Жанқиярлық пен жанкүйерлік немесе қазақ елін "кіші жүзсіз" елестетіп көр..

Жанқиярлық пен жанкүйерлік немесе қазақ елін "кіші жүзсіз" елестетіп көр..

Оу Қазеке, ашуыңды бас! - дегім-ақ келді сол уақта.. Дегенмен,жағдайды ушықтырмай, мәселенің саябырлауын тостым. Енді ғана көзім жеткендей болды. Сіздер де құлақ түре отырыңыздар.

Ары-бері жаңалық ақтарып, әлем елдерінен титықтап жиған саясатымыз ұшты-күйлі мансұқ етіліп, төбелі төңкеріс беретін түрі бар сықылды. Оны мен сәл бұрынырақ сезіп ем. Белгілі саясаткер Айдос Сарым ағамыздың сөзімен айтқанда : "Әліптің артын бағу керек пе, әлде кеңесарылыққа дайындалуымыз тиіс пе?" Түсінген адам - түсінді. Мұнымен не айтпақпын? Бастарыңызды қатырмай әлқиссадан бастайын.

Соңғы кездері Қазақстандық БАҚ өкілдеріне аздап ренжігім кеп жүр. Сондағысы футбол жанкүйерлері арасында туындаған кикілжіңді "жүзге бөлінді, елге бөлінді" деп ушықтырып жібергені несі? Онымен қоймай жұрт назарына іліктіру үшін әлеуметтік желілер мен жаңалықтар арнасынан жиілеп көрсеткенінен де мағлұмбыз. Бұдан кейін әлгіден хабардар болған ел-жұрттың әңгімесі де осы турасында өрбіді.

- Мінекейіңіз мырзам, қазақты бөліп жіберетін дәмді тағамнан алып отырыңыз! - деген секілді көрінді өзіме. Онсызда шыдамының шылбырауы босап, қыл үстінде жүрген халықты даурықтырды-ай кеп.. Бөлінбеген Кіші жүзді - бөлінді деп жаман атты қып отыр. Білмесеңіздер, мен айтайын. Мен - Шымкенттің арғынымын . Байқасаңыздар, Кіші жүз халқына айтарлықтай туыстық қарым-қатынасым жоқ . Дегенмен, қазағыма дені батыр ұрпақ алып келген батыс өңірін ерекше атап өткім келед.. Ол - бөлектеген емес, мақтану. Кіші жүз халқы - батыр жұрт ! Өтірік пе? Махамбет пен Исатай бабаларымыздың есімін пайдаланғанда бәлеміз, ал футбол жанкүйерлері өздерін ата-баба салттарымен рухтандырғанына қарап неге қиғылық салуымыз керек? Шынтуайтында, бізде бөлінетіндер - Кіші жүздер емес. Біздің қазақ - таза қазақ пен шала қазақ, хәнафи қазағы мен сәләфи қазақ, адай қазағы мен найман қазақ, жергілікті және оралман, Шымкенттік қазақ пен Шымкентсіз қазақ,ал натурал қазақ пен көгілдір қазақ, азғын қазақ пен арғын қазақ дейді. Бітті. Кез-келген отырыста әңгімеңізді осы тақырыпқа ауытқытып көріңізші.. "Вешір" соңына дейін бірен-саран ғана қазақ қалары анық. Өйте берсе бұл қазанға үш жүздің де басы сыймай қалады. Оның бәрі неден? Бөлінуді тудыратын факторлардан, яғни ақпарат көздерінен !

Қай аумақ пен қай жүз болса да, менің бауырымдай болсын! Бір қазақ емеспіз бе?! Қол беріп, өз қазағымызды демеп жүрейік! Онсыз да көз алартып жүрген көршіліреміз артылып-ақ жатыр.. Украинаның күнін бермесін, Аллам!

© Сағым Матқали

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?