Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды

Қазақстандағы байланыс операторлары 4G қызметін ұсынуға рұқсат алды

Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қолданыстағы жиіліктер және қосымша жиіліктер бөлудің «технологиялық бейтараптылық» тұжырымдамасы бойынша ұялы байланыс операторларына 4G қызметін көрсету құқығын беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің баспасөз қызметі.

ҚР ИДМ инвестициялар және даму жөніндегі вице-министрі Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, 4G желісін іске қосу операторларға деректерді жедел берудің жоғары жылдамдығын қамтамасыз етуге және абоненттерге көрсетілетін ұялы байланыс қызметінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беріп қоймай, ұялы деректерді жоғары жылдамдықтарда таратып, экономиканың түрлі салаларында жаңа технологиялардың енгізілуіне ықпал етеді.

Сонымен бірге, С.Сәрсеновтің хабарлауынша, бұдан әрі операторлар тұрғындары 500 және одан да көп елді мекендерді, сондай-ақ елдегі барлық республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік және темір жолдарды ұялы байланыспен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетсек, LTE желісі алғаш рет 2012 жылы 25 желтоқсанда Астана мен Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау және Кеңжолақты деректерді беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында іске қосылды.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?