Мен қазақпын!!!
Мен Қазақстанда дүниеге келдім, және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Қазақ елі ежелден еш нәрседен тайынбаған ел, ешкімге мойынсынбаған ел. Кең – байтақ туған еліміздің әр өңірінде өсіп тұрған жусан да, аяқ астында жатқан тасың да, сонау көзіне мұнартып көрінген төбе де, сылдыр қағып ағып жатқан бұлақта да айтылмаған сыр, ашылмаған көмбе де көп.
Туған жер, шөбің – алтын, жерің – жаннат,
Науқасқа суың шипа, дертін жазат.
Күйіктің зу-зу еткен қамыстары,
Сыртылдап дыбыс берген бейне сағат.
Жайланып түрліше аңдар мекен еткен,
Қиқулап қаз бен қуың қанат қағат.
Тыңдасаң азан-қазан, ың-шың дуын,
Көркем ән сылдыр-сылдыр майдай жағат.
Көпшілік сәнді күйік әнін қосар,
Ұласқан сенде қызық, сенде санат.
Аралап аймағыңды шығар едім,
Құс болып ұшатұғын бітсе қанат.
Туған жер кіндік кескен аиа қоныс,
Жамандап сені сөгер қандай қазақ.
Сансыз бай табиғаттың бәрі өзіңде,
Нақ сендей көркем қоныс өте аз-ақ...
деп, ақын ағамыз жырлап өткендей туған жердің әр тасы сыр шертер...
«Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, менің туған жерім Қазақстан, бүгінде Қазақстан кеңестік елдер арасындағы ең алдыңғы қатардағы ел болып табылады. Әлем, біздің Республикамызды Азия аймағындағы көшбасшы, сенімді серіктес ретінде қарайды. Көптеген мемлекеттер осы уақытқа дейін ішкі тұрақтылықты сақтай алмауда. Осыдан аз уақыт бұрын ғана Грузияда, Украинада, Қырғыстанда түрлі-түсті төңкерістер орын алды, олар өздерінің тәуелсіздік алған күндерінен бастап ішкі саяси тұрақтылыққа жете алмағандарынан. Өз егемендігін бір уақытта бірге алған мемлекеттер арасында біздің ел ерекше де өзгеше. Қазақстан экономикасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқан мемлекет, соның нәтежиесінде елдің, халықтың өмір деңгейі жоғары қарқынмен жақсарып келеді. Біздің ел жалпы ішкі өнім бойынша әлемде серпінді дамып келе жатқан он екі елдің қатарына кіреді және орта Азия мемлекеттері арасында көшбасшы болып табылады. КСРО ыдырап, оның құрамындағы мемлекеттер даму жолында демократиялық жолды таңдады. Сол кездегі елдердің проблемалары мен жалпы елдің жағдайы бірдей еді. Кедейшілік қамытын киген халықтың санасында оптимизмнен бұрын торығу-қамығу алда басым еді, қоғамда тұрақсыздық аса көрініс тапқан еді. Қазіргі кезде Қазақстан өз даму жолында таңдаған тиімді де тұрақты моделі басқа елдердің көңілін аударуда. Экономиканы тұрақты және серпінді дамыту, халықты тұрақтандыру мен ел жағдайын жақсарту міне осының нәтежиесі республиканың саяси жүйесін жетілдіру үстінде. Тәуелсіз он бес жыл ішінде Қазақстан даму жолында бірінші міндетті жүзеге асыруда жолы оңынан болды, енді екінші міндетті жүзеге асыру барысында.
