Төсек қатынасының қандай әдептері бар? (+18)

Төсек қатынасының қандай әдептері бар? (+18)

Ғұламаларымыз Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне және алдыңғы өткен ізгі кісілердің хабарларына сүйене отырып жыныстық қатынастың көптеген әдептерін көрсеткен. Солардан үзінділерді alashainasy.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

1. Төсек қатынасының алдында «бисмилләһ» деп, сүннетте келген дұғаны айту

Хадис имамдары түгелге дерлік Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) мына хадисті риуаят еткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Сіздердің біріңіз әйеліне жақындаспақ болса; «Бисмилләһ, Аллаһумма жәннибнәш-шайтан, уә жәннибиш-шайтана мә разақтана» деп айтсын. Егер осы (төсек қатынасының нәтижесінде) араларында бала пайда болса, ол балаға шайтан ешқашан зарар жеткізе алмайды».

2. Әйелді төсек қатынасына дайындау

Еркектің күтпеген жерден бірден әйеліне бас салуы оның төсек қатынасындағы әдепсіздігі болып табылады. Әйел еркек сияқты жыныстық қатынасқа жылдам дайын бола алмайды. Сондықтан да шақуат талабы оянған еркек жұбайын төсекке еппен тартуы керек.

3. Еркектің дөрекілік көрсетпеуі және асығыс әрекетке бармауы

Төсек қатынасы еркек пен әйелден үйлесімділік талап етеді. Қатынас екеуіне бірдей жағымды болғанда ғана ләззат, тоят көрініс табады. Сондықтан да еркек дөрекі қимылдап ісін тез бітіре салмай, асықпай баптап, қашан әйел бойынан кеткенше күткені жөн.

Өйткені, әйел кісі еркекке қарағанда бойын кешірек береді. Толық тоят таба алмай қалған әйелдің бойында мазасыздық пайда болып, төсек қатынасына салқын қарап, одан жеруі мүмкін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деген:

«Қайсыбіреулерің әйелімен төсек қатынасын жасаса, оған адал болсын. Егер ол қажетін (әйелінен) бұрын өтеп қойса, оны қажетін өтеп болғанша асықтырмасын.

4. Еркек пен әйелдің сырт көзден оңаша болуы

Бұл дегеніміз есік-терезелерді жабу, пердені түсіру, мысық сияқты үй жануарларын жатын бөлмеден шығару, мүмкіндігі болса, емізулі баланы да басқа бөлмеге уақытша ауыстыру.

5. Төсек қатынасы барысында екеуінің әурет тұстарын қалқалаушы жамылғының болуы

Ал енді «Дінде төсек қатынасын түрлі қалыпта (шалқалап, етпеттеп, жантайып, т.с.с.) жасауға рұқсат етіле ме?» деген сұраққа келсек, бұл мәселе сахабалардың кезінде де көтеріліпті. «Өйткені мединелік ансарлар әйелдерімен жантайған қалыпта ғана төсек қатынасына түсетін. Ал құрайыштықтар төсек қатынасынан түрлі қалыпта: алдыға қарап та, артқа қарап та, шалқалап та ләззат алушы еді. Бірақ олар әйелдің артқы тесігінен істемейтін.

Меккелік мұсылмандар Мединеге қоныс аударып келген соң олар жергілікті әйелдерге үйленді. Осы некелердің нәтижесінде кейбір мұсылман отбасында төсек қатынасындағы келіспеушілік пайда болды. Меккеліктер жыныстық қатынасты өздеріне үйреншікті қалыпта жүргізгісі келетін, ал Мединелік әйелдер бұған қарсы болды. Сол кезде Аллаһ Тағаладан:

«Әйелдерің сендердің егіс алқаптарың; ендеше алқаптарыңа қалаған тұстарыңнан келіңдер» (Бақара, 223) деген аят түсті» деген жауап беріледі діни әдебиетте бұған қатысты. Демек, мұсылман әйелімен қалаған қалпында жыныстық қатынасқа түсе алады, тек артқы тесіктен сақтанса болғаны.

Жоғарыда біз атағандай, медицинада ғана емес, ислам дінінде де етеккір кезіндегі жыныстық қатынасқа қатаң тыйым салынып, ол күнә болып есептеледі. Етеккір жағдайындағы әйел намаз оқу, ораза тұту, мешітке бару сияқты бірқатар ғибадаттарын тоқтатады.

Солардың қатарында оның күйеуімен жыныстық қатынасқа түсуіне де рұқсат етілмейді. Өйткені ғұламалардың бірауызды пікірлері бойынша етеккір мерзімінде ерлі-зайыптылардың жыныстық қатынас жасаулары харам және мұндай әрекет, екі тараптық келісіммен болған жағдайда екеуін де бірдей күнәға батырады.

«Аллаһ Тағала айтады: «Сенен етеккір жайлы сұрайды. Оларға: «Ол жиренішті нәрсе, етеккір уақытында әйелдерден аулақ болыңдар. Оларға тазарғанға дейін жақындаспаңдар» де. Расында Аллаһ тәубе қылушыларды ұнатады әрі таза болушыларды ұнатады» (Бақара: 222) дейді дінде бұл туралы.

Ал етеккір кезінде төсек қатынасын жасап, күнәға барғандар не істеуі керек? Оған мынадай жауап бар: " Ғұламалардың барлығы мұндай кездерде әйелімен төсек қатынасына түскен ер кісінің ауыр күнәға бататыны жөнінде бірдей пікірге келген. Және бұл нәрсеге әйел өз ырқымен келіссе, күнәға ол да серік болады. Күнәнің бұл түрін жасаған мұсылманға шынайы тәубеге келу қажет. Бұған қосымша жағдайы көтерген сомада садақа шығарса, бұл оның күнәсінің жуылуына септігін тигізеді».


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?