Мешітке барғанда орындалатын 10 ереже
Қасиетті Құранда: «Шүбәсіз, мешіттер (һәм онда өтелетін барлық құлшылықтар) бір Алла үшін (сондай-ақ адам баласының құлшылық барысында қимылдайтын барлық мүшелері де бір Аллаға тиесілі). Ендеше, Алладан басқа ешкімге әрі ешнәрсеге дұға етіп, жалбарынбаңдар!» делінген («Жын» сүресі, 18-аят).
Осылайша, Жаратушымыз бізге мешітке баруды бұйырады. Алайда Алла үйіне кірудің, онда отырудың, шығудың өзіндік тәртіптері мен әдептері бар.
- Мешітке барарда үстіңізден мейлінше жағымды иіс шығып тұруы тиіс: дәрет алып, таза киімдеріңізді киіп, тісіңізді мисуакпен тазалаңыз (кетер алдында пияз немесе сарымсақ жемеңіз), иіссу себініңіз.
- Кірер алдында ұялы телефоныңызды сөндіріп қойыңыз.
- Оң аяқпен кіріп, иғтикаф жағдайында қалуға ниет ету (иғтикаф дегеніміз –мешітте ниет етіп, белгілі бір уақыт құлшылық жасауға қалу).
- Мүмкіндігінше алдыңғы қатардағы орындарға жайғасу (алдыңғы қатарларда орын бола тұрып, артқы орындарға отырып кейін келген адамдарға кедергі келтірмеу керек).
- Мешітке кірген соң онда зікір етіп немесе Құран оқып жатқан адамдармен сәлемдесуге болмайды.
- Құлшылық етіп жатқан адамның алдынан өтуге болмайды.
- Қатты дауыстамаңыз (тіпті Құран мен намаз оқығанда да).
- Егер уақытыңыз болса, мешітке кіре сала отырмай тұрып 2 рәкәт мешітке сәлем беру сүннет намазын оқыңыз.
- Имам мінберге шыққан соң сөйлесуге, сәлемдесуге, біреуге ескерту жасауға тыйым салынады.
- Мешіттен сол аяқпен шығу керек.
Бұл аталғандар жалпы қағидалар. Ал мешітке кіргенде және шыққанда оқылатын дұғаларды бөлек беруді жөн көрдік.
Қажетті сілтемелер:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?