Балабақшамен қоштасу


Зал іші мерекеге сай безендірілген.

1-жүргізуші:

Құрметті ата-аналар және қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-ші сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз балабақшамен қоштасқалы отыр. Кеше ғана балабақша табалдырығын имене аттаған жас бүлдіршін бүгін саналы оқушы болып 1-ші сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп, ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы.қазір осы уақытқа дейін бүлдіршіндеріміздің алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Олай болса, мектеп табалдырығын аттағалы тұрған №25 Қарақат бөбекжай балабақшасының №6 Апельсин ересек тобының өнерлі де білімді , ақылды да саналы, инабатты ұл қыздарын қошеметпен қарсы алыңыздар!

Вальс.

1-жүргізуші:

Айналайын балалар!

Сендерде ой сана бар.

Өздеріңнен өседі,

Өнершілдер даналар,

Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың!

Құрметті №6 Апельсин ересек тобының көркі де сәні болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі мерекеңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар!

Үміт:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

Армысыздар ұстаздарым қымбатты!

Армысыздар аталар мен аналар!

Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап, оқы деп

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар!

Азамат:

Ел ардақтар ғұламаның есімін

Біз тербеттік даналықтың бесігін

№25 Қарақат атты бақшаның

Салтанат пен ашқан едік есігін

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ болып бүгінгі ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар!

Балабақшамен қоштасу тойымызға.

Димаш:

Қадірменді қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар,

Таусылмастай ағытып ой арманын

Ал достарым, ақ жол тілеп, сөз бастадым.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Рабия:

Сен үйреттің сөйлеуді

Сенде ойым есейді

Мектепке барам мен енді

Балабақшам қош енді.

Қолыма гүл аламын

Дайын дәптер қаламым

Таң қалдырып достарды

Мен мектепке барамын.

1-жүргізуші:

Ей бүлдіршін, бүлдіршін

Өмір бізді күлдірсін

Тойға келген мына жұрт

Ән мен жырға бір тойсын-деп балаларымыздың орындауындағы «Үйретеді бұл мектеп үйретеді» әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Үйретеді бұл мектеп үйретеді»

2-жүргізуші:

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты

Төгілген күн нұрының салтанаты

Ортада бишілерім би билейді

Халайық қол соғыңдар қошеметті-дей келе балаларымыздың орындауындағы «Жаяу» биін қошеметпен қарсы аламыз.

Би «Жаяу»

Музыка әуенімен Маша, оған еріп Аю келеді.

Маша:

  • Оуууу !Қайырлы таң! Мұнда не болып жатыр? Неге барлығың әдемі болып кеткенсіңдер?

1-жүргізуші:

  • Қош келдің Маша және Аю. Танысып қойыңдар, бұлар- балабақша түлектері. Келесі күзде бұл балалар мектепке барады.

Маша:

Қойыңдаршы, мыналар ма? Балабақша түлектері дейсің бе? Мхммм .... түсінікті , ендеше оларға біраз нәрсені үйретіп, мен сияқты ақылды тәртіпті балалар өздерін сабақта қалай ұстау керектігін үйретуіміз керек. Бұл нәрселерді тек мен үйрете аламын. Мен өте керемет мұғаліммін. Менің үлкен указкам қайда?(Аю оған үлкен указкасын әкеліп береді.) Отыр Миша, мен қазір сендерге қалай әдемілеп тақпақ айтуды үйретемін.

Балым:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біз мектепке барамыз.

Шықтық міне хат танып

Жырын елдің жаттадық

Ұстазымның еңбегі

Жатса екен ақталып.

Ярослав:

До свидания, до свидания

Наш любимый детский сад

Ты сегодня провожаешь

В первый класс своих ребят

В сентябре звонок веселый

Позовет нас в первый клас

Мы войдем в большую школу

И просторный светлый класс.

Нұрмұхаммед:

Балабақша балабақша

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Сәби балғын жастықтың

Қуанамыз, сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

Бақшамызбен қимай біз

Қуанатын күн бүгін.

Балауса:

Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз.

Маша: Жарайсыңдар балалар! Жаттауды жақсы айттыңдар! Енді басымызды жақсылап істетіп, ойланатын уақыт келді. Ендеше математика сабағын бастаймыз!

Мен енді балаларға түрлі есептер берейін.

  • Атам, әжем,ағам мен әкем, інім және мен , анам мен енесі,енесінің бөлесі отыр едік шай ішіп, жеңгем келді майысып, неше адам шай іштік.?
  • Дүкеннен анам екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Біреуін ініме берді, нешеуі қалды?
  • Жарайды есепті біледі екенсіңдер, енді ойын ойнап көрейік.

Ойын: МАша кез келген санды көрсетеді, ал балалар сонша баладан топ болып жиналып қалуы керек. Үлгермеген бала ойыннан шығады.

Маша: Алақай кезек менің ең сүйікті сабағым ағылшын тіліне келіп жетті. Мен бұл тілді сондай жақсы көрем, әсіресе Мишаның орындауында. Ия Миша қане өнеріңді көрсетші.

Миша 5 ке дейін санап қателесіп кетеді.

2- жүргізуші:

  • Балалар , аю дұрыс санап жатыр ма?

Балалар:

  • Жооооқ.

