Бет терісін ылғалдандыратын маскалар
Адам ағзасының көп бөлігі судан тұрады. Су ағзаның әрбір жасушасын қандырып, саулығы мен әдемілігіне ықпал етеді. Сол себепті ылғалдылықтың табиғи балансын сақтауға үйде жасалатын ылғалдандырғыш маскалар көмекке келеді.
Құрғақ теріге арналған маскалар
Құрғақ теріге арналған, ылғалдандыратын, ең оңай жасалатын маска бір үлкен қасық бал, өсімдік майы мен бір жұмыртқаның сарысынан тұрады. Бұл маска сонымен қатар теріні қоректендіреді. Масканы бетте кемінде 15-20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз.
Сонымен қатар үй жағдайында пайдалануға алма да жарайды. Ол үшін оны микротолқынды пеште пісіріп, жұмсағын шанышқымен езіп, бір үлкен қасық қаймақпен араластыру керек. Бұл қоспа қатты құрғаған бет терісін жарты сағатта ылғалдандырып, нәрлендіреді.
Ысытылған зәйтүн майына бірнеше тамшы шабдалы майын тамызып дайындалатын маска құрғақ теріні жедел ылғалдандыруға жақсы көмектеседі. Бұл қоспаны бет терісіне жарты сағатқа жағып қою керек. Масканы жумас бұрын алдымен майлықпен сүртіп алу қажет, кейін жылы сумен жуып жіберіңіз.
Маска теріге жақсы әсер етуі үшін теріні жақсылап тазартып қана емес, булап алған да артық етпейді. Сонда тесіктері ашылып, пайдалы заттарды сіңіруге дайын болады.
Майлы теріге арналған маскалар
Мұндай теріні нәрлендіру үшін жасушаларын пайдалы заттармен қоректендіретін және қосымша майлылық тудырмайтын қоспаларды таңдау керек. Бірнеше минутта дайындалатын бал мен ірімшіктен жасалатын маска дәл осындай теріге арналған. Кез келген майлылықтағы бір ас қасық ірімшікті сол мөлшердегі балмен араластырып, 20 минутқа бетке жағу керек.
Қияр мен сұлы ұнынан жасалған маска да жақсы әсер етеді. Ол үшін көкөністің суын сығып алып, сұлы ұнымен араластыру қажет, алынған ботқаны теріге жағыңыз. Маскамен жататын 15 минутта қиярдың екі тілімін қабағыңызға қойып қойсаңыз, бетке арналған кешенді күтім жасай аласыз. Масканы жуып тастаған соң бет терісі жұмсарып, нәрлене түседі.
Майлы тері көбіне проблемалы болып келеді, сол себепті бет терісін ылғалдандырып қана қоймай, артық майлылығын кетіретін де маска жасауға тырысу керек. Мұндай жағдайда табиғи йогурт пен лимон шырынынан жасалған маска көмекке келеді. Бұл қоспаны 15 минуттан кейін жылы көк шаймен жуу қажет. Маска майлылықтан туатын жылтырауды кетіреді.
Жылы су май бездерінің жұмысына ықпал етеді, сондықтан майлы теріге арналған маскаларды салқын сумен жуған абзал, бұл оны қосымша сергітеді.
Қалыпты теріге арналған ылғалдандырғыш маскалар
Терісі мұндай типтегі қыздарға кез келген маскалар жарайды, өйткені тері қоспадағы барлық пайдалы заттарды сіңіріп алуға дайын. Ылғалдандыру үшін шабдалы жұмсағын үккіштен өткізіп, шанышқымен езіп, бір шай қасық кілегей немесе майлы сүтпен араласқан маска дайындау керек. Бұл масканы 20 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз.
Кәдіден жасалған маска да теріні ылғалдандырып, сергітеді. Ол үшін кәдіні үккіштің ең ұсақ жүзінен өткізіп, 20 минутқа бетке жағып қою керек. Бірақ бұл масканы жасамас бұрын, терінің кішкентай бөлігінде сынақтан өткізіп алған дұрыс, өйткені жас кәді кейбір кезде аллергиялық реакциялар тудырады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?