«Көптің күші көлдей, көшіп жүрген елдей» – демекші, Қазақстандық ғажайыптың тағы бір құпиясы – халықтың еңбегінде. Еліміздің дамуындағы халықтың алар үлесін де атап өткен жөн. Екінші байлығымыз – ол біздің көпұлтты халқымыздың бірлігі мен бауырластығы. Қысқа мерзім ішінде еліміз үлкен асуларды бағындырып, қиындықтарды жеңіп, экономиканың 10 пайыз өсіміне қол жеткізді, осылайша Қытай, Ресей, Үндістан, Франция сияқты экономика чемпиондарымен тең қатарда. Бүгінде біздің экономикамыз әртараптандыруға атсалысуда. Біздің ел алдымен экономика, содан кейін саясат қағидасын ұстануда. Осының арқасында ел даму үстінде. «Көп біріксе – ел болар, көп тілегі көл болар» – деп дана айтқан халқымыздың әл – ауқаты көтерілді. Мұғалімдер мен дәрігерлер, қызметшілердің жалақысы өсуде. Бір – екі жылдың арасында ғана 3 миллионнан астам Қазақстандық өз баспаналарына өзі қожайын болды, қаншама мектептер мен ауруханалар тұрғызылды. Экономиканы өркендете отырып, біздің еліміз әлемге танымал. «Егемен елдің еңсесі биік» - дегендей бүгінгі күнде еліміз әлі талай асуларды асуға белім бекем бууда, ол ел алдындағы жаңа міндет 30 серпінді жоба жасау және әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кіру міндеті тұр. «Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан» - демекші, бүгінгі күні елімізде әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және қазіргі заманның талаптарына сай жауап беретін жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру басты міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан да республикамыздағы білім саласында жаңа көзқарас, жаңаша оқытудың сан түрлі үлгісі, бағдарламасы, жоспары пайда болғанын атап өткен абзал. Ал, ең алдымен бұл мақсаттарды орындау барысында, білікті мамандар даярлау үшін жоғары оқу орындарының материялдық-техникалық базасы, кәсіби біліктілігі жоғары ғалым-оқытушылар болуы тиіс. «Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті», немесе «Жеріне қарай жемісі» – деп қате ескермеген халық даналығы, сонда ғана сапалы білім алған жастарымыз өз заманының, өз елінің лайықты маманы болмасына кім кепіл? Сонда ғана нарықтық бәсекеге төтеп беруге болады. Өйткені ел экономикасының өркендеуі де, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына кіру стратегиясы осы еліміздегі білім сапасына да байланысты.
«Ел барда, ер қор болмас, ер барда, ел қор болмас» немесе «Ердің ісі – елдің мойнында, елдің ісі – ердің мойнында» - деп анық та ашық айтылған халық сөзі біздің Елбасымызға лайық айтылған десем артық айтқаным болмас. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітіп, қазақ елін әлемдік аренаға алып шығуы, жер жүзілік өркениетке мойындатып, олардың азат мемлекетімізге құрметпен қарап, экономикада, саясатта, халықаралық деңгейлердегі терезесі тең сенімді әріптес ретінде санасуына қол жеткізуі – тұңғыш Президентіміздің қайраткерлігінің, қай істерде болсын алдын болжай алатын көрегендігінің дәлелі. Мұндайда «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - деген. Тәуелсіздік алған уақытта елбасымыздың алдында терең әлеуметтік-экономикалық дағдарыс, экономикалық мәселелерді шешу қажеттігі ерекше өткір тұрды. Өнеркәсіп құлдырап, гиперинфляция бой көтеріп, халық тұрмысының нашарлап кеткен кезі еді. Осы кезде Елбасымыз елді тұрақтандыру моделін жасауда қателеспеу керек екендігін түсіне білді. Сондықтан да Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін басты назарды экономикалық дамуға салды. Біздің мемлекетке шаруашылықты дамытуда, кеңестік жүйеден қалған және жаңа мемлекет құруға тежеу болған көптеген жайларды жою қажеттілігі туындады. Жас мемлекет алдында шешімін кешеуілдетпей табуды қажет ететін талай міндеттер тұрды. Елдің тағы бір өткір мәселесі – ол өз елінің дербестігін халықтың толық түсінбеуі, оған дайын болмауы мен оны қабылдауға сенімсіздігі еді, туған тілдің тағдыры да алаңдатарлықтай жағдайда болған еді.
Қазіргі жағдай мүлде басқаша деп айтуға болады: біздің Қазақстанымыз жүздеген ұлт өкілдеріне құт мекен болған арайлы өлке ретінде төрткүл дүниеде өзінің лайықты орнын алып келе жатқанына да біраз жыл болды. Қазақстанды мекендеуші ұлт пен ұлыстардың арасында осы жердің байырғы тұрғындары қазақтардың елімізді қай жағынан болса да дамыту барысында атқарар рөлі айрықша екені күмәнсіз. Қаншалықты ащы болса да шындық: Кеңестер Одағы деген алып империя өмір сүрген кезде жүздеген ұлттар жер бетінен жойылып та кетті. Саны аз ұлттар тілдерін жоғалту арқылы, басқа ұлттарға сіңісіп кету арқылы, жүздеген жылдар бойына ата-бабалары сөйлесіп келген, түрлі мәдени-әдеби құндылықтарын дүниеге әкелген ана тілдерінен қол үзіп, өмірде орны толмас қайғы-қасіретке ұшырады. Санымыз ондаған миллионмен саналатын қазақ сияқты ұлтымыздың тілі де аз теперіш көрген жоқ. Айналасы 20-30 жыл ішінде өздерінің ана тіліне жоғарыдан қарап, оны менсінбейтін, қазақша сөйлейтін халықтың бәрін де надан көретін ұрпақтың бір буыны өсіп те жетілді. Бұл күндері кейбір зерттеушілер Қазақстандағы қазақтардың 2 миллионнан астамы қазақша оқи да, жаза да алмайды деген фактілерді жарыққа шығарды. Өз елінде, өз жерінде тұрып, өзінің ана тілін білмеуден артық қасірет сірә жоқ шығар. Осындай кінәсін түсініп, туған ұлтының жоғын жоқтау үшін, ана тілін жетік меңгеруге тырысқан жас болды ма? Елбасымыздың осыны түсіне білген және жүйелі, салиқалы ана тілді дамыту саясатының арқасында бұл бағытта республика көлемінде де, аймақ, облыстар тарапынан да ауқымды шаралар өткізіліп, жүйелі түрде жұмыс істеуге бетбұрыс нышаны байқала бастады.
Орта ғасырда ағылшынның ұлы классигі Шекспир өз шығармаларын көне ағылшын тілінде жазып, күндердің күнінде ана тілінің дүние жүзілік тіл болатынын болжап айтқанда, оны бүкіл Еуропаның ақын-жазушылары келеке етіп күлген екен. Сол заманда кәрі құрлықтың негізгі тілі латын тілі болған екен. Араға 500 жыл салып данагөйдің айтқаны келіп, бүгінде ағылшын тілі әлемдік тілдердің көшбасшысына айналды. Қазақ тілі әдемілігі, тіл байлығы жағынан болсын ағылшын тілінен артық болмаса бір мысқал да кем емес. Дәл қазір ғана ана тіліміздің мәртебесін қайтаруға қол жеткізіп, дамытып, аса көңіл бөлсек күндердің күнінде ана тіліміз әлемдік тілдер қатарынан орын алмасына кім кепіл.
Еліміздің даму барысында мынаны да айта кету керек: 1990-1993 жылдары республика мемлекеттілігі ескі Конституцияға және одақтық заңдар негізіне сүйене отырып құруға мәжбүр болды, олар бұрынғы жүйе принциптеріне арналған еді, жаңа болмысқа мүлдем ұқсамады және мемлекеттік құрылыстың негізі бола алады деп айту да қиын еді. Осынау кезеңде Қазақстанға көптеген сыннан өтуге тура келді. Үнемі туындап жатқан проблемалар қоғам мен мемлекеттегі модернизация қарқының айтарлықтай тежеді, экономиканың ескірген құрылымын консервациялауға ашық күреске түсті, прогрестік дамуға кедергі жасады. Мемлекет басшысы елдің қарқынды дамуы үшін барлық жауапкершілік жүгін өз қолына алды. Осы кезеңде Елбасы қызметі жан-жақты болуды қалады. Дамудың қазақстандық моделі құрылымында сындарлы және дәйекті сыртқы саясат елеулі рөл атқарды. Қазақстан бірден барлық елдермен бейбіт жағдайда өмір сүру жолын таңдады. Ең басты оқиға деп ядролық қарудан бас тарту және Семей полигонының жабылуын атап өтуге болады. Ал бұл ядролық державалар тарапынан қауіпсіздік кепілі еді.
Жоғарыда айтылғандарға қарап біздің мемлекетіміздің таяудағы он жыл ішінде әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі талпынысы толық негізі бар іс. Бұл талпыныс та, басқа да ауқымды істер де орындалмас қиял емес, өйткені Елбасының басшылығымен өмірге енгізіліп жатқан Қазақстанның даму стратегиясы өз тиімділігін барлық әлемге паш етуде.

Автор: Ерканат Кабдырахман
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?