Боташым...
Менің хикаям терең түсіністікке негізделген достықтан басталды. Қандай қызық... Адамның тіпті ойына да келмеген нәрселердің болуы мүмкін екен ғой. Алғашында қарым-қатынасымыз жай ғана бір-бірімізге кеңес беріп, көмектесуден басталған болатын. Ең қызығы ол адаммен мені бұрынғы сүйген адамым табыстырды десем де болады. Екеуіміздің достығымызға оның сүйікті қызы да себеп болды. Себебі сүйіктілерімізбен алдеқандай келеңсіз жайттар болған сәтте екеуіміз бірімізге біріміз медеу болдық. Сол керемет достығымыздың жалғасып жатқанына 1 айдай уақыт болды. Бірте бірте мен ол адамға деген көзқарасым, сезімдерім өзгергенін байқағандай болдым. Достықтан да биік сезімді сезінгендей болдым. Бірақ олай еместігіне өзімді барынша сендіруге тырыстым.
Аттең бәрібір де оған деген сезімдерім жүрегімді, кейіннен есімді де бағындырды ғой. Жоқ өкінбеймін. бұл керемет сезім. Тек үмітімді үзуіме тура келді. Себебі оның сүйікті қызы бар. Білемін оның да маған деген біраз сезімі болды. Бірақ ол бір сәтке шатасып кеткен болар деп ойлаймын. Себебі оның өзінің қызын сүйетіндігінде күмәнім жоқ. Осы бір ерекше сезімнің пайда болғанына шамамен үш айдай болып қалды. Ештене де өзгерген жоқ. бәрі де сол қалыпты. тек сезімдерім ғана күннен күнге күшеюде. Ол адамға деген сезімім тым ерекше...ОЛ мен үшін өте қымбат жан. менің БОТАШЫМ ғой...
Индира

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?