Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Жұмыссыз атыраулықтар 150 мың теңгелік жалақыға қанағаттанбай отыр

Атырауда жұмыссыздар ай сайын 150 мың теңге төленетін қалалық коммуналдық қызметке орналасудан бас тартуда.

Сондықтан бос орындар өзге өңірлерге ұсынылды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Коммуналдық қызмет тап болып отырған проблеманың бірі - кадрлардың жетіспеуі. Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысынан вахталық әдіспен еңбек ететін және көше тазалау әрі қоқыстарды сұрыптатын жұмысшыларды тарту нұсқасы қарастырылып отыр. Мұндай жұмысшылардың жалақысы айына 150 мың теңге шамасында болады.Өкінішке орай, жұмыссыз жүрген атыраулықтар қоқыс жинаумен шұғылданудан бас тартуда», - деп мәлім етті Атырау облысының аудан әкімдері, қала және коммуналдық қызмет басшыларымен болған селекторлық кеңес барысында Атырау қаласының әкімі Серік Шапкенов.

Бұл кеңес облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың «Спецавтобаза» ЖШС жұмысымен танысу қорытындысы бойынша өтті.

Айта кеткен жөн, өңір басшысы олардың жұмысын қатты сынады.

ФОТО: MOS.RU, дереккөзі

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?