Есірткі - заман кеселі

 Есірткі - заман кеселі

Бір байдың жалғыз баласы ешкімнен де қорықпай,
Еркелеп өсті ештеңеден тарықпай.
Ата-анасы баласының дегенін,
Екі етпеді әрбір кезде жалықпай.

Ер жетті бала, есейді, жігіт болды,
Биыл жасы 18-ге енді толды.
Достарын жинап алып оңашаға,
Туған күнін жасамаққа белді буды.

Туған күн өтіп жатыр жастарменен,
Көптен бері қосылған бастарменен.
Сол жастың арасында бар болатын,
Жігіттің жан жолдасы Жаппар деген.

Жаппар деген нашар жігіт, маскүнем,
Талай нәрсе бүлдірген мастығымен.
Жігітті де тартпақ боп ішімдікке,
Арақты тосты аузына тостағымен.

Жігіт те дәм татуды жөн көреді,
Әрине, алғашында көнбеп еді.
Ұрттайды, бастапқыда іше алмайды,
Кейіннен ащы суды сіміреді.

Жаппар менен жас жігіт бір бөлмені,
Есігінің ашықтығын көз көреді.
Екеуі сонда барып, Жаппар болса,
Есірткіні қалтасынан шығарады, береді.

«Әй, достым, бұны әркез қолданып бәрі жүреді,
Бір қолданса, ерекше рахат күйге бөленеді.
Мінекей, рас айтамын қолданып көр,
Қыз құсап майысудың жоқ керегі».

Жігіттің намысына тиді сөзі,
«Қыз құсап? Қайдағы қыз? Доғар сөзді.
Әкелші, рахатқа мен бөленейін,
Жұмайын бәріне де екі көзді».

Нашаны шегіп алып екі жігіт,
Тыпырлайды әрі жүріп, бері жүріп.
Жындының нақ өзіндей, екеуінің,
Тұрмағандай бұлардың көзі көріп.

Сол мезетте бір жас қыз кіріп келді,
Олардың әрекетін көріп білді.
Есікке шығайын деп беттеп еді,
Көзі шалды үстелдегі есірткіні.

Қатты қорқып, қыз жылап шығып кетті,
Билеп жатқан адамдарды жығып кетті.
«Не болды?» -деп, достары кіріп еді,
Есірткіні көріп бәрі селт етті.

Достары болған іске көп қайғырды,
Жігіт ше? Достарынан айырылды.
Жалғыз ұлы,тұңғышы, кенжесі ғой,
Көтере алмас ата-анасы мұндай мұңды.

Жігіттің бар болатын сүйген қызы,
Көркем айдай, әдемі, сұлу жүзі.
Нашақор жігітіне жоламастан,
Жігітті тастап кетті қыздың өзі.

Достары бұл жігітке көмектеспек,
Есірткіден құтыла алмай болып әлек.
Дегенімен, еш нәтиже шыға алмады,
Нәрсені жасады олар қолдан келмек.

Есірткі- бұл жігітті аздыртады,
Үйі жоқ, ата-анасыз тоздыртады.
Ақыры аяғында сұм есірткі,
Өз орын өз-өзіне қаздыртады.

Артында інісі жоқ, жалғастырып
Ата-анаға қамқор болар жалғыз тұрып.
Әттең-ай,ауруынан айықпады,
Көз жұмды есірткіден байғұс жігіт.

Мінекей, құтыла алмас есірткіден,
Маңына жолағандар есіріп бірден.
Ей, досым,бір-ақ ауыз айтар сөзім,
Аулақ жүр, заманның бұл кеселінен!

Автор: Saltanat Maratkyzy, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?