Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (О әрпі бойынша ат қою)

ОБАЙ - моңғол тілінен алынған овоо — көрім, тәуір, жақсы.

ОЖАРБАЙ – қазақтың есімі ожар — қайсар, бірбет, өжет + бай.

ОЗАРБЕК – озар, озу — алға тусу, озып кету + бек.

ОЗАТ - ол қатарынан озып кетеді, алға жетеді, алдыңғы қатарлы деген мәнде қойылған есім.

ОЙЛЫ - ақылды, парасатты, дана.

ОЙРАТ – моңғол тілінен алынған ой - орман, тоғай + рат — орат — халық; яғни орман халқы.

ОЛЖАБАЙ - олжадан түскен, бере салған бала.

ОЛЖАС - ол жас қайрат, жас жігер деген мәндегі есім.

ОМАР - араб тілінен алынған гумәр — өмірлі, ғұмырлы. Біріккен тұлғалы есімдер — Омарбай, Омарбек, Омарғали. Фонетикалық түрлері - Ғұмар, Құмар.

ОМАРБАЙ - өмірлі, ғұмырлы адам.

ОМАРБЕК - өмір-жасы, ғұмыры ұзақ, мықты, берік.

ОМАРҒАЛИ - ұзак өмір сүруші, көп жасаушы.

ОМАРХАН - өмірі ұзақ, ғұмырлы хан.

ОНБАЙ - бала өз теңінен он есе артық бай болсын деген тілекпен ертеде қойылған есім.

ОҢАЛБАЙ, ОҢАЛБЕК - шаруасы, халжайы жақсы, оңды бай болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОҢҒАР - оңда, түзе.

ОҢҒАРБАЙ - ісі алға басқан, ісі оңған бай болсын деген мәнді есім.

ОҢДАСЫН - құдай оңдасын, тәңір жарылқасын. Синонимі — Оңласын.

ОПАБЕК - араб тілінен алынған вафа — орындау, айқан сөзде тұру, адалдык, тазалык + бек. Сөзінде тұратын адам деген мағына береді.

ОРАЗ - көне түркі тілінен келген - ырыс, құт, бақыт.

ОРАЗАҚ - араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.

ОРАЗАҚЫН - араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.

ОРАЗАЛЫ, ОРАЗҒАЛИ - көне түркі тілінен келген ораз + араб тілінен алынған алы - ғали; яғни өте бақытты. Синонимдері — Құтқали, Бақытқали.

ОРАЗБАЙ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бай, Бақытты, ырысты бай. Синонимдері — Оразбек, Бақтыбай, Құттыбай.

ОРАЗБЕК - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі бек. Өте бақытты, ырысты. Синонимдері — Бақытбек, Рысбек, Құттыбек.

ОРАЗГЕЛДІ - араб тілінен алынған ораз + қазақ сөзі келді, бақытты, ырысты боп келді деген мағынада. Синонимдері — Бақыткелді, Рыскелді.

ОРАЗҒҰЛ - бақытты қызметші.

ОРАЗМҰХАМБЕТ - бақытты Мухамбет.

ОРАҚ - көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.

ОРАҚБАЙ - астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.

ОРАЛ - өзен атынан қойылған кісі аты. Біріккен тұлғалы есімдері — Оралбай, Оралбек, Оралхан, Оралтай, т. б.

ОРАСАН - ерекше, ерен.

ОРДАБАЙ - көне түркі тілінен орда - ерте кезде үлкен мәселе шешерде немесе жауға аттанарда бас қосатын жиынды атаған; кейін ол «хан тұрағы, мекені, хан сарайы» дегенді білдіретін болған. Ал бұдан да кейінірек жаңа мағынаға ие болып, «орталық», «астана» деген ұғымды да танытқан. Бұл сөз арқылы жасалған кісі есімдері — Ордәлі, Ордабек, Ордағали, т. б.

ОРМАНБАЙ, ОРМАНБЕК - орман-тоғай, баланы орманға ие болсын, соның байлығына бас болсын деген тілекпен осындай есім берген.

ОРМАНШЫ - бала орман байлығын қорғайтын адам болсын деген тілекпен қойылған есім.

ОРЫНБАЙ - өмірде өз орнын таба алатын адам болсын деп қойылған есім.

ОРЫНБЕК - өмірде орны берік, мықты.

ОРЫНҒАЛИ - өмірде алатын орны жоғары, биік.

ОСПАН - араб тілінен алынған — кеңінен тараған есім. Мағынасы - ерлік, батырлық, батылдық. Фонетикалық түрлері — Ғұсман, Құспан, Осман. Біріккен тұлғалы есімдер — Оспанәлі, Оспанғали (аса жоғары, аса үлкен батырлық), Оспанбай, Оспанбек, Оспанбет, Оспанхан.

ОТАН – жаңа есім, туған ел, өскен жер, сүйікті мемлекет.

ОТАР - отарда туған балаға берілген есім.

ОТАРБАЙ - отарға, отарлы қойға бай болсын деген ниетпен қойылған есім.

ОШАҚБАЙ - жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?