Мұғалімнің ҰБТ –ге дайындық іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолы

Мұғалімнің ҰБТ –ге дайындық іс-әрекетінің тиімділігін арттырудың психологиялық жолы

«Көпір» жаттығуы
Мақсаты: біріккен педагогикалық ұжымды қалыптастыру, мұғалімдердің бір-бірін қолдау, көмек беру және вербальды емес құралдарды дамыту.
Қатысушылар шеңбер бойынша отырады, психолог диагонал бойынша ортадағы сызықты бормен сызады. Ойынның шартын былай түсіндіреді: «Елестетіңдер, бұл сызық – көпір. Астында өзен ағып жатыр. Көпірден бір адам ғана жүріп өте алады. Ойынның мақсаты: екі адам қарама-қарсы бағытта осы көпір бойымен өтуі тиіс. Кім жүріп өткісі келеді. Көпірден өтетіндер екі ұлт өкілі, сондықтан олар бір-бірінің тілін түсінбейді». Топтан екі адам шығады. Ойынның мақсаты талқыланбайды. Оларға бір минут уақыт беріледі.
Бұл жұмыстан соң мынадай мәселе талқыланады: ойын барысында бір-біріңізге көмектесуге тырыстыңыздар ма, жоқ әлде тек өзіңіздің мақсатыңыздың жүзеге асуын қаладыңыз ба? Оқушы қандай болса да онымен тіл табыса білу және сол ерекшелігімен қабылдай білу керек.
Келесі ережелерге сүйеніңіз:
*Баламен сөйлескенде әрқашан нақты жағдайлар мен әрекеттерді айтыңыз.
*Сіздің сөзіңіздің түбірінде сезім,эмоция,толғаныс болуы керек.
• Егер сіз баладан бір нәрсені талап етсеңіз проблеманы шешу жолындағы мүмкін әдістерді ұсыныңыз.
• Баланы сол қалпында қабылдай біліңіз.

Оқушы мен мұғалім арасындағы келіспеушілікті шешу жолдары.
1. Баламен қақтығысқа түскен кезде істі өршітпей тәрбие
жұмысын жалғастырыңыз
2. Оқушымен кеңес жүргізуге уақыт табыңыз.
3. Қиындықтан шығудың тиімді жолдарын ойластырыңыз.
4. Баланың арына тимеңіз, оның жағдайын түсінуге тырысыңыз.
5. Оқушымен әңгіме жүргізу кезінде оның намысын қорлауға, кемітуге,
дауысыңызды көтеруге жол бермеуге тырысыңыз.
6. Оқушыны түсінетініңізді сездіруге тырысыңыз.
7. Жазалау үшін білім бағасын төмендетпеңіз.
8. Оқушымен болған оқиғаны құпия сақтаңыз. Оқушының сыртынан
сөз айтсаңыз сенімнен айырылып, оны өзіңізден алыстатып аласыз
9. Балаға жүрек жылуын аямаңыз. Үнемі есімімен атаңыз

«Қалаймын – Істей аламын - Қажет» жаттығуы
Мақсаты: Мұғалімнің қажеттіліктеріне және өз армандарына сенімін бекіту және белсендіру, дүниетанымын кеңейту және дамыту, педагогикалық іс-әркеті стилінің жеке дара түрін табу.
Мұғалімдер тобын жарты шеңбер тәрізді етіп отырғызамыз, жарты шеңбер алдына екі орындық қоямыз. Ортаға қалаулары бойынша екі мұғалімді шығарып орындыққа отырғызамыз. Олардың біреуі – тыңдаушы, екіншісі – сөйлеуші болады. Соңғысы психолог ұсынған басы берілген үш сөйлемді аяқтайды. Мысалы, «Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін», «Мен өзімді сенімді сезіне аламын», «Мен өзімді сенімді сезінгім келеді».
Берілген сөйлемнің аяғы спонтанды және тікелей болуы маңызды. Адам не ойлағанын, есіне не түсіргені жайлы айтады. Одан кейін үш сөйлемнің қайсысы сенімдірек айтылғандығын, сөйлемнің қайсысында сөйлеушінің жеке-даралығы сезілгендігі жайлы талқылау жасаймыз.Алдымен бұл сұрақтарды тыңдаушыға қоямыз, осдан соң бүкіл топтан сұраймыз. Сөйлеушінің интонациясы, оның бет әлпетінің қимылы, жестіне және т.с.с. назар аударылады.

