Қызыма, қызға туған күнге әдемі тілектер

Қызыма, қызға туған күнге әдемі тілектер

 Уақыт - ешкім тоқтата алмайтын алып кеме. Сол кеменің жүрісімен сен де өмір толқындарымен араласа, арпалыса, балалың шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.
Өмір шуағы мен дауылы, қайғысы мен сауығы, жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де, жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл. Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен, сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды, демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар. Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері коп болсын. Аңсаған арманына тек бакытпен жет.


Күннен күнге құлпырып, күмбезіңе нұр тұнып, асқарларға ұмтылып, армандарыңа сыр тұнып, мына өмірде аман-есен жүре бер.


Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,
Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.
Жаратқаным сыйлаған асылымысың,
Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.

Ханшайымым қылықты, тәттім менің,
Сен биіксің, асқақсың, Асылымсың!
Жаратқанның маған берген қымбат сыйы,
Бақытыңды көру ғой бар тілегім!

Тал шыбығым майысқан, гүлім менің!
Күндей болып, мына өмірде күлімдегін!
Тағдырыңның тармағында кездескен,
Толқыны мен сынына сүрінбегін!

Бал-шырыным балдайын, қызым менің,
Тілекшіңмін біткенше соңғы демім.
Болашағың кемелді болсыншы деп,
Жаратқаннан сұраймын күнім менің!

Дильназым,
_______ туылған күнің құтты болсын Жаным!
Алла саған жар болып, әрдайым жолың ашық, болашағың жарқын болсын! Алдыңа қойған мақсаттарыңа оңай әрі тез жете бер Жаным!!!


Пайдалы сілтемелер:


Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман–есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып  жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын.

«Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.


Мінсіз және әдемі, туған күніңмен! Сүйкімді және қалаулы бол. Сенің сиқырлы күлімсіреуің әрқашан бақытпен жарқырай берсін.


«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.


Қарап көріңіз:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 10
  1. Оқырман Азамат
    Оқырман Азамат 13.04.2022 16:52
    12 + 5 -
    Дым ұйқаспайды өлеңдер
    1. Қызыма тілек
      Қызыма тілек 13.04.2022 18:29
      34 + 22 -
      Жаным қызым, жарығым бақ-жұлдызым,
      Баға жетпес асылым сен құндызым.
      Құтты болсын бүгінгі туған күнің,
      Он жаспенен көріктенген жаным қызым.

      Сұлулана құлпырып баурап жанды,
      Күлім қағып қарсы аласың атар таңды.
      Жүзіңнен сенің күлкі кетпей бақытты бол,
      Болып жаным сәнді де, өмір мәнді.

      Биіктерді бағындырғын сен шаршаман,
      Арманыңа қол жеткіз сен аңсаған.
      Алла өзі жар болып, қолдап әркез,
      Бар жақсысын жіберсін қызым саған.
      1. Гулсара
        Гулсара 11.07.2022 07:02
        9 + 3 -
        Осыны қызыма қалай жіберсем болады
  2. Оқырман Гульнара
    21 + 13 -
    Қызғалдағым нәзігім, қызым менің,
    Ақ ұлпадай әдемі, жүзің сенің.
    Жаратқаным сыйлаған асылымысың,
    Қызыл гүлім сенсің деп түсінгенмін.

    Ханшайымым қылықты, тәттім менің,
    Сен биіксің, асқақсың, Асылымсың!
    Жаратқанның маған берген қымбат сыйы,
    Бақытыңды көру ғой бар тілегім!

    Тал шыбығым майысқан, гүлім менің!
    Күндей болып, мына өмірде күлімдегін!
    Тағдырыңның тармағында кездескен,
    Толқыны мен сынына сүрінбегін!

    Бал-шырыным балдайын, қызым менің,
    Тілекшіңмін біткенше соңғы демім.
    Болашағың кемелді болсыншы деп,
    Жаратқаннан сұраймын күнім менің!
  3. жүріп жүрген қызыма тілек
    9 + 4 -
    Мен сені туған күніңмен құттықтағым келеді және әрқашан бақытты болуынды тілеймін. Сенің сұлулығың саған қарап тұрған адамдарға ұнасын. Сүйкімді және нәзік бол!

    +++++++++++++++

    Мінсіз және әдемі, туған күніңмен! Сүйкімді және қалаулы бол. Сенің сиқырлы күлімсіреуің әрқашан бақытпен жарқырай берсін.

    +++++++++++++

    Туған күніңмен, сұлу. Сенің өмірін бақыт пен махаббатқа толы болсын, осы әлемге таңдан, бәрі жақсы болсын: жанын да мен ойларын да!

    -----------------------

    Әдемі, ерекше және жарқын, сенің туған күнің келді! Махаббат, қуаныш, жарқын эмоциялар жылы тілектерін қабыл ал. Сенің өмірің күн сайын бақыт әкелетін ерекше сапарға айналсын.
  4. туған күніңмен қызым
    29 + 14 -
    Туған күнің құтты болсын, жан қызым,
    Айшам менің еркелеген сəн қызым.
    Ата - анасын жетелейтін жұмаққа,
    Алтыннан да қымбат маған əр қызым.

    Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
    Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
    Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
    Орындалсын арман - ойың, тілегің.

    Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
    Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
    Иман нұры жүрегіңді толтырып,
    Тура жолмен жүре бергің, арайлым.

    Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
    Қуанышқа толы болсын əр күнің.
    Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
    Аман - есен көз алдымда жүре берші, алтыным.

    Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
    Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
    Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
    Ата - анаңнның саған деген тілегі сол.
  5. Әкесі
    Әкесі 20.04.2021 01:47
    15 + 11 -
    Қызым 4-жас туылған күнің құтты болсын,өмір деген алып кеме.Сол кеменің жүрісімен сенде өмір толқындарымен араласа,арпалыса,балалық шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.Өмір шуағы мен дауылы,қайғысы мен сауығы қатар,жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де,жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл.Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды,демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар.Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері көп болсын.Қызым сенің аңсаған арманыңа жетуіңе қолымнан келгенше тырысамын. Жаныыым қызым өмірде бақытты бол
  6. Оқырман Сауле
    Оқырман Сауле 12.02.2021 15:17
    4 + 7 -
    ,,ақыл _тозбайтын тон .білім -табылмайтын кен,, деген .қызым білімді ақылды өмірің ұзақ болсын! Балаларының жақсылығына қуана бер!
  7. Қызым
    Қызым 18.12.2020 14:37
    30 + 23 -
    Қызыма жақсы тілектер мықты ?
  8. Зангар
    Зангар 18.11.2020 22:02
    9 + 4 -
    қызға жақсы тілектер таптым