Ерлан Жүніс (Күнім)

 Ерлан Жүніс (Күнім)

Күнім,
Маңдайымның иісіне хат жазып берші,
Жусанды даламдай аңқысын.
Жүзімнің нұрына хат жазып берші,
Сенің сәулеңдей шалқысын.
Күнім,
Сөзімнің киесіне хат жазып берші,
Өмір сүйетінімді ұға алсын.
Көзімнің жасына хат жазып берші,
Жыласам – жетімдер жұбансын.
Күнім,
Алақан ыстығына хат жазып берші,
Тас бауырларды жылытсын.
Көңіл суығына хат жазып берші,
Көрген жәбірін ұмытсын.
Күнім,
Жан парағына хат жазып берші,
Оны уақыт оқысын.
Саусақ таңбасына хат жазып берші,
Ешкімнің жемесін хақысын.
Күнім,
Мені өзіңе шақырып алшы,
Алып кетсінші құс аппақ.
Ақ бауырыңда бұйығып жатайын,
Сәби дүниені құшақтап.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен