Мағжан Жұмабаев (Жәй әншейін ойын ғой)

 Мағжан Жұмабаев (Жәй әншейін ойын ғой)

Айт! Құйт! Ха, ха, ха-ау!
Петербор, Мәскеу...
Иванов қалқам,
Мәссаған Арқам!..
Әй, керек-ау, әй, керек,
Арақ ішсең, асыңаМай керек.
Төрелерге жем керек,
Оқығанға шен керек.

Март, апрель, май,
Жорта тұр! Уайдай!
Дүбір шатыр,
Гүбірнатыр - біздің бай.
Керенский Саша! Жаса!
Вся Россия наша!

Толстов, Колчак,
Давай сюда коньяк.
Ой, Иван аламан,
Мен бит, атаман!
Өрледі батыр, өрледі,
Ағаш найза сермеді...
Қарсы алдында қалтиған
Николайды көрмеді...
Саясат - ағаш ат,
Мінді есер - кемесер.
Шу деді сабаз, шу деді,
Шу дегенде гуледі,
Табаны тасқа тимеді,
Туған елін биледі.
«Қызыл ерен - мен,- деді,-
Қазағым, қасым - сен!»- деді.
Шулады қазақ шұрқырап,
Барады «батыр» тырқырап,
Аузынан көбік бұрқырап...
Айтсаңшы иман, молдеке-ау,
Барады ғой қорқырап...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?