Абу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210)

 Абу-л-Қасым әл-Фараби (1130-1210)

Абу-л-Қасым әл-Фараби — ғалым, ойшыл адам болған. Отырар қаласында туған және сол жерде бастауыш білім алған. Кейіннен Яссы, Шаш, Самархан, Бұхара қалаларында өз білімін жалғастырады. Ол философия, логика, этика, тарих, география, астрономия ғылымдарынан терең білімі болған. Терең ойлар мен көзқарастар, іздену арқылы ол осы салада өзінің ең жоғарғы ой-тұжырымдарын қалдырды. Біздің заманымызға дейін ол кісінің мына еңбектері сақталып қалды: «Таза шындық», («Таза шындық»), «Пайғамбарлардың қасиеттері туралы әулиелер сөзі», «Уағыз үлгілері», («Образцы проповедей»).

Абу-л-Қасым әл-Фарабидің қолдан жазған еңбектері Үнді, Нидерланды, Түркия, Египет, Ватикан, Ресей және Өзбекстанда (Ташкент пен Петербургта шығыстану институттарында) сақталған. Рухани-психологиялық шығарма «Таза шындық» ғибратты үлгіде жазылған, қанатты сөздерге толы, ішкі мазмұны жағынан Қожа Ахмет Яссауидің «Хикметтерімен» және Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білік» дастандарымен бір қатарға қоюға болады.

«Таза шындық» — рухани тазалыққа, ізгілікке, әділдік пен адамдыққа үндейтін еңбек. Бұл еңбектің маңыздылығы, онда ислам оқуының 4 басты шарты түсіндіріледі: «мемлекеттің қарапайымдылығы, құдірет иесінің кешірімділігі, ашу кезіндегі ақыл, мүсіркеусіз қайырымдылық».


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?