Алмас Темірбай (Кек)
Мен – кісінің кейпіндегі бүркітпін,
Түлететін түйсігімді түртіп Түн.
Көлбей ұшып, зәре-құтын қашырып,
Көлеңкеммен көкжалдарды үркіттім...
Қоңданғам жоқ қоң етін жеп қоянның,
Тіршілікте өлексеге тояр кім?!
Томағалы басымды ұрып тұғырға,
Тоят тілеп, түнде шошып ояндым...
Қарқ-қарқ етіп қарға ұшқанда басымнан,
Өкінгенмін, өстіп талай басылғам.
Кім айтады тұқымы деп қыранның,
Күдер үздім күйкентай мен лашыннан...
Алпыс екі айласы бар құмар аң,
Сәтін салса, кете алмассың сірә, аман.
Түлкі-заман құтырып қал, құтырып,
Қан сорпаңды қансонарда шығарам!
Сегіз найзам тас төбеден шаншылып,
Сегізкөзден бу бұрқырап, қан шығып.
Жаны шықпай, дір-дір етіп дұшпаным
Жатса деп ем астымда бір жаншылып...
Мен – келегей қара бұлттай сұсты едім,
Тұлып болды-ау түйіліп кеп түскенім.
…Ұшыр мені үстінен бір дүниенің
Құдай дейтін құдіретті құсбегім!!!
Түлететін түйсігімді түртіп Түн.
Көлбей ұшып, зәре-құтын қашырып,
Көлеңкеммен көкжалдарды үркіттім...
Қоңданғам жоқ қоң етін жеп қоянның,
Тіршілікте өлексеге тояр кім?!
Томағалы басымды ұрып тұғырға,
Тоят тілеп, түнде шошып ояндым...
Қарқ-қарқ етіп қарға ұшқанда басымнан,
Өкінгенмін, өстіп талай басылғам.
Кім айтады тұқымы деп қыранның,
Күдер үздім күйкентай мен лашыннан...
Алпыс екі айласы бар құмар аң,
Сәтін салса, кете алмассың сірә, аман.
Түлкі-заман құтырып қал, құтырып,
Қан сорпаңды қансонарда шығарам!
Сегіз найзам тас төбеден шаншылып,
Сегізкөзден бу бұрқырап, қан шығып.
Жаны шықпай, дір-дір етіп дұшпаным
Жатса деп ем астымда бір жаншылып...
Мен – келегей қара бұлттай сұсты едім,
Тұлып болды-ау түйіліп кеп түскенім.
…Ұшыр мені үстінен бір дүниенің
Құдай дейтін құдіретті құсбегім!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?