1.«Мен өзімді сенімді сезінуге міндеттімін»
2.«Мен өзімді сенімді сезіне аламын»,
3.«Мен өзімді сенімді сезінгім келеді».

Әдетте басым көпшілігі әйелдер болып келетін аудиторияда «Мен міндеттімін» принципі бойынша өмір сүретіндігі анықталады. Көбінде өз армандары мен қажеттіліктерін (мен қалаймын) жүзеге асыруға уақыты да, күш-қуаты да жетпейді. Психологтар жан саулығы мен оптимизмді сақтау үшін «өзіме арналған өмірге» азғантай болса да уақытын бөлу керектігіне сендіруге ұмтылады.
Негізі адам баласы нәтижелі жұмыс жасау үшін, қандай салада болмасын жемісті жетістіктерге жету үшін ең бірінші өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы қажет. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әйгілі дәрігер Н.М. Амосов өзінің «Раздумья о здоровье» атты кітабында денсаулық психологиясының негізгі принциптерін көрсетіп берген. Олар:
Көпшілік жағдайда аурудың қалыптасуына табиғат пен қоғам емес, адамның өзі кінәлі. Себебі ол өзінің жалқаулығы мен сараңдығынан, ал кей жағдайларда ақымақтығынан ауырады.
Медицинаға арқа сүйемеңіз. Ол көптеген ауруларды жақсы емдейді, дегенмен адамның денін толыққанды сау ете алмайды... Ал ең жақсысы: дәрігерлердің қолына түсіп қалудан қорқыңыз! Кейде олар адамның әлсіздігін пайдаланып, медицина ғылымының кереметтігіне көз жеткізуге тырысып және адамдарда жалған аурулардың бар екендігін айтып, шектен тыс төлемдердің қағазын беруі мүмкін.


