25 Мамыр - Соңғы қоңырау (Бастауышпен қоштасу "Қош бол, бастауыш мектеп!")
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар;
Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.
Тәрбиелеу сағатының барысы:
Көңілді әуен ойналып тұрады.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан-жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз бүгін, міне бой түзеп, ойларына сана қосып, еліміздің саналы бір азаматтары болғалы отыр.
Бүгінгі «Қош бол, бастауыш мектеп!» атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер! Әр жанұяға береке, бірлік, табыс тілей отырып, тойымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Музыка әуенімен вальс билеп, 5-6 сынып оқушылары шығады.
1-жүргізуші: Хамзина Арай
Армысыздар, мұғалімдер әз жандар!
Білім іздеп инемен құдық қазғандар,
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар,
Бүгін міне қоштасады бастауышпен балбұлақ,
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ,
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан.
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші: Кадырбекова Айдана
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай болашағын мәпелер.
Бүгін, міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер.
1-2 жүргізуші қосылып бірге:
Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар!
1- жүргізуші: Енді бастуыш сынып бітіруші түлектерді ортаға шақырайық.
( музыка әуенімен оқушылар қолдарын бұлғап ортаға жығады)
4-сынып оқушылары бәрі қосылып бірге:
Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда,
Ұстаз берген білім қолда.
1-жүргізуші:
Осыдан 4 жыл бұрын, бүгінгі кейіпкерлеріміз, біреуі анасымен, біреуі әкесімен, енді біреуі ата-әжесімен қол ұстасып мектеп табалдырығын аттап еді.
2- жүргізуші:
олар алғашқы күннен бастап ұстаздарымен танысты, партаға қалай отыру керектігін, басқа да мектеп ережелерін үйренді.
1-жүргізуші:
Қолдарына қалам ұстап, А әрпінен бастап, 42 әріпті танып, 1-ден 100-ге дейінгі , 1000-ға дейінгі сандарды санай алатын дәрежеге жетті.
2-жүргізуші:
Содан бергі 4-жыл ішінде талай бойымызға сіңіріп үйрендік. Бүгін міне, соның айғағы ретінде, бастауыш мектеппен және бізді білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
1-оқушы: Ажар
Бізді үйреткен білімге жалықпастан,
Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.
Біз-шәкірт, біз-Отанның болашағы,
Білімнің басқышына қадам басқан.
2-оқушы: Шерхан
Өзгеріп жатыр бүгін қала, қырым,
Құп алып бара жатыр болашаққа,
Аяулы жеті жасар балалығым.
3-оқушы: Әділет
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын,
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім.
Дәптердің жазылмаған ақ парағы-
Ақ көйлек жеті жасар балалығым.
4-оқушы: Айзат
Өмірімнің көктемін,
Сенде өткізем деп келдім.
Алтын-ұя мектебім!
5-оқушы: Диана
Армандарым көп менің,
Атқарамын деп келдім,
Асыл – анам мектебім!
6-оқушы: Данияр
Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім.
Өз бесігім – мектебім!
«Бастауыш мектеп» әні хормен орындалады.
1-жүргізуші:
Ал балалар, осы білім ордасына келгенде алдымыздан күлімдеп қарсы алған алғашқы ұстазымызға не тілек айтамыз?
7- оқушы: Талғат
Сен менің әкемдейсің, анамдайсың,
Мен үшін армандайсың, алаңдайсың,
Ұстазым, сенен артық ақылшым жоқ,
Адалдық мен парасаттан жаралғансың.
8-оқушы: Нияз
Көңілін бар шәкірттің таба алатын,
Кеуделерге намыс отын жаға алатын.
Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз,
Жез таңдай , күміс көмей, сөзі алтын.
1-оқушы:
Білім алған өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, не ғалым,
Саған ыстық сезіммен
Қарайды жұрт мұғалім.
Мен де өзіңді әрдайым,
Қамқорым деп ұғамын.
Күліп атқан таңдайын,
Жарқынсың сен мұғалім.
«Балдаурен әні» орындайтын Қасымова Дамира.
2-оқушы:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына, құдіретті күш, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
«Мұғалім – мектеп жүрегі» - деген Ыбырай Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол –Ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Барлығы бірге:
Алғыстарым көп менің.
Ұстаз –анам, мектебім!
Ән орындау «Мұғалім ол біздің».
2-жүргізуші:
Бүгінгі біздің тойымызға көрші мектептерден де оқушылар келген екен ендеше қонақтарға сөз берелік.Ду қол шапалақтап қарсы алайық.
Айдабол мектебінің оқушыларының өнерлері.
(Ән шашау «Аппақ гүлдер» орындайтын Ағыбайова Дина.)
Викторовка орта мектебінің құттықтауы.
(Қуыршақтар биі. 8-сынып оқушылары және ән «Құтты болсын ағажан қуанышың).
3-оқушы:
Ұстаздардың бар айтқан,
Ұлағатын ұғыңдар.
Сөйтіп әрбір сабақтан,
Сәл есейіп шығыңдар.
Көрініс көрсету «Мақта қыз бен мысық».
4-оқушы:
Жастың өсті санасы,
Елжірейді жүрегі.
Бастауышқа бар бала,
Алғыс айтып жүреді.
Шығыс биі орындайтын Кайкенова Виктория.
5-оқушы:
Көлге айналған бұлақтың,
Том-том болған кітаптың.
Басы болған Бастауыш!
«Мектебім» әні орындайтын Хамзина Камила.
6- оқушы:
Қоңырау сыңғырла асыға,
Үн қосқан қиядан асуға.
Білімал, еңбек ет, жас ұлан,
Өрле сен, биік шың басына.
7-оқушы:
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
8- оқушы:
Әліппемен аштым өмір есігін,
Тербетемін білім бөбек бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның есімін.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1-жүргізуші:
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкіттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден- дей келе құттықтау сөзі және оқушыларды марапаттау мектеп директоры Хамзина Мария Жақсылыққызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың,
Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,
Балаң үшін кеуде керіп қуанып,
Балаң үшін биіктен де құларсың
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Құрметті оқушылар!
Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап, ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар. Қаумалаған көпшілік, ата-аналар, ұстаздар қауымы- сендер не білді, нені үйренді, білім мен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр. Міне балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.
Ата-аналар шашу шашады:
Шашу, шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық,
Бұл мереке бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық.
Мұғалім: Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе, 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушыларыма жоғары сыныпқа барғанда да осы сапалық құрамын сақтап, үнемі жақсы оқуымызбен, болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат боп өсіңдер деп тілек білдіремін.
Ал ата-аналарға айтарым: қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын. Тек биікке самғасын дегім келеді.
Алдарыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман есен болыңдар,- деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?