Ораза туралы 5 аңыз

Ораза туралы 5 аңыз

Ораза кезінде адамға психоэмоционалды, рухани және сарапшы қолдауы қажет. Алғаш ниеттенген адамдарда оразаны қалай дұрыс ұстау керектігі, ораза кезінде және одан кейін қандай сезімде болатындығы туралы сұрақтар туындауы мүмкін. Қалыптасқан әртүрлі аңыздарды ысырып тастап, кәсіби мамандардан жауап алған дұрыс. Осы орайда Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы Алмагүл Ержекеновамен әңгімелескен едік.

№ 1 аңыз: Артық салмақтан арылтады

Алмагүл ханым, ораза арықтауға кері әсер етпей ме? Суды аз пайдалану, түнде тамақ ішу қалай арықтатады?

Дұрыс айтасыз. Ораза мен диетаның ешқандай байланысы жоқ. Ораза ұстау мүлдем басқа нәрсе, оны диета ұстаумен тең көру дұрыс емес. Күнделікті тамақтану режимінің ауысуы, ауыз ашар кезіндегі калориясы көп, тойымды тамақтар арықтауға емес, зат алмасу процесінің баяулауына алып келеді. Адам ұзақ ашыққан кезде (бастапқыда 20 сағаттан асады) ағзада «қорғаныш механизмі» іске қосылып, аз калория жұмсауға тырысады. Нәтижесінде «үнемделген» калориялар майлы тіндерге айналады. Сонымен қатар, күніне 2 литр су ішуге үйреніп қалған ағза уақытылы су қабылдамайды.

Ораза туралы 5 аңыз



Дегенмен, кейбір адамдар салмақ тастауы мүмкін ғой?

Иә, ораза кезінде дене салмағы азаюы мүмкін. Ол асқазан мен ішектің тазаруы, сұйықтықтың азаюынан болады. Ораза аяқталған соң қарсы әсер етіп, қайтадан салмақ қосуы әбден мүмкін.

№ 2 аңыз: Ауыз ашарда тойып тамақтанып, сәресін ішпеу

Ауыз ашарда жеткілікті тамақтанған соң, сәресін ішпейтін адамдар болады. Ертесіне ауыз ашарда қайтадан тойып тамақтануы мүмкін. Диетолог ретінде бұған қалай қарайсыз?

Әсересе түнде мұндай тәсіл асқорытуға қиын. Сәресін өткізіп жіберу күш-қуатты төмендетеді. Сонымен қатар ми мен ағзаның белсенділігін азайтады. Нәтижесінде еңбекке құлшынысы жоғалады, есте сақтауы нашарлайды, ұйқышылдыққа, сылбырлыққа алып келеді.






Ал, таңғы асты ішпейтін , тәбеті жоқ адамдар ше?

Өзіңізді мәжбүрлеп таңғы ас ішу керек. Онсызда ораза уақытында ағзада микроэлементтер азаяды. Тойымды тағамның орнын нәрлі коктейльмен ауыстыруға болады. Herbalife Nutrition-нің Формуласы 1 протеинді коктейлін ұсынамын. Оның құрамында 20 түрлі дәрумен мен минерал бар. Артық калориясыз және ұзақ уақыт бойы тойымдылық сезімін береді. Ең бастысы жасуша құрайтын материал – ақуызға бай. Бір сөзбен айтқанда демде дайындалатын, тағам орнын басатын коктейль.

№ 3 аңыз: Ораза кезінде физикалық белсенділікті шектеу керек.

Зат алмасу процессі төмендемес үшін мүмкіндігінше қозғалыста болу керек деп жатады. Сол қаншалықты дұрыс?

Бұл жерде «Бастадың ба, тастама. Тастайтын болсаң, бастама» деген қарапайым ереже бар. Спортшылар үшін үнемі физикалық қозғалыста болу өте маңызды. Себебі олар қалыптасқан формасын өзгертпеуі керек. Дегенмен, Рамазан айында өзіңізге көп салмақ түсірмеген абзал.






Нәрсіз, сусыз қалыптасқан режиммен айналысу қиынға соғады ғой?

