География | Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана

 География | Тіршіліктің  тірегі сен – Жер Ана

Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
ГКС-12 орта мектеб
География пәні мұғалімі
Бірмағанбетова Дәметкен Амантайқызы

Сабақтың тақырыбы: Тіршіліктің тірегі сен – Жер Ана
Мақсаты: Оқушылардың туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу.Табиғат тіршілік көзі екендігін, табиғи заңдылықтарды қатаң сақтау керектігін ,табиғат ананың құдіретін терең түсіндіру.
Көрнекілігі: Көрніс, мақал мәтел, тыйымдар, жұмбақтар
Жоспар:
1.Ұйымдастыру
2.Көрніс
3.Тыйымдар
4.Топтық тапсырмалар
5.Мақал мәтел
1.Көрініс:
Асан Қайғы:Жалғыз жүріп жалықпаймын іздеуден,
Іздеп өтем жерұйығын елімнің.
Барар жерім көп балса да дамылдап,
Уа жер ана, алайыншы амандасып өзіңмен
Армысың - асыл Ана,мен бір балаң
Исі қандай киелі топырағың.
Тіршілікті тал бесікше тербеген
Қарыздармын қасиетті Жерге мен
Жер Ана:Барша әлемді тербеген мен боламын –жер-Ана,
Таныстыршы өзіңді, боласың сен қай бала?
Асан Қайғы:Уа, ардақты Жер ана, бас иемін алдыңа,
Жерұйықты іздеген Асан Қайғы мен болам.
Жерана:Уа балам, көзің өткір, қарашы,
Қараңдайды қар сұлба алыстан.
Өзі асығыс сонша жадап жүдеген,
Бет алысы бізге қарай, Жөн сұрайық өзіңнен
Қорқыт ата:Жер ана, іздеп келем өзіңді мен,
Өлім мен қасіреттен қашып жүрген
Қорқыт деген мен болам.
Ұшқан құс, жүгірген аң- бәрі бітті,
Арнасынан тасыған суда бітті,
Сынақ пен жарылыстан көз ашпаған,
Қиылды қыршынынан қанша адам.
Жер-ана:Не дейді?Бұл сұмдық қой естілмеген,
Өз перзентім өзіме қол көтнрген.
Бетіме сонша таңба салатындай,
О,құдірет,қай ісімнен таптым екен?
Қорқыт ата:Налымашы,күйзелмещі,Жер ана,
Бәрін қайта келтіреміз орнына.
Асан Қайғы: «Ел жағалай қонбаса,бетегелі бел ғаріп
Қаз үйрегі болмаса,айдын шақар көл ғаріп»

Қорқыт ата: «Қара тауларың құламасын,саялы ағаш сынбасын,
қанаттарың қырқылмасын»
Қорқыт ата,Асан Қайғы сахнадан шығады.
Жер ана:О,адамдар!
Таза ауаны түтін менен құпаңдар,
Есірткінің есігін құлыптаңдар,
Хиросима тағдырын ұмытпаңдар.
Тыныш жатсын құстар да ұясында әр
Күрсінбесін қария,қастаспай достасып ақ
Барлығың да төсіме сиясыңдар!
Мұғалім:Қасиетті жер ананың бойындағы табиғат байлықтары жер бетінде бүкіл
адамға ортақ қазына.Жер,Табиғат,Отан,Атамекен деген ұғымдар бір бірімен үндес
әрі мағыналас.Ондықтан туған жеріміздің тамаша табиғатын сүйе білу,қорғай білу,
қастерлей білу-бәріміздің борышымыз.Табиғатымыз аман болсын! Табиғатты түсіне білейік!
Енді оқушылардың тақпақтарын тамашатайық.
1.Ойласақ табиғат пен адам егіз,
Жылдық сол мезгілінен өзге неміз?
Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,
Ал қоғамсыз табиғаттың өздік де өлі деңіз.
2.Табиғат егіз адаммен
Ұқсастық табам одан мен
Мәңгілік болсын егіздер.
Жер ана көңіл теңіздер
3.Табиғаттың бауырысың, досысың
Аянбау да керек шығар дос үшін
Екеуіңнен араңдағыц байланыс
Өмір бойы үзілмесін, қосылсын.
4.Табиғаттың құпиясы тұңғиық
Коз жетпейтін мұнарасы тым биік
Білген сайынсырын оның жүреміміз
Жүрктерге өшпес жалын нұр құйып.
5.Жерден асқан жомарт жоқ, тақсыр ұлы
Жақсылыққа жүз есе жақсылығы.
Түйір дәнге береді тұтас масақ
Анарда орман болсын бір шыбығы.
6.Қазақстаным-байтақ,далам пәк далам
Халқымның салмақ, сабырлығын сақтаған.
Өресі биік,-өрені жүйрік өлкенің
Қожасы болу-өшпес бақмаған.
Ән: Жасыл жайлау

