Жүз
Қазақ елі үш жүз бола отырып, елдің тәуелсіздігін, Қазақ жерінің тұтастығын сақтап отырған. Ал осы «жүз» деген ұғым, осы сөз қайдан пайда болған деген сұраққа келсек, оның жауабын, әрине тарихи деректерден іздейміз.
1456 жылы Қазақ хандығы құрылып, көрші елдерге таныла бастайды. Алтын Орда, Ақ Орда, Дешті қыпшақ, Керей хандығы т.б. мемлекеттердің ұйытқысы болған туысқан тайпалардың көпшілігі Қазақ хандығының туы астына топтасты және оның аумағы кеңейді. Қазақ хандығына сол қазіргі Қазақстан аумағы түгел қарап, Қазақ тайпалары мен қырғыз, қарақалпақтар т.б. топтасып, 1560-1580 жылдарда Ақназар ханның қол астына кірді. «Жүз» ұғымы осы кезде пайда болды деушілер бар. Ал кейбір зерттеушілер «жүз» ұғымы бұған дейін пайда болып, Қазақ хандығы сол бөліністі сақтап қалды дейді. Қалай болғанда да, «Жүз» деп аталатын әкімшілік-аймақтық құрылым кең байтақ аймақты басқарудың және жаудан қорғаныс ұйымдастырудың тиімді жолы болып қалыптасқан.
Ата қонысы, шаруашылығы, туыстық қарым-қатынастары бір-біріне жақын тайпалар мен рулар Жүздік бөліністі құрады. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1715) хандықтың Жүздік құрылымы күшейіп, жергілікті билік пен орталық биліктің арақатынасы нақты айқындалды.
Қазақ халқы, негізінен, үш жүзден және рулар мен ұлыстардан тұрады. Үш жүздің ұраны – «Алаш». Ұлы жүзге қаңлы, сары үйсін, жалайыр, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, ысты, ошақты, шанышқылы тайпалары енеді. Олар Жетісу жерінде, Талас, Шу, Сырдария, Іле өзендерінің алқаптарында қоныстанған және б.з.д. Үйсін ордасынан бері бір-бірінен ажырамаған. Сондықтан да «Ұлы жүз – Үйсіндер» деген ұғым халықтың жадында берік орныққан.
Ал Орта жүзге арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ тайпалары енеді. Олар, негізінен, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан, тіпті Оңтүстік Қазақстанның Сырдария өзенінің тұсын мекендеген. Жүздердің ішіндегі жері кең және арғын тайпасы көп болғандықтан, бұл жүз «Орта жүз – арғындар» деп аталып кеткен.
Кіші жүзге байұлы (12 ата), әлімұлы (6 ата), жетіру (7 ата бірлестігі) кіреді. Олар Батыс Қазақстан өңірін, Еділ, Жайық, Торғай, Тобыл, өзендерінің атырабын, Маңғыстауды, Каспий, Арал теңізі жағалауларын, Сырдария өзенінің төменгі ағысын мекендеген. Ел аузында оларды Алшыннан тараған деп айтатындықтан, «Кіші жүз – Алшын» деген ұғым қалыптасқан.
Қазақ хандығының аймақтық тұрғыдан үш жүзге бөлінуі халықтың ынтымақтастығы мен біртұтастығын, қауіпсіздігін сақтаған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?