Шымкент қаласы
Жоспар:
1. Кіріспе.
Шымкент – көне қала
2. Негізгі бөлім
1) Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
2) Шымкент қаласының көрікті орындары
3. Қорытынды
Шымкент «Үшінші қала» деген мәртебеге ие болды
1. Кіріспе.
Шымкент – көне қала
2. Негізгі бөлім
1) Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
2) Шымкент қаласының көрікті орындары
3. Қорытынды
Шымкент «Үшінші қала» деген мәртебеге ие болды
1.Кіріспе.
Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.
Оңтүстік Қазақстан зерттеушілерінің ойынша, Шымкентте отырықшылар ХІ-ХІІ ғ. пайда болған. Бірақ соңғы археологиялық деректер бойынша, Шымкентке VI-VII ғ. адамдар өмір сүрген деген негізді көрсетеді. Парсы тарихшысы Шараф ад-дин Али «Зафар Наме» кітабында Шымкент қала ретінде 1425 жылдары пайда болып, Ұлы Жібек жолымен қиылысқан. Шымкент қаласын ертедегі орта ғасырлық – Отырар, Исфиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Сүткент, Сығанақ, Сауран және тағы басқа аңызға айналған қалалар қоршаған. Шымкент - тарихи- мәдени қонақжайлық және индустриялық инфрақұрылымы туристік демалушылар үшін қызықтыратын аймақ болып қала бермек. Шымкенттің орталығында Ескі қалашық сақталып қалған, ол тек ғалымдардың ғана емес, сонымен қатар студенттердің, тарихшылардың, тіпті туристердің де қызығушылығын тудыруда.
Негізгі бөлім
Шымкент қаласының атауы қайдан шыққан?
Шымкент қаласы атауының шығу тарихы мен оның мағынасы әлі күнге дейін белгісіз. Бұл жұмбақтың жауабын белгілі зерттеуші-ғалымдар таба алмаған. Біреулер қала атауы «қала-бақ», «жасыл қала» десе, біреулер «жердің бет қабатымен қапталған қала» дейді. «Шым» сөзі жердің беткі қабаты, шымды қыртысы, ал «кент» қала, шаһар деген мағына береді. Кейбір зерттеуші-ғалымдардың пайымдауынша, «Шымкент» сөзі көне шығыс тілінен шыққан. Шығыс тіліндергі «чиминь» («чемень») деген сөздер «жасыл алқап», «көк жайлау» деген мағына береді.
1914 жылы Қазақ елінің Ресейдің құрамына енуінің 50 жылдық мерейтойы құрметіне орай, Шымкент қаласының атауы Черняев болып өзгертілген. Бірақ та, көп ұзамай 1921 жылы қалаға өз атауы қайта берілді.
Республиканың ең ірі аймақтарының бірі болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы шығысында – Жамбыл, солтүстігінде – Қарағанды, батысында – Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатыр. Облыс орталығы Шымкент қаласы – Оренбург-Ташкент және Түркістан-Сібір халықаралық көлік магистральдарының түйіскен жерінде орналасқан. Бұдан бөлек, Ташкент-Шымкент-Тараз-Алматы және Ташкент-Шымкент-Түркістан-Самара автомагистральдары арқылы ыңғайлы байланыс орнатылған. Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің миллионға жуық халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының қатарында. Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болған Шымқала Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие.
Қала аумағы - 300 шаршы шақырым жерді құрайды
Халқының саны - 627,5 мың адам
Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады.
2011 жылы қалада 353 өндірістік кәсіпорындар тіркелген.
Оның ішінде:
- ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындар саны – 74;
- шағын кәсіпорындар – 243;
- қосалқы кәсіпорындар - 36.
Шымкент қаласының көрікті орындары
Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді.
Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған. Бір саябақ Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония аясында орналасқан. Сондай-ақ, Абай атындағы демалыс және мәдениет саябағы, «Кең-баба» этнография саябағы, Дендро саябақ, зообақ, ипподром, «MegaCenter» ойын-сауық және сауда кешені, «Nimex Land», «Бамзик» ойын-сауық орталықтары қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалысы үшін үздіксіз қызмет көрсетеді.
Өнерсүйер қауым үшін Орыс Драма театрының есігі ашық. Театр сахналарында қазақ және шетел классиктерінің шығармаларының желісімен қойылған спектакльдер көрсетіледі.
2011 жылы Шымкент қаласында 353 өндірістік кәсіпорын тіркелген. Оның ішінде 74 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорын, 243 шағын кәсіпорын, 36 қосалқы кәсіпорын. Қалада көлік жасау, химия, кен өндіру, тағам т.б. өнеркәсіп орындары қарқынды даму үстінде.
