Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді (фото, видео)

Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді (фото, видео)

Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Қарағайлы ауылдары маңыдағы өзендер арнасынан асып, лай көшкініне толды.

Су басу аймағында Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысының аймағы, Дружба және Ақжар ауылдары қалып қойды. Полиция оқиға орнын қоршауға алған. ІІМ және ІІМ ТЖК жеке құрамы, сонымен қатар ішкі әскердің әскери бөліміне дабыл қағылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, лай су Яссауи көшесінің бойымен Райымбек даңғылына қарай ағып жатыр.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары селге қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіруде.

“3:25. Эвакуация. Жанымызда сел жүріп жатыр. Мысығымыз бен аздаған құжаттарымызды алдық. Жағдай қорқыныштылау. Үлкен шуыл естіледі”, – деп жазды ais_sti есімімен тіркелген Instagram пайдаланушысы. amenovazulfiya_13 те ұқсас жағдайды баяндайды: “3:20. Түнде ояндық. Айқай-шу. Сел жүріп жатыр. Далада біртүрлі иіс шығуда. Батпақ. Бәріміз көлікке лезде мініп, көршілерімізді ояттық. Заттарды жинап үлгермедік. ТЖД көліктерін қозғауда. Бәрі немен бітері белгісіз. Алысқа кеттіп қалдық. 112-ге хабарласып, селдің қай жерге дейін жетуі мүмкін екенін сұрап біліңдер. Өзен деңгейі көтерілуде”.

Куәгерлердің хабары бойынша, қаладан шыға берісте “Алтын орда” базарының маңында көлік кептелісі пайда болған. Кей көшелерді ІІМ қызметкерлері жауып тастаған.



Алматының Наурызбай ауданында сел жүрді (фото, видео)

















Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?