместей,
Көз көрмеске асырған;
Тірі жан келмей бетіне,
Дарымай қару етіне,
Араны жүріп тұрғанда,
Байтаққа дәрпі шашылған;
Мезгілімен ас ішпей,
Аттан түспей, бел шешпей,
Кірпік қақпай күндіз - түн,
Ұйқысы шайдай ашылған;
Ер өлтіріп, ел шауып,
Ел шапса, олжа мал тауып,
Әркімменен қас болып,
Қайратына маз болып,
Менменсіген ер жігіт -
Талайды сөйтіп басынған;
Өлшеулі демі біткенде,
Ажалдың оғы жеткенде,
Бадана көзді берік сауыт,
Тең болар, оның панасы -
Жалаңқат киген шекпенге;
Қайтпайтын жаудан қайратты,
Маңдайдан шыпшып қара тер,
Жанды жерден қадалған -
Бір жалғыз оққа кез болар!
Мыңдап жылқы айдаған,
Жүздеп нарды байлаған,
Қызылды қыстап, жаз болса,
Саланың бойын жайлаған;
Қомы астаудай түйелер,
Қазысы қарыс биелер,
Қолайлы қоныс жерінде,
Семіздіктен шайлаған;
Кіреге шыққан керуендей,
Наруанға буып, нарға артып,
Сүрейлеп жүкті тайлаған;
Тірелген дүние жасауға,
Бәйшешектей түрленіп,
Орданың іші жайнаған;
Бірі - асып, бірі - түсіріп
Әртүрлі тамақ пісіріп,
Ертелі - кеш қазаны
Оттан түспей қайнаған,
Сол секілді байлардың
«Дәулеті қолдан кетер» деп,
«Кедейлік мұнда жетер» деп,
Кімдер, сірә, ойлаған?
Аспанннан жауса ақбасқын,
Жерден борап суырған;
Зымыстан болып шаруаның,
Апшысын әбден қуырған;
Қорадан шықпай қой, түйе,
Бола алмай ешкім малға ие,
Қыл құйрық қалмай жылқыдан,
Бетімен кеткен ығынан;
Ызғырық соққан борасын,
Көрсетпей күннің толасын,
Адалынан айырылып,
Бір жұртта жиған қорасын,
Мыңғырған неше байларың -
Бір ақ сирақ жұтқа кез болар!
Абайласаң, жігіттер,
Болатын сөйтіп кезінде,
Әр кемелге - бір зауал.
Осыларды ойламай,
Ақылсық кейбір ақмақтар,
Алдағанға мәз болар.
Неше алуан өзгерген,
Естісе құлақ, көз көрген,
Әр заманның өзіне -
Ылайықты саз болар.
Өткен дәуір белгісіз,
Бір жылдың жартысы қыс болар,
Жадырап, жартысы жаз болар.
Құлазыған далаға
Құладын тұрмас байласаң;
Айдын шалқар көл болса,
Үйрек ұшып, қаз қонар.
Алла ісіне амал жоқ
Асылдан мұрат аз болар.
Атымын таппай іс қылса,
Қайратқа салып күш қылса,
Айбалтаны мұқалтқан,
Қайың да қатты без болар.
Әркімдер іздеп түнейтін,
Түнегендерді түзейтін,
Арнаулы тұрған әр жерде,
Қырулы дайын тез болар.
Жолы болар жігітке
Ғайып ирен қырық шілтен
Жорытқанда кез болар.
Ішкеннің мейірі қанатын,
Ішпеген аңсап баратын,
Кәделі қайнар бұлатқа
Тартылмайтын көз болар!
Ханның бағы таярда,
Дұшпаны сырттан көбейіп,
Жаны ашыр досы аз қалар.
Бидің бағы таярда,
Үлгілі сөзден айырып,
Әркімнің мінін қазбалар.
Байдың бағы таярда,
Танабын құдай тарылтып,
Қасынан қонсы қозғалар.
Дүниені дос көріп,
Жиғанныңмен тірнектеп,
Өлгенінде үстінде
Киері - үш қат бөз болар.
Тіріде жанға тыным жоқ,
Қызыл тілде буын жоқ,
Айта берсең, аяғы -
Таусылмайтын сөз болар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?