Ақберен Елгезек (Тіміскілеп келеді мұң тағы да)

 Ақберен Елгезек (Тіміскілеп келеді мұң тағы да)

Келген кезде жаныма тағы да мұң,
Іштен тынып, мен сені сағынамын...
Ауамен де, әуенмен де, өлеңмен,
Мен өзіңе білдірмей агыламын...

Отырғанда шалқайып түн тағына,
Тіміскілеп келеді мұң тағы да.
Мен ағамын желменен, самалменен,
Шаштарыңа сәулелі гүл тағуға...

Дөңгеленіп, кішкентай шаңырақтай,
Мен өзіңе ағамын аруақтай.
Елесіңе жолығып, сыбырлаймын,
Ақ нұрымды маңайға жамыратпай...

Тілгілесе өксік пен мұң көмейді,
Жүрегімде нұр енді гүлдемейді.
Мен елес боп үн қатсам елесіңе,
Мені ол елемейді, үндемейді...

Көз алымда қалтырап тоңған өлең,
Қанатымен шақырар жолға неге?
Сағыныштан шаршадым, қалжырадым,
Жалығыпты байқасам, ол да менен...

Мен сіз жайлы не білемін сары қыз,
Сары елессіз, қазандағы сары күз.
Бір болмасын білсем дағы жанымыз,
Ашылмасын білсем дағы бағымыз,
Мен сіз жайлы ойланамын, наныңыз.

Сіз мен жайлы не білесіз сары нұр,
Сары әлемде қалтыраған сары гүл.
Сары күзде құлазыса өмір құр,
Сары күзде қырауланар көңіл бұл,
Мен сіз жайлы ойланамын бәрібір...

Біздер жайлы не біледі мына күз,
Тағдыр ма бұл, қандай еді кінәмыз?
Біздер жайлы қалған кезде бір аңыз.
Тәңір алды тартылады күнәміз...
Сонда біздер «сүйдік қой» деп жылармыз.

Біздер жайлы не біледі мына ел,
Мұнар таулар, өзен-көлдер, құба бел.
Сезіміңе мұңын ғана куәгер,
Сезіміме жырым ғана куәгер...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?