Әлемдік білім беру жүйесінің тиімділігін қолданған Университет
Білім беру жүйесі бұл әлемдік деңгейдегі ең бір қуатты күш болып табылады. Білім, ғылымды өзге елден іздеп, ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми жаңалық ашқан ірі ғұламаларды тарихтан білеміз. Қазақтың даласынан шығысқа және батысқа қарай білім алуға ұмтылу ертеден қалыптасқан үрдіс. Оған өзге елде білім алған ертедегі Анахарсис философ, орта ғасырдағы әл-Фарабиден бастап кейінгі ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларынан, бүгінгі «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған жастарымзды атап өтсек болады. Ортағасырлық ойшылдар білімді іздеу қасиетті жол деп санаған. Бүгінгі заманның талабы бойынша білім бұл қоғамның дамуы мен адами ресурстардың тиімді қолданылуы, жеке тұлғалық қабілеттілік пен оның кәсіби ортада өз орнын табуға апаратын жол ретінде қарастырылады.
Сондықтан жеке адамның сапалы білім алатын орнын таңдау құқысы бар. Қазақстанның университеттердің арасынан алғашқылардың бірі болып әл-Фараби университеті әлемдік университет тәжірибесін тиімді қолдану бағытын ұстануда. Бұл бір университеттің білім беру жетістігін мемлекеттің ішкі даму деңгейінің көрсеткіші ретінде қарауға болады. Әлемдік жоғары білім беру жүйесі-бұл ірі мемлекеттердің өзара бәсекелестік алаңы. Ұлттық экономика, саяси ахуал, мәдени өмірі - жоғары білім беру жүйесінің ортақ шарттарын анықтайды. Бұл бәсекелестікте алдыңғы қатарлы мемлекеттер 100 млрд. доллар айналымын ұсынады. Жоғары білім берудің сапалық деңгейі және оның тиімділігі осы елдердің білім беруді экспорттауда өзара тартысқа түсудегі ықпалы зор. Әрине бұл елдер арасындағы қоғамға жаңа ықпалдастық жолын ұсыну ретінде қарастыруға да болады. Жоғары білімді экспорттауда әр елдің өзіндік мүддесі болуы заңдылық.
Осындай ахуалда әл-Фараби университеті әлемнің ең озық жоғары оқу орындарымен келісім жасап, олардың білім беру үдерісіндегі тәжірибесін қолдануға және барынша бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда басты шарт ретінде қарастырады. Біздің университетіміз Халықаралық университеттер Ассоциациясының мүшесі және Еуразиялық университеттер Ассоциациясының ұйымдастырушысы. Орталық Азия мемлекеттері мен Қазақстан ЖОО арасында тұңғыш болып Болон қаласында Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды, ИСО 9000:2000 халықаралық стандарттар талабы негізінде сапа мененджмент жүйесіне сай (СМЖ) халықаралық сертификаттаудан жемісті өтті және IQNET Халықаралық сертификаттау жүйесі сынды ең ірі әлемдік сертификаттау орталығының куәлігін иеленді. ҚазҰУ бүгінгі таңда әлемнің 25 мемлекетіндегі 400-ден астам ірі университеттерімен жемісті әріптестік жүргізуде. Білім және ғылым саласында іс жүргізетін шетелдік кәсіпорындармен 340 келісімшарт жасалған. ҚазҰУ-дың 2014-2015 оқу жылдарында қазақ, орыс тілдерімен қатар, ағылшын тілінде 36% бакалавриат бөліміндегі мамандықтар, 46%
магистратура бөліміндегі мамандықтар білім алуда. Оны жүзеге асыруда шет ел универсиеттерінен шақырылған профессорлар мен университетіміздің оқытушы-профессор құрамы өз үлестерін қосуда.
Академиялық ұтқырлықта және магистраннтырдың тәжірибе жүргізу мен білімгерлермен алмасуда және заманауи халықаралық білім бағдарламаларын жүзеге асыруда әлемнің ең ірі 418 халықаралық жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық орнатылған. Сондықтан әр жаңа оқу жылында бакалавриат бөлімінен міндетті түрде студенттер Европаның, АҚШ, Азияның алдыңғы қатарлы университеттерінде семестрлік білімін шыңдауына мүмкіндік жасалған. Әрине бұл қадамдар біздің университет арқылы мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі зияткерлік дәрежесін айқындайды.
Бүгінде Университетіміз оқу үдерісінің тиімділігі мен қолданбалығына баса назар аударған. Мамандарға сұраныс аясындағы талаптарды білім беруде ескеру, базалық білімді практикамен ұштастыруды көздейді. Осы жағдайда әлемдік білім нарқында өзнің академиялық саясатының үнемі шыңдау арқылы бәсекеге қабілеттілігін танытуда.

Әбділдабекова А.М.,
Телеуова Э. Д.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?