1 Наурыз - Алғыс айту күні (Бастауыш сынып | Ризашылық пен Алғыс)

 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Бастауыш сынып | Ризашылық пен Алғыс)

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы
№5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сәрсенбаева Лариса Асқарқызы

Өмірге риза болып, алғыс айт
Халық даналығы


Тақырыбы: Ризашылық пен Алғыс
Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:
- ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру;
– үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;
– әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, кеспе бата қағазы,қоржын,интерактивтік тақта

Шаттық шеңбері: Ризашылық

Сөзі мен әнін жазған Луиза Хей

Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын, ризамын, ризамын,
Ризамын, ризамын, ризамын, бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

Әңгімелесу
Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер?
Адам өзінің ризашылығын, алғысын қандай сөздермен білдіреді?
Сендерге кім қандай жағдайда алғыс айтты?
Өздерің қандай жағдайда алғыс айтып көрдіңдер?
–Ризашылық-адмның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі

–Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.

Мәтін мен жұмыс «Алғыс» М. Төрежанов.

( мұғалім мәтінді оқиды, тізбектеп оқушыларға оқыту)

Қасым мен Хасен анасына не үшін алғыс айтты?
Анасы балаларына алғысты не үшін айтты?
Сендерге алғыс айтқанда қандай сезімге бөленесіңдер?
Сергіту сәті Оқушыларға жасырын сергіту беріледі, өлең сөздерімен өздері сергітуді айтып шығады.
Сергіту

———————–баламыз,

————————барамыз.

———————–есейіп,

————————боламыз.

Данышпан атамыз бізге Ақботаның қоржынына өзінің алғыс батасын салып жіберіпті. Сол қоржыннан шыққан хатты әр оқушы алып оқиды және оның мағынасын ашып айтып кетесіңдер.(қоржындағы әр бата сөзі кеспе қағазда жазылған)

Рахмет!
Жасың ұзақ болсын!
Таудай бол!
Өренің өссін!
Бақытты бол!
Білімді бол!
Өнерлі бол!
Бағың жансын!
Мұратыңа жет!
Өнерің өрге жүзсін!
Азамат бол!
Еліңе қорған бол!

Сахналау:

Балалар өмірде кездесетін жағдайларға қарай ризашылық білдіруге, алғыс айтуға дағдыландыру мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Әлгінде оқыған Данышпан атаның алғыс сөздерін сахналау кезінде қолдануымызға болады.Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа жеке-жеке сахналау тапсырмалары беріледі.

І топ: Мұғалімнің және сыныптастардың қыз баланы туған күнімен құттықтау сәтін сахналау;
ІІ топ: Ағалы-қарындас туыстардың үйге келген қонақтарды күтіп алу сәтін сахналау;
ІІІ топ: «Ұландар» тобының қарттар үйіне барып, қайырымды іс жасау сәтін сахналау.

(интерактивті тақтада сахналайтын бейнелердің суреттері беріледі)

Дәйексөз «Өмірге риза болып, алғыс айт» тақтада жазулы болу керек.

-Адам өзінің өмірге келгеніне қуанып, риза болады. Қолындағы барын қанағат тұтып, осының да бар болғанына рахмет деп алғысын білдіреді. Алғыс пен ризашылық білдіру өзіңді, өмірді, өмірде барды бағалаудан басталады.

Жаңа ақпарат

Балалар, ризашылық пен алғыс сөздерінде көп мағына жатыр. «Адам өз ісіне қанағаттанып, сүйсінген кезде ризашылық сезімге бөленеді. Ал өзіне жасалған жақсылыққа ризашылық білдіруді алғыс дейміз.»

Дәптермен жұмыс тапсырма

Дәптерде берілген сұлбаға М. Төрежановтың «Алғыс» әңгімесінің мәтіні бойынша кімнің және кімге алғыс айтқанын орналастырыңдар. Бос жолақтарға не үшін алғыс айтқанын жазыңдар.

Қортындылау:

–Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Жүректен жүрекке: Біздің тілек. Ғ. Жұмабаев

Бізге ашық күн керек
Аспан керек мөп-мөлдір
Қуанышқа тұр бөлеп
Бақытты өмір төккен нұр
Тыныш болып жер беті
Түршікпесін денеміз
Азамат боп ер жетіп
Ағаларға ереміз


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?