3.Сөз жұмбақ
1Туған елдей----болмас
ж е р
е л
б і р л і к
ш а ғ а л а
к ү н
а й
2. Ер есімі--------есінде
3Тірлік,тірліктүбі-------------
4Теңізқұсы.
5Жерге ең жақын жұлдыз
6Жердің серігі

4. Пікір талас
Марат үйден шығып,мектепке сабаққа келе жатыр.Кенет жолдың шетінде бір торғай ұша алмай жатыр екен.Ол қасына жақындап барып,торғайды қолына көтеріп алды.Оның қанаты жараланып қалыпты.Марат торғайды алып қайтадан үйге келді. Ол торғайдың жарасын қайта таңып,алдына су,жем берді.Марат торғайға қамқор болып жүргенде,қоңырау соғылып,сабақ басталып кеткен кез еді.







1топ:(жақтаушы.)Оқушының білімалудағы басты міндеті-сабаққа кешікпеу,сабақтан қалмау. Марат торғайға қамқор болмай,сабаққа қалмай келу керек еді.Торғайға қамқорлықты сабақтан кейін бос уақытта жасау керек еді.
2топ:(даттаушы.)Құстар біздің қанатты достарымыз.Олар табиғат сақшылары.Құстарды қорғап күтсе ғана көбейеді.Сондықтан Марат торғайға қамқорлық жасап,табиғатты қорғауға оның ішінде құстарды аман есен алып қалуға өз үлесін қосты деп ойлаймыз.
5.Табиғаттың тоғыз емшісі
Енді сол табиғаттың тоғыз емшісін жұмбақтап айтар болсақ?
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Ол не?(күн)
2.Керегіңше әрқайсын
Сіміресің қанбайсын
Онсыз жерде он минут
Өмір сүре алмайсың.(ауа)
3.Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.(су)

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса,тіршілік тамам бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын
Көп болған соң ұмытамыз қадірін
4-табиғи тағам
5-ашығу
6-дене жаттығулар
7-бойды тік ұстау
8-демалыс
9-ақыл
6.Тыйым сөздер:
Құмырсқаның илеуін бұзғызбайды
Киелі құс деп аққуды атқызбайды,
Қарғысы қатты деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді.
Көктей соласың деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.
Обал болады деп егінді шалғынды бейуақыт бастырмайды.
Тырна жылы жақтан ұшып келсе жаз брлғаны.
Жыл құсы қаз қайтса күз болғаны.
Көкек келсе көктем келгені.
Сауысқан келіп шықылықтаса суық болады.
Жаз жауынды,күз жылы болса,қыс ұзақ болады.
Мысық жылы жерде паналаса аяз болады.
Аспанда жұлдыз көп болса , күн жылы болады.
Құрбақа бақылдаса көктем ерте түседі.
Құстар жоғары ұшса күн суытады.
Төмен ұшса күн жылы.

7.Табиғатқа байланысты мақал мәтел сайысы.
1.Көлдің көркі-құрақ,таудың көркі-бұлақ.
2.Туған жердің ауасы-шипа.
3.Туған жер алтын бесік.
4.Туған жердің ауасы да тәтті.
5.Су жүрген жер береке.
6.Емен жеген ер өлмес,емен жаңға дәрмен.
7.Орман көп болса,олжаң көп.
8.Өріске қарай мал өсер,өзіңе.
Бәрі:Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
7.Қорытынды:
Табиғат адамға қажет баға жетпес байлық.Сондықтан халқымыз «Табиғат-адамзаттың өмір нәрі,қажеттінің табылар содан бәрі»деген. Міне сондықтан біздің заманымызда табиғатты қорғау, оның байлығын, асыл қазынасын өте ұқыптылықпен, жаңашырлықпен орынды пайдалану керек.
Терме: Туған жер аясында
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?