3.Қорытынды
Шымкент «Үшінші қала» деген мәртебеге ие болды
Қала туралы роман, повесть, өлеңдер жазған Ф. Чирва, О. Посников, Ю. Кунгурцев, Хайкин сияқты тілі басқа болғанмен тілегі бір ақын-жазушыларды есіме түсірейік. Олар осы қаланың перзенттері еді. Шымкент қаласы туралы шығармалар жазған Ә.Жылқышиев, Н. Серәлиев, О. Малқаров, Н. Сүлейменов, Қ.Қазиев, Ж. Тұяқбаев, Қ. Төлеметов, Ә.Аймақ сияқты өмірден өткен талант иелерінің кітаптарын оқимыз... 1991 жылы жазушы Оралхан Бөкеев ақын Әбділдә Аймаққа: – Мынандай әсем қалада тұрып жатырсыңдар. Таулар мен бұлақтар қоршаған қаланы сирек кездестірдім! – деген еді. Әбділдә Аймақ көп кешікпей қалаға арнап өлең жазды. «Жібек жолы» журналы тұңғыш рет осы қалада жарық көрді. Редакторы Төрегелді Байтасов болатын. Шәмші Қалдаяқов атындағы ән фестивалі тұңғыш рет осы Шымкент қаласында өтті. Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов қаладағы Ж.Шанин атындағы драма театрында кездесу кешін өткізіп ел құрметіне бөленді...
2011 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық ірі қалалар мен астаналар ассамблеясы Шымкент қаласының басшылығына III халықаралық байқауының арнайы дипломымен марапаттап, «ТМД және ЕврАзЭС қалаларының ішіндегі ең үздік қала» атағына лайық деп таныды.
Шымкент қаласы жыл өткен сайын көркеюде. Сәулеті мен әлеуеті қатар дамыған көрікті де құт мекеннің аумағы үлкейіп, халық саны артты. Елордасы Астана мен әсем қала Алматыдан кейінгі «үшінші қала» деген мәртебеге ие болды.
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп өсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған.
Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй (Қаңлы) мемлекетін құра білді. Шымкент территориясында бірнеше елді мекендер болды. Олардың біразы қирағанмен, қазіргі автотұрақ территориясында, Шымкент фосфор зауытына жақын тұста және басқа да жерде табылғандарын мемлекет өз қорғауына алған.
Моңғол дәуірінен кейін Шымкент ірі қалаға айналған. Оның қалдықтары – ескі қаланың қамалы қаланың орталығында, жақсы сақталған. Қамалдың пішіні доға тәрізді, жер бедерінен 25 м биіктікке бой созған. Доға көлемі 30-45 м, бұрыш-бұрышында мұнаралар байқалады, кіреберіс қақпасы оңтүстік беттегі қабырғада. Бөлекше Сібір корпусының тәржімашысы Филипп Назаров бекіністі былай сипаттайды: «…Бадам өзені бойындағы (қала) биік дөңес басына салынып, жарқабақты биік қабырғасымен көмкеріп тұр. Қалаға өзен жағынан бір атпен ғана жүріп өтетіндей тар жолмен кіруден басқа амал жоқ. Су қалаға қабырғадан ойып жасалған терезешелерден кіріп, қала ішінен қазылған арналарды толтырады, бірқатарына су-диірмен орнатылған. Үйлері қытайлардікі тәрізді, күйдірілген қыш кірпіштен қаланып, терезесіз салынған. Неге екенін қайдам, үй ішіне жарық түсу үшін барлық жерде есіктері ашық тұрады». Қамал тұрған жерді қазғанда, екі құрылыс ашылған, олардың бірі – ХІХ ғасырға, ал екіншісі –ХVІІ-ХVІІІ ғасырға жатады. Табылған қыш ыдыстардың ХVІІІ-ХІХ ғасырға жатқызылуы да мүмкін. Шымкент қаласының нақ ортасында орналасқан бұл ежелгі қала қалдықтары әлі де зерттелуге тиіс. Жібек жолымен сапар шеккен туристер көрсін деп құрылыстардағы қалдықтар консервіленіп, музейлендіріліп қойылған.
Шымкент қаласы 1932 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, тұрғыны 526,1 адам (2006). Тұрғындарының саны, экономикасы және мәдени маңызы жағынан Алматы, Астана қалаларынан кейінгі республиканың үшінші қаласы. «Шымкент» сөзі (түрікше «шым» – алқап, қойнау, «кент» – иранша елді мекен) «Жасыл қала» деген мағынаны білдіреді.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?