Бөгенбайұлы Кемпірбай (1834 - 1895)

 Бөгенбайұлы Кемпірбай (1834 - 1895)

Кемпірбай Бөгенбайұлы 1834 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында туылып, 1895 жылы қайтыс болған. Оның әйгілі ақындар Шөже Тезекбай Әсет, Жәмшібаймен айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналды. Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының дәстүрінде өтеді.

Бұл айтыс алғаш «Таң» журналының бірінші санында (Семей, 1925ж), С. Сейфуллин құрастырған «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» жинағында (А., 1931ж), кейін халық ақындарының айтыс жинақтарында (1939, 1948, 1965ж. т. б) жарияланды.

Әсет ақынның Кемпірбай ауырып жатқанда көңілін сұрай келіп айтқан өлеңі, оған Кемпірбайдың қайтарған жауабы- көркемдік жағынан қазақ фольклорнының тамаша үлгілерінің бірі:

Бөгембай-әкем аты, мен- Кемпірбай
Өзге ақын мен сөйлесем, тұрар былай.
Талабым тәңір берген таудан үлкен
Алмаса өз бақытын қайтып құдай.
Едігедей, Арқалықпен малыма жай,
Арда емген құлыннан жабағы, тай
Ағайын қайыр берсең өзіме бер,
Кенже ұлы кедейліктің мен Кемпірбай
Бөгембай-әкем аты, Кемпір едім,
Өлеңді кәсіп қылып тентіредім.
Дауысымның келмейтұғын мәнісі сол,
Бақырдан «ұрлық» етін жеңкіредім.

Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады:

Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай,
Науқасқа шипа берсін патша, құдай.
Аспанға айнала ұшқан ақ сұңқарым,
Кез келіп жайған торға бопсың мұндай.
Науқастың меңдеу тартты дегеннен соң,
Жылдам бәйіт айтып үш күн ұдай.
Дауысым танимысың, атым-Әсет,
Мен келдім әдейі іздеп көңіл сұрай.
Япырау, жауап қатпай кеткенің бе,
Алғашқы атың шыққан қыраным-ай?!

Кемпірбай:

Көңілді Әсет келді көтергелі,
Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі.
Артыма бір ауыз сөз тастайын,
Басымды жастықпенен көтер бері!
Өлсем де «Көк кептерге» бір соғайын,
Қу тақтай екі шекті әпер бері
Аузыма айырларда сөз салмасаң,
Қонғаның, өлең шіркін, бекер ме еді?
Ал енді шіркін көмей былпылдасын,
Сөзімді әшиесіз кім тыңдасын,
Ішінде арғын, найман салдым айғай
Не қылып, шіркін көмей, жыртылмасын,
Мойынға әзірейіл салса құрық
Білемін ғазиз жанның құтылмасын.
Кемпірбай бұл дүниеден көшіп кетсе.
Білемін енді өзімді ұл тумасын.
Сырған қынабынан наркескендей,
Әр жерден қызыл тілім қылтылдасын
Көңілімді Әсет сұрап келгенінде,
Шаба алмай кәрі тарлан сылпылдасын.

Әсетжан, осы аурудан өлем білем,
Алланың аманатын берем білем.
Кеудемнен көкала үйрек «қош» деп ұшты,
Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем.

Әсетжан, осы ауру қоймас білем,
Алланың әмірі екі болмас білем.
Қамығып «хош» деп жылдар ұшып кетті,
Осы өлең Серкебайға қонбас білем.

Сәлем айт, Арқадағы хан-қараға,
Қара Ертіс, Қарқаралы жандараға.
Ағытай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,
Қараөткел таныс едім екі араға.
Семейде топырағым болар білем,
Кемпірбай дұға қылсын бейшараға.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?