Білге қаған (шамамен 681 – 734)

 Білге қаған (шамамен 681 – 734)

Білге – Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған қоздырған тайпаластар арасындағы соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ақылгөй, әрі қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындады. Осылай билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. «Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады». Бірақ ол құт-береке өздігінен оп-оңай келмеп еді. «Жалаңаш халықты тоңды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым… Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп-жітіп, жаяу-жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын айла-ақылмен, бірқатарын әскери күшпен қиратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қидан, татабы халықтарына қарсы, бербері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», — Дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).

Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 жылы тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер тыныс тапты. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанды. Сөйтіп, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Яштар түмен қарлұқтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қол астына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.

Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өзді-өзіне келу үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр», — деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «Ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. қытайларды талқандады.

Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қатынас орнатты. Бірақ қытайлықтар мұны онша құптамады. Сөйте тұра мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге халқын 722–741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясаты арқасында орнады.

722 ж. кездесуде Сюанцун үлкен қошамет көрсеткен Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтірді.

Білге өлер алдында оны дарға асып, тұқымымен құртып жіберуге бұйрық береді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығтегін отырды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?