Төре, ақсүйек, мырза, сұлтан, ұлық, шонжар

 Төре, ақсүйек, мырза, сұлтан, ұлық, шонжар

Төренің тілі тәтті, діні қатты.

Жер төбесіз, ел төресіз болмайды.

Төренің төлеңгіті,
Байдың жалшысы қодаң.

Төреге ерген ерін арқалайды.

Таста тамыр жоқ,
Төреде бауыр жоқ.

Бар жақсыңды төреден аяма,
Арқаңды іргесіне таяма.

Күшті есіктен кірсе,
Төре түндіктен шығады.

Бек болмаған бек болса,
Таяқ кетпес басыңнан.

Су перісі - сұлтан.

Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.

Қойды құртаң бүлдіреді,
Елді сұлтан бүлдіреді.

Аз қойда айран бар, өре жоқ,
Аз елде азар бар, төре жоқ.

Қасқырда қанағат, бекте салауат жоқ.

Жер шайқалса, төбеге қатер,
Ел шайқалса, төреге қатер.

Қожа аштан өледі, төре - тамақтан.

Бақан - үй тіреуі,
Төре - ел тіреуі.

Төресі бар елдің төбесі бар.

Төресі мен төбесі бар ел алыстан көрінеді.

Бектің бұлағынан су ішпе.

Бектен белгі белге медет.

Бек берсе, бетіне қарама.

Түйе аяғы - маймақ,
Төре аяғы - тайғақ.

Төре - төр иесі.

Төресіз ел болмас,
Төбесіз жер болмас.

Қожаны көрсең, Қыдыр тұт,
Төрені көрсең, қадір тұт.

Төрелі жерге ел тоқтайды,
Төбелі жерге мал тоқтайды.

Тірілігіміздің билігі
«Арқар» ұранды төреде.
Өліміміздің билігі
«Алдияр» ұранды қожада.

Төре айғақ болса, бітім болмас,
Төбе тайғақ болса, шығып болмас.

Төрден орын тисе, төредей орнық.

Төре, төрем,
Өнегеңді көрем.

Төлеңгіт, төреңді күт.

Батырмен ұрыспа, бекпен тұрыспа.

Бектің ұлы шабырдан жығылса, тұлпарға мінгізеді.

Жер бастырығы - тау,
Ел бастырығы - бек.

Арғымақ аттың баласы,
Аз оттап, көп жусайды.

Хан, төренің баласы,
Аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?