Физикалық белсенді адамдар мен спортшылар жаттығуды 30%-ға азайтуы керек. Бұл дене пішінін жоғалтпау үшін және өз қалпына тез оралу үшін жеткілікті.

№ 4 аңыз: Ораза кезіндегі аштық ағзаға зиян

Аралық ашығудың қағидалары бар ма? Аралық ашығу мен оразаның қандай ұқсастықтары бар?

Диетологтардың пікірінше ораза мен аралық ашығу бірдей. Оның артықшылықтарын растайтын бірнеше зерттеулер бар. Аштық аутофагия белсенділігін арттыруға көмектеседі және артық жасушаларды жұтып қояды. Ораза кезінде бағаналық жасушалар саны артады, ішек микрофлорасы қалпына келеді, ішкі қабыну процестері басылады, гормоналды теңгерім қалпына түседі, инсулин мен қан глюкозасының деңгейі жоғарылайды. Дегенмен, бұл процесстер барлық адамда бірдей емес. Сол үшін рамазан айының алдында толық тексерістен өткен жөн деп есептеймін. Сонда ғана ораза ұстауға толықтай жарамды екеніңізді анықтай аласыз.






№ 5 аңыз: Ауыз ашар мен сәресі кезінде бірден тамақтану керек

Оқырмандарымызға ораза кезінде дұрыс тамақтану туралы кеңестеріңізді айта кетсеңіз. Оянғаннан кейін бірден тамақтануға бола ма, әлде сәл кідіріс жасаған дұрыс па?

Мен барлығын ақылға салғанды жөн көремін. Сәресі мезгілі аяқталарға жақын қалғанда барып тамақтану керек. Оянған соң көбірек су ішіңіз. Егер суға Herbalife Nutrition ұсынған алоэ өсімдік суын қосып ішсеңіз, асқазан-ішек жолының қызметін жақсартуға көмектеседі. Сондай-ақ, Herbalife Nutrition–нің көк шәй мен қара шәйдің сығындылары қосылған шөпті сусынын пайдалансаңыз жақсы әлдендіреді. 30 минут өткен соң таңғы ас ішуге болады. Оған қоса сәресі соңында Herbalife Nutrition белгісінің Формула 1 протеинді коктейльін ішуге болады






Ал, кешкілік ауыз ашарда қарама-қарсы әрекет етіңіз. Яғни, ертерек тамақтаныңыз. Дегенмен, асықпағаныңыз жөн. Тамақтанардан 15-30 минут бұрын 1-2 стакан суға Herbalife Nutrition ұсынған алоэ негізінде жасалған өсімдік сусынын қосып ішіңіз. Әрі қарай, құрамында ақуызы бар тағамдар пайдаланыңыз. Мысалы, балық, құс еті, тартылған ет. Гарнирге бұқиырылған көкөністер жарайды. Жемістер мен тәттілерді кейінге қалдырған жөн. Макронутриенттердің тепе-теңдігін сақтау үшін Herbalife Nutrition ұсынған Формула 1 протеинді кешкі коктейльін ұсынамын. Тәттілердің құрамындағы көмірсулардың орнына күн мен түн циклдарын реттейтін L-триптофан көректік жиынтығын аласыз. Менің тұтынушыларым коктейльді салқын түрде ішуді дұрыс деп есептейді. Ал, кейбіреулері одан дәмді көміш дайындайды.




Herbalife Nutrition ұсынған өнімдер ораза кезінде ас мөлшерін тұрақтандыруға көмектеседі ме?

Рамазан айының барлық кезеңін теңгерімді тамақтану ережелеріне сай өткізуді ұсынар едім. Көп мөлшердегі қант пен тұздан, газдалған сусындардан, дәмдеуіштер мен тұздықтардан, маринадтардан бас тартуға кеңес беремін. Ораза кезінде ағза дәрумендер мен минералдарды қажет етеді. Дұрыс тамақтаныңыз, өзіңізге және ағзаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз.

Алмагүл ЕРЖЕКЕНОВА
Herbalife Nutrition компаниясының тамақтану жөніндегі сарапшысы

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?