Өзін-өзі тану | Қарым-қатынас мәдениеті, Әдептен озбайық (6 сынып)

 Өзін-өзі тану | Қарым-қатынас мәдениеті, Әдептен озбайық (6 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қарым-қатынас мәдениеті. Әдептен озбайық.
Ашық сабақ. Түрі: жаңа сабақ
Мақсаты: Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету,олардың әдеп,әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Сынып: 6Б.
Оқушы саны: 15.
Пән: Өзін- өзі тану

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
• Оқушыларға әдеп,әдеп сақтау туралы түсінік беру;
• Оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
• Оқушыларды ізетті,ілтипатты,сыпайы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: аудио(сабақ бойы Үкілі кәмшат» әнін қою), бейнероликтер(«Менің атым Қожа»үзінді, сергіту сәтіне), сурет қиындылары, слайд, интерактивті тақта, дәйексөз жазылған плакат.
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ(ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сыни тұрғыдан ойлау) , топтық жұмыс. Ойын технологиясы.
Шаттық шеңбері – Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.
Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.
Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!
Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...
Балалар: Сәлем!
Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...
Балалар: Сәлем!
Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...
Балалар: Сәлем!
Әңгімелесу
Берілген мәселені бірігіп талқылай отырып, басқа да адамдардың қалай ойлайтындығын түсінуге мүмкіндік туғызу мақсатында «Ойланайық, пікірлесейік» айдарында берілген төмендегі сұрақтар негізінде пікір алмасу ұйымдастырылады.
• Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?
• Әдептілік адамның іс-әрекетінде қалай көрініс табады?
Синонимдік, антонимдік тәсіл
Балаларға қарастырылып отырған құндылық туралы дайын ақпарат, білім бермей өз беттерінше түсінуіне, ұғынуына, анықтамасын шығаруға жетелеу мақсатында төмендегі тәсілдерді қолданамыз.
-Балалар, «Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік» деген сөздердің мағынасын ашу үшін антонимдік және синонимдік тәсілдер қолданайық.
Мысалы :
Синонимдік тәсіл: Әдеп, тәртіп, үлгілі, тәрбиелі
Антонимдік тәсіл : Әдепсіз, тәрбиесіз, өнегесіз т.б

Оқу ақпараты Оқушылар қарастырылып отырған құндылық туралы өз беттерінше қарастырып,талқылап,салыстырады.
Адамның айналамен қарым-қатынаста жағымды қасиеттерді мәдениеттілікпен көрсетье алуы әдептілікке әкеледі.
Әдептілікке елгезектік, тіл алғыштық, сыпайылық, көрегендік, инабаттылық, кішіпейілдік және басқа да жақсы, сүйкімді қылықтар жатады. Әдепті адам өзіне және өзгелерге, қоршаған ортаға түсіністікпен, сыйластықпен, құрметпен қарайды. Әдеп сақтау-адамгершіліктің белгісі.

Бейнематериалды көру:Қарастылылып отырған ұғымдарды шынайы өмірмен байланыстыру мақсатында «Менің атым Қожа» киносынан үзіндіні көрсетіп, талдау.
Қожаның қылығын қалай бағалайсыңдар?
Қожаға қандай кеңес берер едіңдер?
Сергіту сәті: Сергу, көңілді көтеру мақсатында: бейнероликтегі сергіту сәтін өткізу.
Топтық жұмыс: мозаикалық әдісті қолданып,екі топқа бөліну.Шыққан суреттің астында жазылған мақал-мәтелді жариялап оқу.
1 тапсырма: топтын атын қою
2 тапсырма: ұран ойлап табу
3 тапсырма: Жағдаяттарды топпен талдау
Оқушылардың күнделікті қарым-қатынаста, әр түрлі өмірлік жағдаяттарда оңтайлы шешімін өз беттерімен таба алауына ықпал жасау мақсатында өткізу.
Жағдаяттарды талдап, сұрақтарға жауап беріңіздер.
1 топ

2 топ



Ойын.
1. Ойын «Жалғастыр»
Оқушылардың дүниетанымдық қызығушылықтарын арттырып, іскерліктерін бекіту үшін қолданылады.
1 Топ:«Не істеуге болмайды?» Осы сөз тақтаға үлкен етіп жазылып көрсетіледі. Балалар кезекпен-кезек нтерактивті тақтаға жалғасын жазады.
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
2 Топ: «Не істеу керек?» (бұл да сол сияқты жүргізіледі)
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Тыныштық сәті
Орманға ойша серуен. Баяу әуен қойылады.
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл - пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
2. Ойын «Жақсы- жаман» Парталарыңыздың үстінде екі парақ қағаздың біріне адам бойындағы жаман қасиеттерді жазыңыздар. Екінші параққа адам бойындағы жақсы қасиеттерді жазасыздар.
Жазып болсақ, жаман қасиеттерді жазған қағаздарыңызды бүктеп қоямыз да ал жақсы қасиеттерді оқимыз.
Мұғалім: осы жаман қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жазған жағымсыз қасиетерді жыртып тастайық.
Балалар, енді әдептіліктің алтын ережелері туралы не айта аласыңдар?

Шығармашылық жұмыс. «Әдептілік ережелері»
Оқушылардың жеке қабілеттерін дамытып, оларды іздемпаздыққа жетелей мақсатында өткізу.
Мұғалім топтарға екі постер беріп,«Әдептілік ережелерін» құрау тапсырады.
Әдептілік ережелері
• Әдепті бала қашанда сәлемдеседі. Кезіккен адамдармен амандасады, көмегі және қамқорлығы үшін алғыс айтып, кетіп бара жатқанда қоштасуды ұмытпайды.
• Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайылық - айналаңдағы адамдарға өзіңді жағымды көрсету. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
• Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.
•Үлкендерді, ауру адамдарды, соқыр адамдарды көшеден өткізуге көмектеседі.

Дәйексөз
«Әдептілік, ар - ұят - адамдықтың белгісі...» деген халық мақалын сабақтың дәйексөзі ретінде балалармен бірге талдау.
Үйге тапсырма
Сабақта меңгерген білім, білік дағдыларын бекітіп, олардың өзіндік құзыреттілігін ұштай түсу мақсатында беріледі.
«Мен әдепті баламын» қысқаша әңгіме құрастыру.
Бағалау: сабақтың басында таратылған стикерлерге сабақтан не түйіп, не үйренгенің жаздыру. Жазғандарын жариялап, тақтаға ілу.

Жүректен - жүрекке.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып Ә.Дүйсенбиевтің «Не деу керек ?» өлеңін жалғастыру
1 . Анаң сенің базардан 2. Балалар жүр көшеде,
Алма сатып әкелді Естіледі айқай - щу
Ең үлкенің жақсысын Сен де шықтың көршіңді
Саған таңдап әперді . Қағып кеттің байқамай
Не деп барып жеу керек ? Не деу керек мұндайда ?
3 . Әжең сенің түскі асқа ,
Қанттарды салды мол
Әй – шәйі жоқ салдың қол
Мұндайда не деу керек ?
Мұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып «Мен әдепті баламын» А.Асылбековтің әнін салады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
№3 КҮРШІМ ГИМНАЗИЯ
Әдептен озбайық.
Өзін- өзі тану .6 «б»-сынып.
Ашық сабақ Өткізген: Маликова Н.Р
Күршім 2014 жыл



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?