Нұрболат Жолдасбек (Көктемгі блюз)
Өкпелеме.Жылама,көкем,ертең,
Гүлге орайды көркіңді көктем ерке.
Құсым ең қиялымда көп көретін
Түсірген сені кімдер көктен ерте.
Тығылса деп алқызыл ұртыңа үміт,
Бір күні әлей,ай да аппақ,бір күні ұлы.
(Білем саған дәл мендей ынтық ымырт)
Ғалам кезген күлкіңнен түн түріліп
Кәрі аспанды сүйейсің қолтығынан,
Өзің білмей күтесің кімді күліп?
Жолымды күт! Мен бармын. Келемін мен,
Жалын жұтып нұр шашқан өлеңіммен.
Мен ымыртпын қызарған сені көріп
Сағынышпын қол үзген дерегіңнен.
Сендік жұпар бұрқырап бақтардан әр,
Сен тұрғанда қалмайды ақ таңда мән.
Сенің демің жел болып аймалайды
Хама ағамды оқиды жатқа маған.
Көлеңкеңмін...мен ылғи қасыңдамын,
Есімді алдың,жанылдым жасынға әрбір.
Қаңғып кеткен басымдай ғасырларды
Жасырғанмын! Мен сенің қасыңдамын.
Кезіктірмей біздерді қойса тегі,
Кетер ме ем Ғайсаға еріп.
Күңіреніп кем туған пірлі дала
...Кейін сенен қызғанса Айша мені.
Дегдар әлем дертімдей,шынарым – ай,
Күн ілініп бұлттың құлағына.
Махаббатым үшін де О,Ай,бүгін
Өтінемін кешірім сұра...
Құдай!
(Алладан басқа жоқ тәңір...)
Гүлге орайды көркіңді көктем ерке.
Құсым ең қиялымда көп көретін
Түсірген сені кімдер көктен ерте.
Тығылса деп алқызыл ұртыңа үміт,
Бір күні әлей,ай да аппақ,бір күні ұлы.
(Білем саған дәл мендей ынтық ымырт)
Ғалам кезген күлкіңнен түн түріліп
Кәрі аспанды сүйейсің қолтығынан,
Өзің білмей күтесің кімді күліп?
Жолымды күт! Мен бармын. Келемін мен,
Жалын жұтып нұр шашқан өлеңіммен.
Мен ымыртпын қызарған сені көріп
Сағынышпын қол үзген дерегіңнен.
Сендік жұпар бұрқырап бақтардан әр,
Сен тұрғанда қалмайды ақ таңда мән.
Сенің демің жел болып аймалайды
Хама ағамды оқиды жатқа маған.
Көлеңкеңмін...мен ылғи қасыңдамын,
Есімді алдың,жанылдым жасынға әрбір.
Қаңғып кеткен басымдай ғасырларды
Жасырғанмын! Мен сенің қасыңдамын.
Кезіктірмей біздерді қойса тегі,
Кетер ме ем Ғайсаға еріп.
Күңіреніп кем туған пірлі дала
...Кейін сенен қызғанса Айша мені.
Дегдар әлем дертімдей,шынарым – ай,
Күн ілініп бұлттың құлағына.
Махаббатым үшін де О,Ай,бүгін
Өтінемін кешірім сұра...
Құдай!
(Алладан басқа жоқ тәңір...)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?