Психологиялық шаршау және оны жеңу жолдары
Қазіргі таңда стресс түрлерінің біріне созылмалы шаршау синдромы жатады. Американдық ғалымдардың зерттеулері бойынша АҚШ-та 3-тен 10 млн-ға дейін адам осы синдроммен ауырады екен. Бұл аурудың негізгі себептері анықталмаған. Ғалымдардың жобалауында бұл ауру түрлі вирустардан немесе жағымсыз экологиялық жай-күйден болады деп болжайды. Дегенмен көптеген зерттеушілер синдромның негізінде шектен тыс организмге жасалған ауырлық, былайша айтқанда стресс жатыр деп есептейді.
Аталған ауру грипп сияқты болып басталады және оның түрлі симптомдары анықталған. Олар:
Физиологиялық деңгей:
аз мөлшерде дене қызуының көтерілуі;
тамақтың қышыуы және ауырсынуы;
шеке тамырлары мен қолтықтық тамырларының ұлғаюы;
бұлшық еттері мен сіңірлерінің ауруы;
ұйқының бұзылуы.
Психологиялық деңгей:
таусылмайтын шаршау және әлсіздік сезімі;
депрессия, өмірге деген құштарлықты жоғалту;
интеллектуалдық мүмкіндіктердің төмендеуі;
тез шаршау;
тітіркенушілік.
Әлеуметтік деңгей:
жұмысқа деген қызығушылық жоғалту және онда өзін тастау;
ұжымдағы қарым-қатынаста проблемалардың пайда болуы;
болашақтағы өмірлік жоспарлардың бұрмалануы;
қоғамдық өмірге деген қызығушылықтың төмендеуі.
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
Қатты стресс кезіндегі алғашқы көмек
Егер де біздер кенеттен стресс жағдайында болсақ (біреу ашуландырды, бастық ұрысты немесе үйдегілер жынымызға тиді), онда бізде қатты стресс күйі басталады. Алдымен жұдырықты түйіп адам өзіне қатты стрестің дамуын тез тоқтату үшін «Тоқта!» деген бұйрық беруі керек. Осы қатты стресс күйінен шығуға көмектесетін кейбір кеңестерді қарастырайық.
Стреске қарсы дем алу.
Мұрын арқылы терең тыныс алдуы баяу орындаңыз. Тыныс алудың ең шыңында демді ұстап, кейін демді мейлінше жәйлап шығарыңыз. Бұл тынышталдыратын тыныс алу. Әрбір терең дем алу және жағымды дем шығару арқылы Сіз стресс күйзелісінен біртіндеп арыласыз.
Минуттық релаксация.
Ауыз бұрышын босатыңыз, еріндерді сулаңыз. Иықты босатыңыз, өз бетіңіз бен дене күйіне мән беріңіз. Олар эмоциялар, ойдар, ішкі күйді бейнелейтінін ұмытпаңыз (Әрине, айналадағылар Сіздің стресс күйінде екендігіңізді білмеуі керек, бұл табиғи нәрсе).
Айналаға қарап сіз отырған бөлмені әбден зер салып қараңыз. Ең майда деген нәрселерге дейін. Оларды жақсы білсеңіз де, қараңыз. Жәймен ойша барлық заттарды бірінен соң бірін кезектестіріп қарастырыңыз. Осы құралдарға толық зеійн аударыңыз. Өзіңізге өзіңіз ойша айтыңыз: мысалы, «қоңыр стол, ақ перде, гүл үшін ваза,т.б.». Әр затқа зейін қою арқылы ішкі стресс күйзелісінен сәл ғана босайсыз.
Егер жағдай болса, қатты стресс болған бөлмеден кетіңіз. Ешкім жоқ бөлмеге ауысыңыз немесе ойыңызбен жалғыз қалатын, ешкім жоқ көшеге шығыңыз. Бұл бөлмені ойша сүйек-саяғына дейін талдаңыз (егер көшеге шықсаңыз, онда – үйлер, ағаштар,т.б. алдыңғы пункттегідей).
Аяқты иықпен қатарластырыңыз, алға еңкейіп, босаңсыңыз. Бас, иық, қолдар еркін түрде төмен түседі. Дем алу тыныш. Осы тұрыста 1-2 минутқа ұстап, кейін жәйлап басты көтеріңіз (бірақ бас айналмасын).
Қандай да бір іс-әрекетпен айналысыңыз: кір жуыңыз, үй жинаңыз. Бұл тәсілдің құпиясы қарапайым. Стресс жағдайында кез келген іс-әрекет, әсіресе ауыреңбек пен дене қиымылы көп пайдалы, ол ішкі күйзелістен ауысуға көмектеседі.
Сізге ұнайтын, тынышталдыратын музыка қосыңыз. Оны зер салып тыңдаңыз (локальды концентрация). Бір нәрсеге зейін шоғырландыру толық релаксацияны тудыра отырып, жағымды эмоцияларды қалыптастырады.
Калькулятор, қағаз және қарындаш алыңыз да, өмірде қанша күн өмір сүретініңізді толық жазыңыз, санды 365-ке көбейтіңіз, ең қуанышты күніңіздің мерзімін жазыңыз. Бұл күн Сіздің өміріңіздің нешінші күні болуы мүмкін? Есептеп көріңіз. Мұндай үнемді іс-әрекет өз зейініңізді ауыстыруға көмектеседі. Керісінше төлейтін төлемақылар мен қарыздарды есептеуден бас тартыңыз.
Кем дегенде аптасына бір рет Сізге зиянды деген нәрсемен шұғылданыңыз (мысалы, диетаны бұзу, тәтті жеңіз немесе ертерек жатыңыз).
ӨЗ өміріңізді талан-тараж етпеңіз. Егер де кейбір хаттар ашылмай қалса, телефон шалыстарына жауап берілмесе, өте жақсы деп ойлаңыз
Кейбір адамдар өміріңіздегі Сіздің сағат (тіпті күндеріңізді) ұрлайды, Сізге ұнамайтын істерді жасауға қинап, стресс тудырады).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?