Бір дәрігердің басынан өткен оқиғасы


Біраз жыл бұрын емханаға ауыр халдегі бір қыз түсті. Өмірін сақтап қалудың бір ғана амалы болды. Ол 5 жасар інісінен жедел қан құю еді. Кішкентай бала бұрын дәл осындай аурумен ауырып өлім аузынан қалған болатын және қанында бұл аурудың микроптарын жоятын антиденелер пайда болған еді.
  Оған ол түсінетіндей тілмен жағдайды түсіндірдім және әпкесіне қанын беретінін әлде бермейтінін сұрадым. Кішкентай бала бір мезет үнсіз тұрып ойланды. Кейін терең дем алып “Егер әпкем бұл ауруынан жазылатын болса, мен қанымды қуана қуана беремін” деді.
  Қан құйып жатқанда әпкесінің көздеріне қарап күлімдеп жатты. Қыздың беттерінен қан жүгіріп бозарған түсі қалпына келе бастады. Ал кішкентай баланың жүзі барған сайын солып күлімдеуі де азайып қала берді. Дірілдеген үнмен менен сұрады:
- Дәрігер ағай, әпкем тұрмай жатып, оның жазылғанын көрмей жатып өлемін ба мен?
   Сөйтсем бұл бала қанын бергенде әпкесі тірі қалып, өзі өлетінін ойлаған екен.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу