Ғұндар Неге Мөде шаньюй «Жер мемлекеттің негізі»


Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді?

Оқу мақсаты:

ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету

картада тайпалық одақтардың орналасуын көрсету

ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылу алғышарттарын білу

Сабақтың мақсаты:

Бағалау критерийі:

Білу және түсіну:

Ғұндардар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндар тарихын біледі

Білімін қолдану:

оқушылар ғұндарға, олардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазады

Сыни ойлау:

Берілген ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау (өз ойларын дәйектейді)

Анализ:

Сабақ барысында Ғұндар мен өткен сабақтағы тайпалық одақтарды салыстыра отырып, себеп-салдарлық байланыс орнатады.

ТЕРМИНДЕР:

әскери демократия – қоғамдық құрылыстың түрі.

Шаньюй – ғұндардың мемлекет басшысы.

тайпалық одақ – бірнеше тайпалардың біріккен одағы.

ЖҰПТА КЕЙІННЕН ТОПТА ТАЛҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІҢІЗДЕР:

Ғұндар мемлекеттік дәрежеге қалай жетті?

«Халықтардың қоныс аударуы» деп нені атайды?

Сыртқы саясатта ғұндар қандай саяси бағыттарды ұстанды?

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС:

Дерекпен жұмыс.

Оқушылар ғұндар жайлы деректерді пайдалана отырып, ғұндардың бет әлпетіне, тұрмыс-тіршілігіне қатысты ақпараттық карточкалар түрінде қысқаша мәлімет жазады.

ТОПТЫҚ ЖҰМЫС:

(Ғұндар жайлы деректер)

Аммиан Марцеллин:

«Ертелі –кеш ат үстінен түспейді. Маңызды істер туралы кеңесетін болса,кеңесті де ат үстінде отырып өткізеді»,- дейді.

Византия елшісі Прииск:

«Олар соғыстан кейін тыныш әрі қамсыз тіршілік етеді, әркім қолында барымен қанағат етеді», дейді.

Аттиланың бір замандасы:

«Аттила таңертең үйден шығысымен, есік алдында тұрып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады, күні бойы әлемнің әр түрлі елдерінен келген елшілерді қабылдады», - дейді.

КЕРЕКТІ АҚПАРАТТЫ АЛУ

Топтық жұмыс:

Оқушылардың міндеті: ақпараттың ішінен маңызды деген 3 тарихи тұлғаны, 3 негізгі тарихи оқиғаны анықтау керек. Өз таңдауларын дәйектер келтіре отырып, дәлелдеулері тиіс.

Бағалау: әр топтан 1 сарапшы бағалаушы болады

КАРТАМЕН ЖҰМЫС:

Ғұндардың территориясын басқа тайпалық бірлестіктердің жер аумағымен салыстырасыздар және қоныс аудару бағыттарын кескін картаға түсіресіздер.

Тарихи байланыс

Себеп және салдарды анықтау.

Оқушыларға зерттеу сұрақтары:

қоныс аударудың екі негізгі себебі және екі салдарын анықтау;

ғұндардың көрші мемлекеттермен жүргізген саясатын талдап, оның нәтижелерін анықтау;

ғұндардың әскери өнері мен жаугершілік қасиеттерін сипаттау.

СЦЕНАРИСТ

Сабақтың басында көрсетілген бейнематериалға сценарий құрастырыңыз!

(топта бейнематериал бойынша сценарий жазыңыздар)

Неліктен көрші ел Дунху Мөденің астындағы атын сұрағанда ол беруге келісті?

Мөде әйелін неліктен жауларына беруге қарсы болмады деп ойлайсыңдар?

Мөде мал жаюға қолайсыз жерді беруге неге келіспеді?

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

Мөде қағанға «хат» жазып, өздеріңнің көкейлеріңдегі сұрақтарға жауап алыңдар.

Көмек болатын қажетті сөз тіркестері:

Мысалы,

Құрметті Мөде шаньюй...,

менің ойымша...,

сізден сұрағым келгені...,

жауынгерлердің әскери қарулары...,

қытай деректерінде...

Рефлексия

(жазбаша)

Бүгінгі сабақтан мен не білдім?

Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің?

Сабақ барысында қандай сұрақ туындады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу