Ана тілі | Аққұс туралы аңыз (3 сынып)
Шалқарбекова Жібек Шактаевна - бастауыш сынып мұғалімі.
Қарағанды қаласы,
№27 жалпы білім беретін орта мектеп.
Қарағанды қаласы,
№27 жалпы білім беретін орта мектеп.
Сабақтың тақырыбы: О.Бодықов - Аққұс туралы аңыз.
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың Білімділігі: Мәтіннің мазмұнын түсіндіру, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы кеңірек мағлұмат беру. Мәтіннің мазмұнын ашу.Әннің құдіреттілігін түсіндіру.
Сабақтың Дамытушылығы: Әр оқушының қабілетін, оцын, тілін дамыту. Сөздік қорын молайту, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың Тәрбиелілігі:Ұлттық өнерімізді сүюге, құрметтеуге үйрету. Ұлы таланттың өнерін бағалауға, ізгілік пен кішіпецілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, әңгімелесу,практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Қалдаяқовтың, О.Бодықовтың портреттері, презентация слайдтары, кітап көрмесі
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Психологиялық дайындық
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан.
Амансыз ба, қонақтар.
Амансыз ба, мұғалім!
Сәлем көрші, сәлемімді қабыл алшы,
Жабырқамай күлімдеші, тамаша күн бүгін деші.
3. Үй тапсырмасын тексеру. М.Сәрсеке «Рәсім»
1-сұрақ. Жас Қаныштың қандай әдеті бар еді, ол кімге келіп сәлем берді?
2- сұрақ. Қаныш пен Жаяу Мұсаның арасында қандай әңгіме болды?
3-сұрақ. Қаныштың қарт әншіге берген жауабы туралы не айтасың?
4- сұрақ. Имантай қарт Қанышқа неге риза болды?
5-сұрақ. Әңгіме неге «Рәсім» деп аталды?
4. Жаңа материалды меңгерту.
Оқушыларға сабақтың мақсаты түсіндіріледі. Слайд көрсетіледі.
Оқушыларға «Менің Қазақстаным» әуенін тыңдату.
-Әннің музыкасын жазған кім?(Ш.Қалдаяқов)
-Менің Қазақстаным-менің Әнұраным. Қазақ халқына мәңгі мұра болып қалған әуенге жаңаша сөзбен Елбасымызбен қосыла отырып, Әнұран жазылды. Болашаққа бағыт берген Шәмшінің әні- Тәуелсіздік әні.Желтоқсан көтерілісі кезінде де жастар осы әнмен шыққан болатын.
(Ш.Қалдаяқов туралы жазған шығарманың авторы О. Бодықовтың өмірбаянынан мағлұмат беру.)
5. О.Бодықовтың «Аққұс туралы аңыз» әңгімесіне тоқталамыз. Ендеше, осы мәтінді бөліктерге бөле отырып әңгімелейміз.
А) Шәмшінің талантының құндылығы.
Ә)Анадан естіген хикая.
Б) Аққұс әнінің құдіреті.
В) Қарақұстың ән әуеніне бас июі
(оқушылар өз пікірлерін осы бөлімдер бойынша айтады).
6. Алдын- ала дайындалған слайдтар көрсетіледі.
Сөздік жұмыс орындалады:
Тау мүлгіп-тау ұйқыға кетіп
Көл тынып-тыныш күйге еніп
Аспан егіледі-аспан жылағандай күйге түседі.
Сергіту сәті. Ш.Қалдаяқовтың әндерінен үзінді тыңдалады.
7.Оқулықпен жұмыс. «Шәмші» сөзжұмбағын шешу.
Сурет бойынша «Шәмші әнінің құдіреті»тақырыбына әңгіме құрау.
8.Сабақты қорытындылау.
-Әннің құдіреті деген сөзге қандай түсінік бере аласың?
-Мәтінге басқаша қандай ат қоюға болады?
-Шәмшінің қандай әндері бар?
9. Үйге тапсырма.
«Аққұстың қуанышты әні» тақырыбына сурет салу.
10.Бағалау. Күнделікпен жұмыс.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?