Жайдарлы жеңгелерім

 Жайдарлы жеңгелерім

Жеңгелер алтын жеңгелер
не айтсаң бәрі жөн келер,
қайныларымен қалжыңдап
қанжығасына өңгерер.

Айсұлудай айбатты
мінезі өте қайратты,
той думаннан ешқашан
абысындарынан қалмапты.

Зәуреш көкем үлкені
жеңгелердің дөкейі,
бұзықтанса қайнысы
ұстап алып бүркеді.

Аруағыңнан айналдым
алтын менің көкешім,
қайныларына әрқашан
қолдау беріп жүретін.

Жеңгем барғой тағыда
Бекен ағамның бағына,
Гүлзипа өзің келдің ғой
абысындарыңның қасына.

Алтынайдай ақ жеңгем
мінезі тұйық шоқ жеңгем,
шығыс қызы болған соң
орысшасы көп жеңгем.

Бақыткүл деген ол жеңгем
Қытай асып ол келген,
мәмпәр деген ас дайындап
абысындарын үйреткен.

Мансурадай жеңгем бар
қыйын мінез бір өзі,
мінезі шатақ болсада
тойымды менің өткізді.

Жұмағайшадай жайдарлы
білімі бар жоғары,
тәрбие беріп бәріне
оқытып жүр баланы.

Жеңгелер асыл жеңгелер
сендерге кім бар тең келер,
ағаларыммен әрқашан
күліп ойнап жүріңдер!!!

Ерік Еренғазыұлы
07.09.2018.ж.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?