Ережеп айы – Рамазанның сүйіншісі
Он екі айдың ішіндегі қасиетті де құрметті төртеудің бірі – ережеп айы. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал рамазан жақындық пен нығмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, шағбан айы егінді суғару, ал рамазан болса, жемісті жинау айы». Аллаға шүкір, қасиетті үш айдың бірі саналатын Ережепке аман-есен жеткізді. Бұл айда әрбіріміз ғибадатты күшейтіп, Жаратушымызды ұлықтап, пәктеуді бұрынғыдан да арттыруымыз қажет.
«Ережеп» сөзі араб тілінен ұлықтау, мадақтау деген мағыналарды білдіреді. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайды, тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол төгіледі. Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Жәннатта сүттен ақ, балдан тәтті өзен бар. Ол Ережеп деп аталады. Кімде-кім ережеп айында ораза ұстаса, Алла тағала сол өзеннен су ішкізеді», – дейді. Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, Рамазан – үмбетімнің айы», – деген. Сондықтан, босқа өткізіп алмай, Алланы көбірек еске алып, біліп-білмей істеген қателеріміз үшін кешірім сұрап, тәубеге келіп, Құран оқып, ілім үйренумен өткізгеніміз жөн.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде: «Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259) – деген дұғамен қасиетті айларды (ережеп, шағбан, рамазан) бастайтын.
Иә, ережеп, шағбан айларында ізгі амалдарымызды көбейтсек, жетімнің басынан сипап, Қарағанды секілді көмекке мұқтаж жерлерге қол ұшымызды созып, сауапқа кенелсек, екінші жағынан солар арқылы алдымыздағы айлардың төресі Рамазанға дайындық жасаймыз.
imagesЕрежеп айында қасиетті екі түн бар. Бұл айдың алғашқы жұмасы – Рағайып түні болса, жиырма жетінші түні – миғраж сапарына дөп келеді. «Рағайыптың» сөздік мағынасы – «жауһар, құнды, бағалы, игілік» деген мағыналарды білдіреді. Осыған байланысты «Ләйлә Рағайып» тіркесін «жақсылық пен игілікке толы және аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Ислам ғұламаларының айтуына қарағанда, пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бұл түні нұрлы сырларға қанығып, Ұлы Жаратушыға мадақ айтып, шүкіршілік жасап, дұға, кешірім тілеп, намаз оқыған.
Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) дұшпандармен табанды күрес жүргізіп, әбден қажыған шағында, қасиетті Миғражды (түнгі серуен) нәсіп еткен еді. Миғраж, сенімді дерек көздеріне қарағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушының құзырына шыққан болатын. Сөйтіп үмбетіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый – намазды әкелген еді. Пенде намаз оқыған сәтте бейне бір миғражға көтеріліп, Алланың құзырына барғандай әсерленеді.
Міне, ережеп айы осындай қасиетті түндерімен де құнды. Қасиетті күндер мен түндерден басқа күні жасалған әрбір игі іс, Құраннан оқыған әрбір әріптің сауабы жүз немесе мыңға дейін көбейсе, бұл қасиетті айлар мен түндерде тіпті еселенеді. Сондықтан, бұл айларда қолымыздан келгенше, Құран оқып, дұға жасап, кешірім тілеп, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып, мүмкіндікті өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисін айта кетейік: «Дұға қайтарылмайтын бес түн бар: ережеп айының бірінші түні, шағбанның ортаңғы түні, жұма түні, екі айт түндерінде», – деген. Сондықтан, мол дұға жасауды ұмытпайық.
Ережеп айының сырлары
- Ережепте ораза ұстаған адамның Алла өткен күнәларын кешіреді.
- Ережептің басында, ортасында, аяғында аузын бекіткен жан, бір ай ораза ұстағандай сауап алады.
- Ережеп айында біреудің мұқтажын өтеген жанға, Алла тағала Фирдаус жәннатынан сарай тұрғызады.
- Бұл айда өзгеге сый-құрмет көрсеткен, Алланың сый-құрметіне ие болады.
- Осы айда бір күн ораза ұстаған жан жәннаттағы балдан тәтті, сүттен ақ Ережеп атты өзеннен сусындайды.
- Ережепте құлшылық еткен жан, қабір азабынан құтылады.
- Ережептің алғашқы түнінде дұғалар сөзсіз қабыл болады.
- Бұл айда істелген сауап пен күнә 70 есе өседі.
- Кімде-кім Ережеп айында сауабын Алла Тағаладан үміт етіп, ықыласты түрде бір күн ораза тұтатын болса, Алланың разылығын иеленеді.
- Екі күн ораза тұтқан адамның сауабы екі есе болады, әрқайсысы бір таудай болады.
- Үш күн ауыз бекіткен адам дүние бәлесінен ақырет азабынан, жындану, алапес ауруынан және Даджалдың кесірінен аман болады.
- Жеті күн ораза тұтқан адамға тозаққа түспес үшін жеті тозақ қақпалары жабылар.
- Сегіз күн ораза тұтқан адамға жұмақтың қақпалары ашылады.
- Он күн ораза тұтқан адамға, Алла Тағаладан не сұраған болса, сұрағаны беріледі.
- Он бес күн ораза тұтқан адамның алдыңғы күнәларын кешіреді де жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Ал, егер оразасын келесі күндері жалғастыратын болса, сауабын одан әрі арттыра түседі.
- Алла тағала қасиетті айлар мен қадірлі түндерде жасалған құлшылық, ғибадаттарымызды қабыл етсін! Әмин!

Кесебаев Мирас
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?