Джон Рокфеллердің бизнестегі 12 ұстанымы
Адамзат тарихында ең бай адам Джон Рокфеллер болып саналады. Оның байлығын бүгінгі бағамен есептесек ол 200 млрд. долларды құрар еді. Қомақты сома. Бұл дегеніңіз бүкіл Қазақстанның 2012 жылғы жалпы ішкі өніміме пара-пар. Рокфеллер еңбек қызметін қарапайым есепшіден бастап, 1916 жылғы 29 қыркүйекте алғашқы долларлық миллиардер атанды.
Бизнеспен айналысу барысында Джон Рокфеллер өзінің белгілі бір ұстанымдарына берік болды. Бұл қағидаттар байлығын сақтап қана қоймай, оны көбейтуге септігін тигізді.
Ендеше Рокфеллердің ұстанымдарымен танысайық:
1. Басқа біреуге аз жұмыс істе. Неғұрлым өзіңе көп жұмыс жасамасаң, соғұрлым нашар өмір сүресің.
2. Ақшаны үнемде. Тауарды арзан және көтермелеп сатып алатын жер ізде. Сатып алынатын заттардың тізімін алдын ала жоспарла және тізімде барын ғана ал.
3. Егер сенде ақша аз болса, кәсіп жаса. Егер мүлдем ақша жоқ болса – дереу жаса! Дәл қазір!
4. Мол байлыққа пассив табыс арқылы ғана жетуге болады. Ол – сенің күш-жігеріңе қарамастан келетін табыс. Пассив табыс көзін тап та, рахаттана өмір сүр.
5. Айына ең кемі 50 000 доллар табуды ойлан. Көп болса да жақсы. Бірақ одан кем емес!
6. Ақша басқа адамдар арқылы келеді. Адамдармен аралас. Араласпайтын адамдардың бай болуы сирек жағдай.
7. Әрқашан жеңімпаз және оптимист адамдармен араласу керек. Иә, дәл солай, жеңімпаздар мен оптимистер!
8. Кедейшілік жауапкершіліктен қашқанда пайда болады. Сыныққа сылтау іздеме, өз мақсатыңа жету үшін неге осы қазірден бастап қимылдамайсың?
9. Әлемнің ең бай адамдарының өмірбаяндары мен ойларын зертте.
10. Арман – сенің өміріңдегі ең маңызды нәрсе. Арманыңды кәсіби бизнес-жоспарларға айналдырып, оларды толық нәтижеге дейін жүзеге асыр!
11. Адамдарға риясыз, шын жүректен жәрдем ет. Тек өзің қалағандарға. Пайдаңның 10 пайызын қайырымдылыққа жұмса.
12. Бизнес-жүйелерді жаса және тапқан ақшаңа рахаттан.
Әлемнің ең бай адамы туралы Аллан Невинстің «Джон Рокфеллер. Өнеркәсіпші және филантроп (қайырымдылық қызметпен айналысушы адам)» атты кітабынан оқи аласыздар. Бұл кітап бүкіл адамзат тарихына зор ықпал еткен тұлға туралы сыр шертеді.

Автор: Мұрат Балабай, дереккөзі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?