Біздің балалар ағылшын тілін жақсы біледі... Тіпті ағылшын тілінде тақпақ та айтып береді.

Ағылшын тіліндегі тақпақтар.

Нұрлыхан:

Мерей:

Азат:

Балаларымыз тіпті ағылшынша ән де салып береді. Қабыл алыңыздар!

Ән: « Happy »

Маша:

-Жарайсыңдар балалар! Көрдің бе Миша, үйрен сен де! Жарайды онда кеттік мен саған бәрін өзім үйретемін. Сау болыңдаар балалар!

Би: «Ха Фа На На»

Бексұлтан:

Бүгін қызық бүгін той

Біздер үшін біліп қой.

Әнге салып, би билеп.

Жалғастырсын ойды-ой

Оқимыз, білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз,

Бақшамызбен қоштасып,

Біз мектепке барамыз.

Аяна:

Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,

Үлкен кіші жасымыз кәріміз де

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін шаттанамын

Білім сырын түсіндім мақтанамын,

Осы сырды үйреткен балабақшам

Түстей болып, міне бүгін артта қалдың.

Ортаға Әліппе шығады.

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді мектепке барайын деп жатыр дегенді естіп білімдеріңді тексеруге келдім. Менің сұрақтарыма жауап беруге дайынсыңдар ма?
  • Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
  • Дыбысталуына қарай олар нешеге бөлінеді?

Ойын: «Әріп тастамақ»

Жалқаубек жүгіріп келеді.

Жалқаубек:

  • Мұнда не болып жатыр? Барлығың не істеп жүрсіңдер мұнда?

1-жүргізуші:

  • Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр, біздің балалар мектепке барғалы жатыр, Жалқаубек.

Жалқаубек:

  • Немене? Мектепке? Онда түк те қызық емес . Балалар одан да ойын ойнайықшы,мен жалғыз өзімнің ішім пысып сендерді іздеп келдім. Міне менде көп ойыншық бар келіңдер ойнайық.

2-жүргізуші:

  • Жоқ, Жалқаубек . біздің балалар мектепке барып білім алып үлкен ақылды тәртіпті бала болып өседі. Ал ойыншықтырын кіші топтың бүлдіршіндеріне сыйлайды. Сен де солай істе. Қазір ортаға кіші топтың бүлдіршіндерін қошеметпен шақырамыз. Олар өнерін көрсетеді, ал Жалқаубек ойыншықтырын сыйға тартады.

Кіші топ балаларының тақпақтары.

1-жүргізуші:

  • Біздің балаларымыз өсіп мектепке баратын жасқа келгендерімен олардың да сіз бен бізге көрсететін еркеліктері, тентектіктері бар. Біздің балалар да осындай еркеліктерден кенде емес. Олай болса ұл қыздарымыздың орындауындағы «Тентегім» биін қошеметпен қарсы алыңыздар.

Би: «Тентегім

Жалқаубек:

  • Балалары ғой өнерлі екен, ал ата-аналары ше? Мен ата аналармен бір ойын ойнағым келіп тұр. Ата-аналар өздерінің балаларының келешекте қандай мамандық иесі болғанын қалайды екен?

Би: Үнді халқының «Марджани» биі

Ұлпан:

Қуантып, әрі қинайды

Бақшамнан алыс кеткенім

Қажет қой бірақ білімнің

Теңізінен өткенім

Тәрбие берген ұямыз

Тәртіпті бала боламыз

Қоштасып бала бақшамен

Біріншіге барамыз.

Аяжан:

Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Өсті міне ойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

Алихан:

Біз сабақты бастаймыз,

Қайталаудан аспаймыз

Есептен де қашпаймыз

Жазуды енді бастаймыз

Мектепке енді барамыз

Оқимыз, сауық құрамыз

Қашық емес арамыз

Бақшаға келіп тұрамыз.

Ән: «До свиданья, детский сад!»

  • Ұстаздардың ұстазы

Тәрбиенің ұстасы

Меңгеруші апайға

Ырза әке шешеде

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі бәрі дап-дайын

Қамымызды ойлаған

Роза Қорғанбайқызына мың алғыс!

  • Талай талай баспалдақты аттармыз

Ата-ананың үмітін де ақтармыз

Айзада Ергешқызы сізден алған ақылды

Есімізде өмір бойы сақтармыз.

  • Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай

Күнде болған әбдігер

Қамқоршымыз дәрігер

Күлзия апайға мың алғыс!

  • Тәтті тамақ пісіретін

Айран сүтін ішкізетін

Аспазшылар сіздерге

Айтамыз біз мың алғыс!

  • Мектепке енді барамыз

Үлгілі оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Орыс ,ағылшын тілдерін үйреткен

Ақмарал апай мен Гүлмира апайға мың алғыс!

  • Тамылжытып ән салдырып үйреткен

Мың бұралта белімізді билеткен

Альмира апай сізге де рахмет айтамыз

Мың қайтара сәби бала жүректен

  • Жаттығулар жасатып,

Шынықтырар біздерді

Денемізді тік ұстап

Сұлу болып өстік біз

Гаухар Тоқтасынқызына

Айтамыз біз мың алғыс!

Би: «Шарлар биі»

Ән: «Қоштасу әні»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу