Әр адам білуі тиіс алғашқы көмек көрсету
Егер жаныңыздағы адам талып қалса немесе ауа жетпей қысылып жатса, сіздің көмектесуіңіз керек. Өлім мен өмір арасындағы адамды құтқару үшін ең бірінші не істеуіңіз керек?
Ең басты есте сақтау қажет қағида − жедел жәрдемге хабарласу. Содан соң сіздің қолыңыздан келетін көмекті ойластырыңыз. Ұшақта ұшу кезінде жолсерік ең әуелі өз-өзіңізге көмек беруіңізді ескертеді. Өйткені оқыс жағдайда басқаға көмектесуге мүмкіндігіңіз болмайды. Адам өмірін қорғау үшін сізге дәрігер болу міндетті емес. Алғашқы көмек көрсетудің амал-әрекеттерін білсеңіз, болғаны.
Қолдан дем алдыра білу
Егер адамның жүрек талмасы ұстаса, ең бірінші есімізге түсетіні – қолдан дем алдыру. Әрине, алдын-ала бұл жөнінде арнайы курстан өту артық болмас еді, бірақ оның көмегінсіз-ақ адам өмірін сақтай аласыз. Төмендегі берілген видео аталған амалды жасауға көмегін тигізеді деп сенеміз.
Жүрегі соқпай қалған адамның жүрек тұсына массаж жасау керек. Бірақ бұл әдіс жас сәбилер үшін тиімсіз. Дәрігерлер келгенше, науқастың көкірек қуысынан минутына 100 рет орташа қысыммен массаж жасау керек.
Жүрек талмасы кезіндегі алғашқы көмек
Әрбір 7 адам жүрек ауруынан көз жұмады екен. Сол себепті жүрек талмасы кезіндегі алғашқы жәрдемді әркім біліп жүруі тиіс. Жүрек талмасы деп отырғанымыз, кей жағдайда жүректің соқпауы болуы мүмкін немесе кейде қарапайым қыжыл болуы мүмкін. Сондықтан бұл аурудың ерекше белгілерін біліп жүру керек.
Жедел жәрдемге қоңырау шалған соң науқасқа аспирин дәрісін беріңіз. Бірақ оның алдында науқастың жасы 16-дан асқанын, дәрі-дәрмек қабылдай алатынын не қабылдай алмайтынын біліп алыңыз.
Егер адам шашалса
Егер адамның өңешіне тамақ немесе басқа зат тұрып қалса, Геймлих әдісін қолданады. Бұл әдістің ережелерін де төмендегі видеодан көре аласыздар.
Ескерту: адамның ішін қыспас бұрын, алдымен арқасынан алақанымен 5 рет соғу керек. Сәбилер мен балалар тамаққа қақалса, ата-анасының қорқып кететіні рас. Оларға бұл әдісті қолдану өте қауіпті.
Суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету
Бұл, әсіресе, балалар арасында жиі орын алатын тосын жағдай. Егер сіз аса жүзе алмасаңыз, сіздің қолыңыздан келетін бір-ақ амалыңыз.
* Егер адам бассейнның жанында батып бара жатса, өзіңіз құрғақта тұрып, ағаштың талы, ескек, болмаса орамал лақтырып, адамды алып шығыңыз.
* Егер жүзсеңіз, міндетті түрде бассейннің жиегінен ұстап, құтқарыңыз.
* Егер жақын маңда құтқару дөңгелегі болса, адамның бағытына қарай лақтырыңыз.
* Егер жақын маңда қайық болатын болса, батып бара жатқан адамға жүзіп барыңыз.
* Жүзу. Бұл – соңғы мүмкіндігіңіз. Өзіңізбен бірге қайыққа адамды шығару үшін құтқару дөңгелегін, орамал немесе жейде ала кетіңіз.

Дайындаған: Ербол Жұмабайұлы, дереккөзі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?