Сараңдық, қызғаншақтық
Сараң - саңырау.
Сараң да бір, сасық су да бір.
Сараңның қолы қалтырауық.
Сараңдық соңы - арамдық.
Сараң асын бермейді, көзінің жасын береді.
Сараңға саңыраулық қонады,
Естісе де, естімеген болады.
Естісе де, естімеген болады.
Сараң соқырдың өз бидайын өзіне қуырып береді.
Сараңның асы піскенше, таудың тасы піседі.
Сараңдық ауылдастан, не бауырластан жұғады.
Сараңнан сарқыт жегенше, иттен тартып же.
Сараң байлығына жүкші ғана.
Соқырда екі көз жоқ.
Сараңда бір көз жоқ.
Сараңда бір көз жоқ.
Піс қазаным бес ай.
Тар есік, тар босаға.
Қас сараң өз тамағын өзінен тығады.
Екі сараңның қолдары бір-біріне әрең жетеді.
Берместің сылтауы көп.
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
Қазаны оттан түспес.
Сұратып бергенше, ұрып бер.
Жылы мұрынға суық қол.
Аузын қу шөппен сүрткен.
Тілеушінің бір беті қара,
Бермеушінің екі беті қара.
Бермеушінің екі беті қара.
Жомарттың бергенін көріп,
Сараңның іші күйеді.
Сараңның іші күйеді.
Қас екенін қабағынан таны,
Сараң екенін табағынан таны.
Сараң екенін табағынан таны.
Берейін десең ештеңең жоқ,
Бес ешкің бар да, пейілің жоқ.
Бес ешкің бар да, пейілің жоқ.
Аларманға алтау аз,
Берерменге бесеу көп.
Берерменге бесеу көп.
Сараң санға қосылмайды.
Әйел жомарттық қылғанда,
Еркектің сараңдық қылғаны - өлім.
Еркектің сараңдық қылғаны - өлім.
Екі басын ұстап, ортасын тістеп жүреді.
Жұмыртқадан жүн қырыққан.
Жылап жеп, шыңғырып тышқан.
Қыста қарызға қар бермейді.
Боғын боталы түйе қылады.
Сынық ине, сыдырым таспа бермес.
Алуға келгенде азбандай,
Беруге келгенде шөлден құдық қазғандай.
Беруге келгенде шөлден құдық қазғандай.
Қарау байдан қарыз сұраған күні ажырасасың.
Сегіз кессе, сіркедей қан шықпайды.
Ішпес-жеместің малы ұрыларға бұйырады.
Иттен бір сүйек қарыздар.
Сараңның сәбізі сарай түбінде жатады.
Насыбайшыдан насыбай сұрасаң,
Мұрнын көтереді.
Мұрнын көтереді.
Өзі екі етем десе,
Тәңірі бір етер, не жоқ етер.
Тәңірі бір етер, не жоқ етер.
Жел сөзбен жәрдем берген,
Есектен сауын берген.
Есектен сауын берген.
Бермесе қақсама, берсе тастама.
Сұрамсаң - арсыздық,
Жарамсаң - құнсыздың.
Жарамсаң - құнсыздың.
Сұрағанның айыбы жоқ.
От жақпаған үй қорамен тең,
Адам кірмеген үй моламен тең.
Адам кірмеген үй моламен тең.
Сәскеде сұрастырған,
Кешке де құрастырмайды.
Кешке де құрастырмайды.
Сараңның жиған малы арам.
Сараң бай союға қозы таппай,
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрапты.
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрапты.
Түйе сойып, ешкі сойғаннан дәметеді.
Кессе, қан шықпас.
Берсе - қолынан, бермесе - жолынан.
Алам десе сақ құлақ,
Берем десе салпаң құлақ.
Берем десе салпаң құлақ.
Жайын айтса,
Жайықтан су ауыспайды.
Жайықтан су ауыспайды.
Бақылдың бауы көгермес,
Көгерсе көбеймес.
Көгерсе көбеймес.
Жылай-жылай бергеніңді,
Қуана-қуана қайтарарсың.
Қуана-қуана қайтарарсың.
Сараң - малдың құлы.
Бермесіңді жылтыратпа.
Сараң үйге кісің түспесін,
Парақорға ісің түспесін.
Парақорға ісің түспесін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?