Мектепке өтінішті ғаламтор арқылы беруге болады

Осы жылдың 1 тамыздан бастап мектепке өтініштерді ғаламтор арқылы беруге болады. Өтініштер "E-learning" электрондық білім беру жүйесі бағдарламасы енгізілген мектептер үшін қабылданады.
Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ол үшін www.egov.kz электрондық порталында тіркелу қажет. Ата-аналар мектепті жалпы білім беретін мектеп, мектеп-гимназия немесе мектеп-лицей бейіндері бойынша таңдай алады.
Мектеп-гимназия немесе мектеп-лицейге өтініш берген жағдайда, 3 жұмыс күні аясында пайдаланушының жеке кабинетіне қабылдау емтиханынан өту керектігі, емтихан қай уақытта және қайда болатындығы туралы анықтама келіп түседі.
Кейін емтихан қорытындысы бойынша ата-аналар портал арқылы мектепке қабылдау туралы анықтама немесе бас тарту себебін түсіндірген жауап қайтарылады. Жалпы білім беретін мектепке өтініш 5 жұмыс күні аясында қарастырылады.
Егер бала қамқоршылықта болса, сауалға растау құжаттарының көшірмесін бекіту қажет. Қызмет 5 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі. Бұл қызметке Астана, Алматы қалаларының, сонымен қатар, Қазақстанның облыс және аудан орталықтарының тұрғындары жүгіне алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?